Сыныбы | 7 «в» |
Сабақтың тақырыбы | § 45 Есім хан
|
Мақсаты | Есім ханның қазақ хандығының саяси билігін нығайтудағы негізгі шараларын сипаттап,түсініктеме беру. |
Күтілетін нәтиже | А.Есім ханның ел билеудегі ішкі және сыртқы жағдайын біледі.В.Есім ханмен Тұрсын ханның арасындағы өзара қайшылықты анықтау.С. «Есім ханның ескі жолының»тарихының маңыздылығына баға береді. |
Керекті жабдықтар | Оқулық, интер белсенді тақта , Бағдарлы карта және рефлексия парағы |
Сабақ барысы |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе
| Оқушылармен амандасу;«Батыр» техникасымен топқа бөлу;Сабақ мақсаты мен критерийлерімен таныстыру | (Дулыға, Қылыш, Ақсауыт )топқа бөлінеді.Топ ережесімен танысады, зейінін шоғырландырады, |
Тұсаукесер
| Өткен сабақ пен бүгінгі сабақты байланыстыру. Үй тапсырмасы: «Тест жұмысы» | Өткен білімді еске түсіреді, қорытындылайды, жаңа сабаққа қызығушылығы оянады.
|
Негізгі бөлім
| Жаңа сабақ«Мозайка »(Джиксо) әдісі бойынша төраға,баяндамашы, таймпикер , хатшы , А,В,С үш бақылаушы болып рөлге бөлінеді. Топ мүшелері бөлініп, келесі топтарға өз тақырыптарын түсіндіреді.
| Жаңа сабақты толықтыруТалантты және дарынды оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар: (шығармашылықты қолдау идеясы ) Есім хан тұсындағы заңмен егемендік алғаннан кейінгі заңдардың ерекшелігін салыстыру |
Қорытынды
| Бекіту: «Күту уақыты»Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді – күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді. Кері байланыс:«Үш өлшемді күнделік» | өзін-өзі бағалау парағы бойынша, өзара және топта критерий бойынша бағалау; ынталандыру, мадақтау, уәж айту,кеңес беру, «Жарайсың!»Топтық бағалаусмайликпен бағалау
|
Сабақтың талдауы | «Есім хан»тақырыбына өткізілген сабағымда ең алдымен сергіту сәтімен сабақты ашып, оқушыларды топпен жұмысты қолдану мақсатында топқа бөлдім.Үй тапсырмасына жеке жұмыстануға тест жұмысын бердім.Үй жұмысына өзіндік критерий арқылы өз-өзін бағалады. Мысалы: Барлығы 10 сұрақтың 8-10 дұрыс жауабына бағасын 5 қойып, 6-7 сұраққа бағасы 4 , 5-4 сұрағы дұрыс болса ,бағасы 3 және дұрыс жауабы 3 сұрақтан төмен болса ең төменгі көрсеткішін білдіретін критерийін құрдым. Жаңа тақырыпты «мозайка» әдісі арқылы өткіздім. Топ белсене жұмыстанды. Бір-біріне толықтай түсініктеме бере білді. Сәтті жақтары бақылаушылар топтарға жақсы түсініктеме бере білді.Әр топтан келген түсіндірушілерге жақсы жақтарымен ұсыныстарын айтып, өзіндік бағасын смайлик арқылы бағалады. Мысалы: Табыс критерийдегі әр топ өз қызметін дұрыс атқара білуі, нақты тұжырымды ой айта білуі, хронологиялық негіздерін аша білуін айтып, бақылаушылар бір-бірінің тобын бағалады. Сабақты бекітуде шығармашылықты қолдау идеясы арқылы кеңейтілген тапсырма орындалды. Оқушы Есім хан мен елбасы Н.Назарбаевтың саясаттағы ұқсастықтарын ,ерекшеліктерін айтып, оқушыларға Есім ханның саясатына қызығушылықпен қарауына,ұқсас жақтарының көп екенін біліп, назарын аударды.Сонымен қатар «күту уақыты» арқылы әр топқа топпен ақылдасып,ойланатындай сұрақтар берілді. Мысалы: Есім хан елдің экономикасын нығайту жолында қандай әрекеттер істеді? Деген сұраққа оқушылар қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, ұтымды жауап қайтарды. Сабақты бағалауда бағалау парағы арқылы бағаладым.Сабақты «үш өлшемді күнделік» арқылы қорыттым.Мұнда оқушыларға бұл сабақтың ерекше қызығушылықтарымен қатынасқандығын жазды . Алдыңғы тақырыпқа қарағанда «Мозайка әдісінің ерекше ұнағанын жазып білдірді. Сонымен қатар сабақ барысында Есім ханың елбасымен ұқсас жақтарының көп екенін айтып, таңдана жазғанын білдірді. Өзім зерттеп жүрген А,В,С деңгейіндегі оқушылардың барлығы белсене қатынасты.Осы тақырыпқа «мозайка » әдісін қолданғаным нәтижелі болды . Өйеткені оқушылар белсенділікпен қатынасты .Тақырыпты толықтай меңгергендігін білдірді. |
Сабақ бойынша өзгертулер | Бұл сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын. Жаңа тақырыпта оқушылар «мозайкада әр топқа бөлінген төраға,баяндамашы,хатшы,бақылаушы өз қызметтерін шатастырып алғандай көрінді. Бірақ сәтті шықты. |
|