Материалдар / Ашық сабақ: Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік. атты ашық сабақ оқушылардың қызығушылығын артыра отырып, білім беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2024
44
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

180 Жалпы білім беретін мектеп

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

26 сабақ. Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік.

Бөлім:

5.1С Жай бөлшектер

Мұғалімнің аты-жөні:

Сатыбалды Айгерім Ерланқызы

Күні:

6.10.2023

Пән/Сынып: Математика 5 «Д»

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны: 2

Сабақтың тақырыбы:

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.1.2.12 екі және одан артық сандардың ЕҰОБ және ЕКОЕ-ін табу;

5.1.1.8 өзара жай сандардың анықтамасын білу.

Сабақтың мақсаты:

  • екі және одан артық сандардың ЕҰОБ және ЕКОЕ-ін табады;

  • өзара жай сандардың анықтамасымен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ уақыты әрекеті

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

8 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Жұмбақ адам» әдісі бойынша.

Топқа бөлу. «Qazmash» платформасының

көмегімен арқылы оқушыларды топқа бөліп аламын.

Таңдалған оқушы үйге берілген

тапсырманың дұрыс жауабын айтады, ал

басқа оқушылар айтылған жауап бойынша

өз жұмыстарының дұрыс немесе

бұрыстығын тексереді. Егер таңдалған

оқушы жауабы қате болса, басқа оқушы

қателігін түзейді.

Дескриптор:

Берілген сұрақтарға жауап

береді.

Жалпы балл - 3

Дескриптор:

  1. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктейді;

  2. Ең үлкен ортақ бөлгіштерін табады.

https://wordwall.net/ru/resource/29488381






https://qazmath.net/quraldar/topka-bolu/


Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс

16 мин

Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар. (оқулықтағы 244, 245 есептер)

1-топ. ЕҮОБ(220, 165, 77)

ЕҮОБ(63, 42, 168)

2-топ. ЕҮОБ(230, 92, 138)

ЕҮОБ(42, 650, 260)

3-топ. ЕҮОБ(120, 300, 100)

ЕҮОБ(42, 28, 12)

Топ мүшелері ЕҮОБ табады және сұрақтарға жауап береді:

  • Ең үлкен ортақ бөлгіш дегеніміз не?

  • Құрама сандар дегеніміз не?

  • Жұп сан мен тақ сан дегеніміз не?

Десмос бағдарламасын смартфоннан

қолдануға болады.

Тапсырманы орындайды және сұрақтарға

жауап береді.

«Жалғастыр» әдісі

Саралаудың «Тізбек» тәсілі бойынша оқушылар бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып, бір тапсырма шеңберінде ойларын айтады.

Дескриптор:

  • 2-ге, 3-ке, 5-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолданады;

  • Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктейді;

  • Ең үлкен ортақ бөлгішін табады.

Әр дұрыс жауапға 1-балл.

Математика

Мектеп баспасы

Абылкасымова А.Е., Кучер Т., Жумагулова З.

74-75 бет


Жұптық жұмыс

8 мин

«Көршіңнің де пікірі» әдісі арқылы топ мүшелеріне есептер беріледі. Топ мүшелері жұптасып, тапсырманы талдап орындайды. Тапсырманы бір оқушы түсіндірсе енді бірі шығару жолын жазады. Осылай жұптар жалғастырып кете береді.

Оқулықтағы тапсырманы орындайды. 284, 285

Орындарында және тақтаға шығып орындайды.

Саралаудың «Қорытынды» тәсілі бойынша оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін, түсінгендеріне көз жеткізу мақсатында өз ойларынан есеп құрастыруға тапсырма беремін. Тапсырманы тақтағы талдаймыз әр топтан екі оқушы шығады бірі графиктің қалай салынатындығын түсіндіреді , екіншісі шығару жолын жазады.

Кері байланыс: Оқушылармен диалог құру арқылы оқушылардың тақырыпты қалай түсінгенін анықтаймын. Қателіктерін дұрыстап, түсіндіріп отырамын.

Әр топ бір-бірінің жұмыстарының артықшылығы мен кемшіліктерін айтып өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын білдіреді.

Дескриптор:

  • 2-ге, 3-ке, 5-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолданады;

  • Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктейді;

  • Ең үлкен ортақ бөлгішін табады;

  • Ең кіші ортақ еселігі табады.


Математика

Атамұра баспасы

Алдамуратова Т., Байшоланова К., Байшоланов Е.

111-112 бет


Жеке жұмыс

8 мин

«Жұбын тап» әдісі арқылы

Кері байланыс: Жоғары деңгейде жұмыс істейтін оқушыларды анықтап, олардың оқуын кеңейту мақсатында жан-жақты сұрақтар қойып, жіберген қателерін дұрыстап отырамын. Есепті толық шығарған оқушыларды атап өтемін. Оқушыларға тапсырманы орындаған соң аттарын жазу ұсынылады және сол бойынша ең жоғары және ең төмен балл алған оқушыларды атап өтемін.

4 тапсырма

Көбейтіндінің мәні берілген сандарына өзара жай сандарды табады.

Дескриптор:

  • Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктейді

Дескриптор:

  • Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктейді;

  • Ең кіші ортақ еселігін табады.

Әр дұрыс жауапқа 1-балл.



https://wordwall.net/ru/resource/62056281


Сабақтың соңы



Рефлекция

5 мин

Аты-жөні

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4 тапсырма

Қорытынды балл

...

+

+

+

+

7

«Мұғалімге хат» әдісі бойынша хат жазып, телефонның қалташасына салады.

Үйге тапсырма: №303, 302

Сабақ туралы өз ойларын, сұрақтарын, білгісі келетін және білетіндерін жазады

яғни хат жазады.

Оқушылардың сабаққа қатысу

белсенділігіне қарай мадақтау

әдісі арқылы бағаланады және

Әр оқушы жасаған жұмыстары

бойынша өз есімдерінің

тұстарына + қойып, сабақ

соңында неше балл алғандығын

есептейды және төмендегі кесте

бойынша балды бағаға

айналдырамын. Бүгінгі сабақта:

8-10 балл- 5

7-5 балл-4

4-2 балл-3

https://forms.gle/JdnH9hyELECqRQsc7












Қосымша тапсырмалар

  1. 12 мен 20-ның ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

  2. 12 мен 32-нің ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

  3. 49m + 21n қосындысының ортақ көбейткіштерін жақша сыртына шығарыңыз

  4. 24 қызыл шар, 42 көк шар және 30 сары шардан бірнеше тізбек дайындалды. Тізбектегі қызыл, көк, сары шарлар саны бірдей. Ең көп дегенде неше тізбек дайындалды?

  5. а = 2 · 2 · 3 · 5 және в = 2 · 3 · 5 болса, ЕҮОБ (а; b) = ?

  6. Жүк машинасымен бірнеше рет қатынап, бірінші күні – 35 т, екінші күні – 21 т, үшінші күні – 14 т көмір әкелінді. Әр ретте тиеген көмір мөлшері бірдей болса, машина бір рет қатынағанда неше тонна көмір әкелді?

  7. а = 2 · 2 · 3 · 5 және b = 2 · 3 · 3 болса, ЕҮОБ(а; b) = ?

  8. Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

3 · 7 · 112 және 32 · 11 · 13

  1. ЕҮОБ-ін табыңыз: 48; 240; 264

  2. Өзара жай сандарды табыңыз.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!