Материалдар / Ашық сабақ Допты игеру техникасының негізгі элементтерін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Допты игеру техникасының негізгі элементтерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Допты игеру техникасының негізгі элементтерін дамыту. Баскетбол. 6 класс Ойын арқылы дағдыларды жақсарту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
404
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Сабақ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сүйесін Айбат

Сынып:

қатысқандар: Қатыспағандар:

Бөлім №7

Ойын арқылы дағдыларды жақсарту.

Оқу мақсаты:

6.3.4.4 Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық қауіпсіздік техникасын, нормалары мен ережелерін түсіне білу.

Сабақтың тақырыбы:

Допты игеру техникасының негізгі элементтерін дамыту

Сабақтың мақсаты:

Допты игеру техникасын дамытуға арналған жаттығулар арқылы спорттық қауіпсіздік техникасын, нормалары мен ережелерін түсіне білуге үйрету.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Допты бере және қабылдай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Допты қолды алмастыра алып жүреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Допты бір қолмен беру.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Доп, пас,аут, доппен жүгіріп кету

Талқылауға арналған сұрақтар:

Баскетбол ойынына жылдамдық, ептілік, шапшаңдық қасиеттері қажет пе?

Не себепті... деп ойлайсыз?

Әрине. Себебі баскетбол өте жылдам және де күрделі командалық ойын.

Ишара:

Баскетбол төрешілігінің белгілері.

Алдыңғы оқу

Шытырман ойындар

Жоспар

Қысқа мерзімді жоспар









Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Сапқа тұрғызу.

Саптық жаттығулар. Оңға, солға,артқа айнал.

Бірінші, екіншіге санал!

Бір қатардан екі қатар түзе.

Екі қатардан бір қатар түзе.

Жүру жаттығулары.

Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.

Қол желкеде өкшемен жүру. Табанның ішкі қырымен жүру.

Табанның сыртқы қырымен жүру.

Спорттық жүріс.

Бірқалыпты жылдамлықпен жүгіру.

Қолға допты ұстап жүгіру.

Допты кеудеге ұстап, оң қапталмен жүгіру.

Допты кеудеге ұстап, сол қапталмен жүгіру.

Допты кеудеге ұстап, тізені жоғары көтеріп жүгіру.

Допты артқа ұстап,өкшені допқа тигізіп жүгіру.

Допты соғып алға-артқа жүгіру.

Тыныс алуды қалыпқа келтіру жаттығулары.

1,2- Қолымызды көтеріп терең тыныс аламыз.

3,4-дем шығарамыз, қолды түсіреміз.3 рет

Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігіндей, допты қолымызға ұстап алға созамыз.

  1. қолды шынтақтан бүгіп, допты кеудеге ұстаймыз.

  2. кеудемізді оңға бұрамыз.

  3. түзелеміз.

  4. кеудемізді солға бұрамыз.

Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігіндей, допты қолымызға ұстап алға созамыз.

  1. қолды шынтақтан бүгіп, допты кеудеге ұстаймыз.

  2. кеудемізді оңға бұрамыз, допты оң қолмен жерге соғып қағып аламыз.

  3. түзелеміз.

  4. кеудемізді солға бұрамыз допты сол қолмен жерге соғып қағып аламыз..

Бастапқы қалып екі қол жоғарыда, аяқ арасы иық кеңдігіндей

1-2 оңға иілеміз,

3-4 солға иілеміз.

Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігіндей, доп бел тұсымызда, алдыда 4рет белімізден оңға айналдырамыз, 4 рет солға айналдырамыз.


Оқу бағдарламасы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Ортасы

Допты игеру техникасының негізгі элементтерін дамыту. Допты игеру техникасын дамытуға арналған жаттығулар арқылы спорттық қауіпсіздік техникасын, нормалары мен ережелерін түсіне білуге үйрету.Оқушыларды қатарға тұрамыз.

Оқушыларды суреттер құрастыру арқылы 3топқа бөлу. Командаларды жарыстыру

1.Допты соғып барып, жардан 2м қашықтықтан жарға соғып, қақшып алып, кері қайту.

2.Допты соғып барып, жарға соғып қағып алып, қайтарда белгіленген межеден әріптесіне пас беру.

3.Допты кедергілер арасымен алып жүру, қайтарда допты белгіленген жерден лақтырып беру.

«Он пас» беру ойыны.

Кері байланыс. Допты қалай соғып жүруге болмайды? (Екі қолмен соғуға, ұстап жүгіруге, соғып келіп ұстап алып, қайта соғуға ) Осы жаттығулар мен ойыннан кейін қабілет деңгейі әртүрлі 3 топ қалыптасты.











Соңы

Тыныс алуды қалыпқа келтіру жаттығуы.

1-терең тыныс аламыз,

2-демімізді іште 5-6 секунд ұстап тұрамыз,

3-дем шығарамыз. 3 рет қайталаймыз.

Үйге тапсырма: «қолды бүгіп жазу. 5реттен 3мәрте»



Қосымша ақпарат






Саралауға – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз ?Қабілетті оқушыға тапсырмасы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз.? Оқушылардың қабілет деңгейіне қарай 3 топқа бөлдім.

Баскетбол себеті” тобына кедергілер арқылы допты жылдам алып жүру, себетке доп салу.

Баскетбол қалқаны” тобына кедергілер арқылы допты жылдам алып жүру, баскетбол қалқаншасына доп лақтыру.

Баскетбол добы”тобына допты соғып барып, жарға допты екі қолмен кеудеден лақтырып қағып алу, кері қайту.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Қалыптастырушы бағалау критерийі

5 балл- “Баскетбол себеті” тобы- оқушылар допты дұрыс, дәл бере алады, жардан қайтқан допты екі қолмен кеудеге тигізбей қағып алады.

Допты соғып жүре алады, әріптесіне пас бере алады және әріптесі берген допты қағып алуды қатесіз орындайды.

Допты кедергілер арасымен жылдам, қатесіз алып жүре алады, әріптесіне дәл пас бере алады және допты қатесіз қабылдай алады.

4 балл –“Баскетбол қалқаны”- оқушылар допты дұрыс, дәл бере алады, допты қабылдаған кезде, қателеседі(кеудеге допты тигізіп алады).

Допты соғып жүре алады, әріптесіне пас берген кезде дәл бермейді.

Допты кедергілер арасымен алып жүру кезінде қателеседі, допты әріптесіне дәл береді.

3 балл-“Баскетбол добы”-допты беру кезінде қателеседі, допты қабылдаған кезде қателеседі.

Доп алып жүргенде доптан айырылып қалады, әріптесіне пас берген кезде дәл бермейді. Допты кедергілер арасымен алып жүру кезінде қателеседі, әріптесіне доп беру кезінде дәл бермейді. «Он пас» беру ойыны.

5 балл- Әріптесіне допты дәл бере алады, ойын үстінде доппен еркін жүре алады, жағдайға байланысты шешім қабылдай алады.

4 балл-Әріптесіне допты дәл бере алады, ойында доп алып жүре алады, ойын үстінде тез шешім қабылдай алмайды.

3 балл- Әріптесіне допты дәл бере алады, ойында доп алып жүру кезінде қателеседі, ойын үстінде тез шешім қабылдай алмайды.

Пәнаралық байланыс – Физика

Денсаулық және қауіпсіздік

Баскетбол ойынындағы қауіпсіздік ережелері. Спорттық құрал-жабдықтарды мұғалім рұқсатымен ғана қолданамыз. Допты қабылдаған кезде саусақ арасын ашып қолды алға созамыз. Доппен қозғалған кезде алдында тұрған қарсыласты түймейміз. АКТ – мен байланыс.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.






Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жүйелі құрылған жоспар арқылы сабақ мақсаты мен міндетіне жетті. Сабақ барысында оқушылар допты ұстау және беру, доппен игеру техникасын игерді.Сабақ топқа бөлу, жарыс сабақ тәсілімен өткізілді.Осының нәтижесінде қабілеті деңгейі әртүрлі балаларға сараланған тапсырма берілді.


Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )


1: Оқушылар топқа бөлініп жаттығулар жасауы.

2:Оқушылардың сабаққа белсене қатысуы.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?


1:Оқушылардың қабілет деңгейіне қарай сараланған тапсырмаларды деңгейлеп беру.


2:Оқушылардың топ болып жұмыс істеуде белсенді болуы.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?


1: Ойын жаттығулары арқылы оқушы белсенділігін арттыруды.



2: Сараланған тапсырманы оқушы деңгейіне сай беру.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!