Материалдар / Ашық сабақ Электролиттер мен бейэлектролиттер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Электролиттер мен бейэлектролиттер

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәнінен қос тілде қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Пәні

Химия

Оқулық

9-сынып оқулығы. М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Танбаева Жанзия Талғатқызы

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 

9.1A Электролиттік диссоциация

Сабақ тақырыбы

Электролиттер мен бейэлектролиттер.
№ 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы"

Оқу мақсаты

(қысқаша)

9.4.1.1 -электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру

9.4.1.2 -заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру

Оқушының аты-жөні

(оқушы толтырады)



Іс-әрекет реті

Ресурстар

(мұғалім толтырады)

Орындалуы

(оқушы толтырады)

Мағынаны таны

Видео, интернет-ресурстарға, оқулық беттеріне сілтемелер

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/ehlektrolitter-zhane-bejehlektrolitter-s-arreniustyng-ehlektrolittik-dissocziacziya-teoriyasynyng-negizgi-qahidalary?mid=ee29ce00-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

2. Оқулықтан §1. Электролиттік диссоциациялану теориясының мәні тақырыбын 4-7 беттен оқып танысыңдар

+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Алдыңғы білімді белсендендіру сәті:

Оқушылардың физикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында пәнаралық байланыста әңгіме жүргізу.

Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс

Бағалау: мұғалімнің кері байланысы

Мұғалім бағалау мақсатында сұрақ-жауап жүргізеді:

  • Электр тогы деген не?

  • Электр тогын өткізетін заттар қалай аталады? (өткізгіштер: мыс, күміс,алюминий)

  • Электр тогын өткізбейтін заттар қалай аталады?(оқшаулағыштар: пластмассалар, резина, фарфор, янтарь, ауа)

  • Неліктен металдар ток өткізеді?(делокализацияланған электрондарға байланысты)

  • Металдардағы зарядталған электрондардан басқа тағы қандай зарядталған бөлшектер белгілі? (иондар, оң және теріс)

  • Иондар токты өткізуі мүмкін бе? (мүмкін, өйткені электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің қозғалысы)

Мұғалім сабақта осы заттардың байланыс түріне қарай электр тогын өткізуі немесе өткізбеуі жөнінде қарастыратынын хабарлайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.


Жаңа сабақ

Сабақтың ортасы


Көрсетілім. Электрөткізгіштікті сынау құралы арқылы берілген заттарды тексеруге эксперимент жасау.

Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс

Бағалау түрі: мұғалімнің кері байланысы


Оқушылар 1-қосымша кестесіндегі тәжірибелік мәліметтерді толтыруы керек.

Химиялық стақанға ас тұзының ерітіндісін құйып, ішіне екі электродты батырады. Электродтарды өткізгіш сымға клеммен бекітіп, біреуін электр шаммен жалғастырады. Сымдардың ұшын ток көзіне қосады. Электр шамы жанады, себебі стақандағы ерітінді электр тогын өткізеді. Егер электродтарды құрғақ ас тұзына батырса, құралдың шамы жанбайды. Сол сияқты таза дистильденген суға электродты батырып ток көзіне жалғасақ, құралдың шамы жанбайды. Ал құрғақ ас тұзын дистильденген суда ерітіп, оған электродты батырып ток көзіне жалғасақ, құралдың шамы жанады. Натрий гидроксидін кәрлен табақшаға салып, жанарғы жалынында балқытып, балқымасына электродты батырса, электр шамы жанады. Ендеше балқыма да электр тогын өткізеді.

Суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізетін заттар электролиттер деп аталады.

Электролиттерге: қышқылдар, сілтілер, тұздардың судағы ерітіндісі және сілтілер мен тұздардың балқымасы жатады.

Ерітінділердің барлығы бірдей электр тогын өткізе бермейді. Мысалы кәрлен табақшаға құрғақ қант кристалын салып, оған электродты батырып ток көзіне жалғасақ, құралдың шамы жанбайды. Бұдан соң оның үстіне дистилденген су қосып араластырамызда, оған электродты батырып ток көзіне қайта жалғасақ, құралдың шамы жанбайды. Сол сияқты кәрлен табақшаға қант кристалын салып, балқытамыз да, балқымаға электродты батырып ток көзіне жалғасақ, құралдың шамы жанбайды.

Қорытынды: қанттың электр тогын өткізбейтін себебі, молекуласы ковалентті байланысқан бейметалдардан тұрады, қант молекуласында электр тогын тасымалдайтын зарядталған бөлшектер – иондар жоқ. Кристалдық торы – молекулалық. Молекула бейтарап бөлшек болғандықтан, электр тогын тасымалдай алмайды.

Судағы ерітіндісі де, балқымасы да электр тогын өткізбейтін заттар бейэлектролиттер деп аталады.

Бейэлектролиттерге: спирт, ацетон, бензин, қант т.б жатады.


Электролиттік диссоциациялану теориясының негізін салған 1887 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус.

Электролиттердің электр тогын өткізуінің себебі – олар суда ерігенде су молекулаларының әсерінен оң және теріс зарядты иондарға ыдырайды, сол иондар электр тогын өткізеді.

Электролиттердің иондарға ыдырау процесі электролиттік диссоциациялану деп аталады.

Электролиттердің диссоциациялануын былай өрнектеуге болады:

NaCl ↔ Na+ + Cl-

KOH ↔ K+ + OH-

HNO3 ↔ H+ + NO3-

Ал бейэлектролит молекулалары (қант, газдар, бензин, глюкоза т.б.) суда ерігенде иондарға ыдырамайды, сондықтан олар электр тогын өткізбейді.

Оқулық

4-7 бет §1


Сабақтың соңы


Тапсырмалар


1-тапсырма:

Неліктен кристалдық натрий хлориді сулы натрий хлоридімен салыстырғанда электр тогын өткізбейді?

2-тапсырма

Мына заттардың ішінен электролиттерді теріп жазыңдар: спирт, магний хлоридінің ерітіндісі, күкіртсутек, азот қышқылының ерітіндісі, қант. Тұз қышқылының неге электролит болатынын түсіндіріңдер.

3-тапсырма

Тұздардың, қышқылдардың, негіздердің ерігіштігі кестесін пайдаланып, төмендегі заттарға арналған диссоциация теңдеуін жазыңыз:

HF, Mg(OH)2, CaCl2, Zn(NO3)2, Ba(OH)2, K2SO4, H2SiO3, FeI3, NiCl2, H3PO4




Рефлексия


Мен білемін .......................................................................................


Не қиындық тудырады

...................................................................................................................................






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!