Материалдар / Ашық сабақ "Дос болуды үйренеміз" 2-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Дос болуды үйренеміз" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға достықтағы жағымды қарым-қатынас. достыққа қажетті қасиеттер. сыныптағы достық. құрметті ұстаздар сіздерге қажет болып қалар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2018
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін –өзі тану сабағының жоспары


Мектебі: Ақбастау жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 9.02.2018ж

Мұғалімі: Мусабаева Алтын

Сыныбы: 2а,ә

Тақырыбы: Дос болуды үйренеміз № 21

Құндылығы: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: Достық, адалдық, қамқорлық.


Сабақтың мақсаты: оқушыларға “Достық” ұғымын дұрыс әрекет құндылық ретінде мәнін ашу.

Міндеттері:

- адал достықтың мәнін түсіндіру;

-өзара көмек, жолдастық,сыйластық, қамқорлық қарым – қатынастарын дамыту;

-достықты бағалауға, қадірлей білуге тәрбиелеу;

Ресурстар: Оқулық жұмыс дәптері. Түрлі түсті қалам, плакат,маркер, стикерлер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік

2.Жағымды күйге ену: Теңіз түбіне саяхат. Баяу әуен арқылы.

5 Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.

3. Дәйексөз: Достықты достық шақырады.


Абай Құнанбаев

Дана халқымыз «Досыңды көрсет, кім екеніңді айтайын», – дейді. Сондықтан дос дегеніміз – сенің айнаң, екінші бейнең тәрізді. Адам мен адам өз ниетіне, арман-тілегі, талғамы, мақсатының ұқсастығы арқылы достасып кетеді де, ол қарым-қатынас тілеулестік, ниеттестік, адал, қалтқысыз сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық болған жерде рухани жақындыққа айналып, достық мәңгілік болады. Адамға адамның достық пейілде болуы біздің борышымыз.

Дәйексөзді барлығымыз бірге оқимыз қайталап 3 рет айтады .

4. Оқиға айту. Жаман жолдас


  • Аю неліктен әлсiз, ауру адамға тимеді?

  • Шындығында аю оған сондай ақыл айтты ма?

  • Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?

  • Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер?


Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Сергіту сәті: Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

5. Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма. Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап

баспалдақтарға жаз.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар.

Адам – адамға..., жолдас, ... .

Досы жақсының, ... де жақсы.

Көп ақшаң болғанша, көп... болсын.

Дос – досқа ... .

Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.

Дәптермен жұмыс

6. Топпен ән айту. Бала тілегі

Әнін жазған: Фарида Жолдасова

Өлеңін жазған: Сержан Молдасанұлы


Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер,

Гүлденсiн деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесiмiз бәрiмiз,

Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз.

Алтын бесiк – ұлан-байтақ елiмде,

Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз.

АКТ-ны пайдалану.

Оқушылар әнді ерекше көңілмен айтып сергиді.

7. Үй тапсырмасы. «Құм мен тас» өсиет әңгіме

71 бет оқу.

Күнделіктеріңе жазып алыңдар

8. Сабақтың қорытынды сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!