Тақырыбы: «Елбасы еңселеткен Елорда
»
Мақсаты: Оқушыларды еліне деген
сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын
кеңейту. Туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді
жас ұрпақтар тәрбиелеу;
Елорда туралы білімдерін
толықтыру; Рухани сезім қалыптастыру:
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, бейне-сюжеттер,
макеттар
Түрі: интеллектуалды-танымдық
ойын
Әдісі: топтық
жұмыс
Барысы:
Оқушылармен
сәлемдесу.
Психологиялық ахуал туғызу.
«Тыныштық сәті»
Оқушыларды сабақ мақсатымен
таныстырып, оларды топқа бөлу; (Түрлі түсті асықтар арқылы топқа
бөлу) 1-топ –көк, 2-топ-сары,
Бүгінгі сайысқа түсетін 2
топтын ойыншылар ортаға шақырайық.
Олар
1 топ.
Бәйтерек
2 топ.
Атажұрт
1- Жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің
қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі
Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты
ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Мерей, сен қалай ойлайсын, осы
Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың
астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің
арқасында?
1-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын
сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Нұрбол, сен қалай ойлайсың
Қазақстан тәуелсіздігіне міне 27-жыл болды, осы уақыт аралығында
біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
2- Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел
боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру
саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы
да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес
пе? .
1-Жүргізуші: Иа дұрыс айтасың, бірақ
сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз,
аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз
тәуелсіздік жолында құрбан болды.
2-Жүргізуші. Сарыарқаны
төрінде әсем қаламыз Астана- Елбасымыздың бастамасымен бой
көтерді.
Тәрбиеші: Астана қаласының
қазақтың жүрегімен тілдесіп, арман –үмітімен үндескен, Елбасы
кіндігін кескен Елорданың сағым қуған Сарыарқаның төсіне
қонақтағанына биыл 20 жыл!
/слайд арқылы
/ Осы 20 жылдың ішінде бұрын
еліміздің елеусіз көп облыс орталықтарының бірі болып келген Ақмола
қаласы таңғажайып қарқынмен түлеп, аты әлемге танылып, Еуразия
кеңістігінің жаңа үлгіде салынған әсем шаһарларының біріне айналып
үлгерді.
Таңғажайып дейтіндей жөніміз
бар. Өйткені, тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың
аумағын адамдар өте ерте кезден- ақ мекендеп келе жатқандығын
аңғартады. Археологтар бүгінгі «Ақорда» резиденциясының маңынан ХІ
ғасырдың Бозоқ қалашығының орнын тапты.Бірнеше ғасыр бойы бұл жерде
Қараөткел транзиттік және сауда-айырбас орталығы орын алды. Уақыт
өте келе ол Ақмола елді мекеніне айналды. 1832 жылы бұл жерде
Ақмола приказы мен сыртқы округі ашылып, 1862 жылы округтік қала
мәртебесіне ие болды. 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград
болып өзгертілді және ол республикамыздың бірнеше ірі облыстары
кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін,
1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы қайтарылып берілді. Бес жыл
өткен соң, яғни 1997 жыл 10-желтоқсанда
бұрынғы тыңның астанасы Ақмола
қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми
жарияланды.
Бірақ Ақмола атауы ұзақ
тұрмады, 1998 жылы 6- мамырда Ақмола Астана болып қайта
аталды.
Міне осындай әдемі, әуезді әрі
ауқымды атау-Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы
үшінші мыңжылдыққа енді.
1
–Жүргізуші: Олай болатын болса, Бүгінгі
тәрбие сағатымызға «Бәйтерек» және «Атажұрт» топтары қатысып отыр
екен. Кезең бойынша әр топтың жауабы «жұлдызшалар» жинау арқылы
бағаланып отырады.
2-жүргізуші: Ендеше топтарға сұрақ қойып
көрелік!
- Қазақстанның астаналарын білесіңдер ме?
(оқушылар жауабы
тыңдалады)
1-Жүргізуші: Тақтаға назар
аударайық
Астаналар траекториясын көрсету.
1998ж. Астана
1929 - 1997 Алматы
1924 - 1929 Қызылорда
1920 - 1924 Орынбор
1-Жүргізуші: Алғашқы кезең «Сұрақты қағып ал»
әдісі. Экранда берілген сұрақтарға назар салайық. Әр топқа
Алма-кезек сұрақтар
қойылады.
1. Қазіргі кезде Астана
қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жүз
мың)
2. «Бәйтерек» монументінің
ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға
1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3.
Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика
даңғылы)
4.
Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана
Тауэр)
5.
Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады?
(«Атамекен»)
6.«Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған
қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
7.
Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1 млн 200 шаршы
метр)
8.
1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім
еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
9.
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін
ғарышқа алғаш самғаған қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар
Әубәкіров)
2-Жүргізуші: Өте
жақсы, келесі кезеңде алдыңғы сұрақтарымызға жауап ретінде
бейне-таспаға назар аударайық. / Астана жайлы
видеоролик/
2 кезең. ЦОР Жан жүрегім –
Астана! / ватцап желісі арқылы тапсырма
беру/
1-Жүргізуші: Бұл кезеңде әр
топқа ватцап желісі арқылы тапсырмалар беріледі. Сіздер осы
жұмыстарды орындап ватцап арқылы
жібересіздер.
Бұл метіш қалай
аталады? (Нұр Астана)
Оны
чупа-чупс депте атайды, ол не? (Бәйтерек)
Астана қаласының велоспорт командасы қалай
аталады?(Астана)
Астана қаласынан қандай өзен ағады?
(Есіл)
Бұл
сары ғимаратты қалай атайды?
(Бизнес-центр Astana Tower)
Суретте не бейнеленген? (монумент Қазақ
елі)
Суретте не бейнеленген?
(Әуежай)
Суретте не бейнеленген? (Астана темір
жолы)
Суретте не бейнеленген? (Бейбіт пен бейбітшілік
сарайы)
Астана қаласынын хоккей клубы қалай аталады?
(Барыс)
Фрейер модулі (мәтін беру)
2-жүргізуші: Жақсы, сабағымызды одан әрі
сабақтаймыз. Әр топ қазір «фрейер модулі» бойынша жұмыс
жасайсыздар.
Тақтадағы тапсырмаға назар
аударып, орындап көрейік!
Бәйтерек
Сипаттамасы
Авторлары
Өзіндік түсінік, мысал
келтіру
Қазақ елі монументі
Сипаттамасы
Авторлары
Өзіндік түсінік, мысал
келтіру
1-Жүргізуші: Сонымен , биыл елордамыз
Астананың 20 жылдығы аясында осы сабақта біршама мағлұматтарға
тоқталған сияқтымыз.
2-
жүргізуші: Келесі кезең «Көршісін тап»
ойыны. Бұл ойын арқылы берілген сөздерді әр топ сөздердің орналасу
тәртібімен сөйлем құрастыру керек. 1-2 минут уақыт
беріледі.
Республиканың, бас қала, мәдени, саяси, мәдени
орталығы, Астана- Қазақстанның (Астана- Қазақстан республикасының
саяси, мәдени орталығы, бас
қала)
Дамып жатқан, Астана, белсенді, айналды,
сөресіне, қоғамның
(Астана белсенді дамып жатқан қоғамның
сөресіне айналды)
Дамыған, өткен сайын, қызмет, жыл, Астана,
көрсету саласы, мегаполиске, айналып келеді, ірі. (Жыл өткен сайын
Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегаполиске айналып
келеді.)
Дамып, заманауи, жатқан, қала, жедел,
қарқынмен, Астана-, бүгінгі
(Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан
заманауи қала)-
1-Жүргізуші: Иә, бүгінгі шара бойынша
Елбасының бастамасымен құрылған Жаңа дәуірдің Жаңа Астанасы аясында
мынадай кесте толтыруды
ұсынамыз.
«Не білгім келеді?, қызығамын»
кестесін толтыру 1-минут уақыт аралығында
Қызығамын
(?)
|
«не білгім
келеді?» немесе «бүгінгі сабақтан алған
әсерім» деген сұрақтарға
жауап келтіру
|
2-Жүргізуші: Кәне «Бәйтерек» және «Атажұрт»
топтары кестемізді толтырып болсақ, биге кезек
берейік!
Би «Қазақ
биі»
Оқушылардың қойылымы
«Бәйтерек»
Қорытындылау: «Астана – халқымыз үшін
тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза шапқан
бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен
сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі». Қазақстанның
болашағы сендер, сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерің
зор болып, ел сеніміне ие бола
беріңдер.