Тереңкөл орта жалпы білім
беретін мектебі
Ашық тәрбие
сағаты.
«Дұрыс тамақтану –
денсаулықтың басты
кепілі»
Өткізген: Вахитова
Р.Х
2017-2018 оқу
жылы
Бекітемін:
Күні: 6.03.2018 ж
Сыныбы: 8
Тақырыбы: “Дұрыс тамақтану - денсаулықтың басты
кепілі”
Сабақ
мақсаты:
-
Білімділігі:Оқушыларға салауатты өмір
салтын сақтаудың
қажеттілігін,
зиянды заттардың зардаптарын білуге,
дұрыс
тамақтана
білуді үйрету.
-
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін
дамытып, дүниетанымын кеңейту, мәтіннің
мазмұнын айтуға үйрету.
-
Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, денсаулықты
күтуге, салауатты өмір салтын
ұстануға, дұрыс тамақтана
білуге үйрету.
Қызығушылығын ояту
Жұмбақ
Оны күткен
адамдар,
Ұзақ өмір
сүреді.
Қадірін білген
жарандар,
Байлық осы деседі
(денсаулық)
Жоспары:
І.
“Кім шапшаң”
айдары(сұрақ-жауап)
ІІ .
“Жағдаяттарды шешу”
ІІІ.
“Тауып көр ” (дастархан басында сақталатын
ырым-тиымдар)
ІV.
"Тапқыр болсаң,тауып көр"(постер
қорғау)
V.
“Жалғасын тап ” айдары
(мақал-мәтелдер)
VI.
Ойлан тап (тамақтану пирамидасын
құру)
Эпиграф
«Дені
сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты.Ал денсаулығы мықты сәби
халықтың болашағы, Отанының сенімді
тірегі»
С.Назарбаева
Тамақтану тәртібі.
Ас қабылдауда белгілі бір
уақытқа бағыну, сондай-ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін
және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына
төиендегі принциптер енеді.
Бірінші, тамақтану барысында
тәуліктік кесте белгілеу.
Екінші, тәулігіне бір - екі
рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт
рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны
жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш
қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер,
минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл
ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық
болмайды.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі
болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті,
көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл
жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны
мамандар физиологиялық процесс деп те
атайды
Тәбет. Аштыққа қарсы тұратын
құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда,
тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмін емес еиісі, түрлі
қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның
тәбеті ашылымға, кофеге, шайға, ішімдік, тағы басқаларына ашылатыны
көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған
дұрыс.
Тәбет кей ретте асқазанның
шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығы мен қиналады.
Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай
адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялаған дұрыс
сынады.
Тамаққа деген тәбет сыр
білдірмей де келеді. Ол сыртқы фактролардан делдал іздемейді. Адам белгілі
тамақты құмартқанда, тәбеті
өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде
адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп,
дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не
жетсін дейді.
Тамақтанудың негізгі ережелері
Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат
тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ
адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндай медицина ондай адамдарға белгілі рацион,
кезекті кесте, тамақты қанағатықпен тұтыну керектігін ұсынады. Асқазан
өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет
басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендігінен де болады. «Өзі
тойған мен, көзі тоймай тұрғанын қарашы» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы
керек деп жазылады. Бұл ас қорыту
процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл –
тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын артырады дейді.Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның
мөлшері, оның сапасы, қабылдау
кестесі, гигиена ережесі
және қолайлылық этикасымен реттелу ікерек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз.
Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда
белгілі бір уақытқа бағыну, сондай – ақ
тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
Халқымыз әрқашанда денсаулықты
бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені
сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу
қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы,
дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де
сақтауымыз қажет.Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін
боламыз.Ендеше бүгінгі сайысымызды бастайық. Оқушыларды екі топқа
бөлемін.
I-топАдам ағзасындағы пайдалы
тағамдар.
II-топАдам ағзасындағы
зияндытағамдар.
І-топқа
тапсырма: Адам ағзасындағы пайдалы
тағамдарды жазып оқып береді.
ІІ-топқа
тапсырма: Адам ағзасындағы зиянды
тағамдарды жазып оқиды.
Зиянды
тағамдар. Адам – өз құмарлығының құлы.
Ол пайдалы нәрсені көре тұрса да, өзі бұрыннан бой үйретіп алған
пайдасыз нәрсені тастап кете алмайды. Ал, ең пайдасыз нәрсе – қолға
не түссе, сонымен қоректену. Мысалы, чипсыдың зиянды әсері. Егер
сіз күніне картоп чипсыйының бір пакетін жесеңіз, бұл бір жыл
ішінде бес литр сұйық май ішкеніңізбен тең болады. Британдық
медиктердің зерттеуі бойынша британдық оқушылардың 50 пайызы күніне
кемінде бір пакет картоп чипсыйын жейді
екен.
I.
“Сұрақ-жауап»
І-топ.
1. Дұрыс
тамақтану дегеніміз не?
2.
Тамақтанудың негізгі ережелерін
ата?
ІІ-топ
1.
Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп
соғады?
2. Біз
не үшін тамақтанамыз?
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына
табиғат сыйлаған басты байлық.Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына
келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның
өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы
салауатты өмір сүруге болады.
II.
“Жағдаяттарды шешу”
I-топ: Қанат таңертең сабаққа асығыс
тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп:” Денсаулығыңды
бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?”-деді.
Қанат анасына: «Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?
-деді.
-Қалай
ойлайсыңдар Қанаттың айтқаны дұрыс
па?
Жауабы:
Қанаттың айтқаны дұрыс емес. Деніміз сау болуы үшін ең алдымен
тиімді тамақтану қажет.
II-топ: Арман мен Жандос кеше сабақтан
кейін “Денсаулық “ жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген
әңгімесі бойынша “Денсаулықты сатып алуға болады “ деді. Ал Жандос
бұл ойға келіспеді. Ол “Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз “
деді .
-Сендер не деп айтқан болар
едіңдер
IІІ. “Тауып көр ”
(дастархан басында сақталатын
ырым-тиымдар)
-
Дастархан басында сөйлеуге
болмайды.
-
Тамақ
ішіп отырғанда күлуге болмайды.
-
Тамақ
ішіп отырғанда газет-журнал оқуға
болмайды.
-
Нанды
бір қолмен үзбе.
ІV. "Тапқыр
болсаң,тауып көр"(постер
қорғау)
Таңғы асқа қандай тағамдар
жатады?
Түскі асқа қандай тағамдар
жатады?
Кешкі асқа қандай тағамдар
жатады?
«Дертке шалдыққанша,
денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді»Т.
Футлер
V.
“Жалғасын тап” айдары
(мақал-мәтелдер)
1-топ.
1. Ішің ауырса,
...
2.Өзі тоймастың,
...
3. Ертеңгі асты тастама,...
.
4. Өле жегенше, ...
.
5. Ас адамның,…
.
2-топ.
1. Ауырып ем іздегенше,
ауырмайтын ….. ізде.
2. Піскен асқа,
......
3. Тәні
саудың,…
4. Ет
етке,...
5. Ас
атасы,......
VI .Ойлан тап
(тамақтану пирамидасын
құру)
Рефлексия.
-
Денсаулық дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
Денісауадамқандайболады?
-
Өзденсаулықтарыңдықалайкүтесің?
-
Қандайспорттыңтүрлеріменшұғылданасыңдар?
-
Дұрыстамақтанутуралыөзойларын?
Жүректен-жүрекке.Балалар, бір-бірімізге
деген ыстық лебіздерімізді тілек айту арқылы
білдірейік!
Қорытындылау.Сынып сағатын
қорытындылап аяқтау.
Қорыта келе, Біз денсаулығымыз
жайында көбірек ойлауымыз керек. Тұқымымыздың азып, тоз-тоз болып
кетпеуі үшін де, Абылай ханның түсіне кірген бақа-шаяндарға
айналмауымыз үшін де деніміз сау, мықты болуы шарт. Рухани
тәрбиенің орны бөлек. Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй –
дұрыс тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге,
яғни, витаминдерге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын
жүруі.