Материалдар / Ашық сабақ Футбол
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Футбол

Материал туралы қысқаша түсінік
Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2022
876
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ



«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу- әдістемелік Директордың оқу- ісі

жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары

_________ _________

«___»_________________2021 ж. «___»_________________2021 ж.









Тақырыбы: Футбол. Ойыншылардың алаңда қозғалуы

(АШЫҚ САБАҚ)







Мамандығы: 1309000 «Оптика және электронды құрал-жабдықтар»

Біліктілігі: 1309023 Техник электроник

Пәні: Дене тәрбиесі

Тобы: О-192

Курс: 3


Жалпы пән оқытушысы С.С.Құрманбеков

Жалпы пән бірлестігінің жетекшісі




Байқоңыр 2021 ж



Сабақтың тақырыбы

Футбол. Ойыншылардың алаңда қозғалуы

Пәні:

Дене тәрбиесі

Тобы:


Күні:


Арнайы пәндер оқытушысы:

С.С.Құрманбеков

Өтілетін орны

Спорт зал, Спорт алаңы

Сабақтың мақсаттары


1.Білімгерлерге футбол ойынының ережесі мен тәсілдерін үйрету. 2.Білімгерлердің жан-жақты өсіп жетілуі,денсаулығын нығайтуы және күш,ептілік,төзімділік сияқты қимыл-қозғалыстарын арттыру. 3.Білімгерлерді дене ,ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне баулып,футбол ойынына қажетті білімін тереңдету.

Күтілетін нәтиже

1. Білімгерлерді қимыл-қозғалыс қабілеттерін және жылдамдық,ептілік,күш,төзімділік, икемділік қасиеттерін дамыту.

2. Білімгерлерді ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3.Салауатты өмір салтын насихаттау.

Әдісі:

1. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері.

2. Ойын әдісі.

3. Жарыс әдісі.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Футбол, аут, дриблинг, пас.

Алдыңғы білім

Футбол ережесі.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен жабдықтар

Футбол добы, ысқырық, секундомер


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Үй тапсырмасын сұрау

Ресурстар













Сабақтың басы


(15мин)




  1. Сапқа тұрғызу

  2. Кезекші мәліметі

  3. Сызық бойымен бір қалыпты жүгіру

  4. Қол белде оң иық алға жүгіру

  5. Қол белде сол иық алға жүгіру

  6. Қол жамбаста өкшені алақанға тигізіп жүгіру

  7. Қол жоғары аяқ ұшымен жүру

  8. Қол белде өкшемен жүру

  9. Тыныс алу жолдарын қалыпқа келтіру жаттығулары

  10. Жалпы дамыту жаттығуларын орындату

  11. Басты алға,артқа,оң және сол жаққа ию,басты оң және сол жаққа бұру басты айналдыру

  12. Қолды алға екі жаққа,жоғарыға созу,қолды алдыға,артқа қарай айналдыру.

  13. Иықты көтеру,түсіру айналдыру.

  14. Денені алға,артқа және оң мен сол жаққа еңкеию.

  15. Денені оң және солға бұру

  16. Денені иілу мен үйлестіріп бұру.

Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау



Ара қашықтық сақтау




Сабақтың ортасы









5 (мин)

























20 (мин)

























5 (мин)

















30 (мин)

Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Матч сипаттамасы

Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см. Ойынға 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар, 45 минуттық екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.

Тарихы

Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

Төменгі жаттығу ойын амалдарын жетілдіру


  1. Допты кедергілердің арасымен алып жүру(оң және сол аяқпен)


  1. Білімгерлер екіге бөліп допты бір-біріне беру,алып жүру тәсілдерін жетілдіру.



  1. Қозғалып келе жатқан допты қақпаға жүгіре тебу.


  1. Допты алып жүріп ,қарсыласты алдап қақпаға тебу.



1.Қозғалу амалдары(техникасы)

-Допты аяқпен соғу;

-Допты тоқтату;

-Допты алып жүру;

-Допты беру;








Сергіту сәті «Икс Нолик» сергіту ойыны


-Дене бітімінің даярлығы;









1 сурет №2 сурет


Тапсырма

Жеке-жеке немес жұппен доппен кедергілерден өтіп жаттығыңыз. Әр қайсыңыз жеке доппен жұмыс жасау барысында, допты дәлдікке тебу, допты түзу қақпаға тебу, белгіден көтеріп тебу жұмыстарын орындаңыз.

Ойынға негізделген қимыл-қозғалыс ойыны

"Бекіністі қорғау"

Міндеті:

Допты табанның ішкі жағымен беруді үйрету.

"Бекіністі шабуылдау"

Міндеті:

Допты табанның ішкі жағымен беруді үйрету. (Дриблинг)жасау

"Допты тартып ал" Екі жақты ойын 2х2

Міндеті:

Допты қарсыласынан алып қою


"Екі жақты ойын"

Үйреніп,меңгерген әдістерді қолдана отырып футбол ойнау.





















Допты кедергілерге тигізбеу.


Допты әріптесіне дәл беру керек.



Оң және сол аяқпен тебуді үйрену.


Допты неғұрлым қақпаға дәл тебу





































Әдістерді қолдануды қатаң бақылау.



Қортынды

5 (мин)

  1. Топты бір қатарға тұрғызу.Сабақта жіберілген кемшіліктер мен жетістіктерді айту ,жай жүріп,кеңірек тыныс алып демалу.

  2. Сабақты аяқтау.Бағалау.

  3. Үй тапсырмасы: Ойыншылардың алаңда қозғалуы

Екі қолды жоғары көтеріп дем алу,төмен түсіріп дем шығару.

Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары білімгерлерге тапсырманы күрделендіру қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- білімгерлердің үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ –мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс


- үлгерімі төмен білімгерлерге ЖАДА ұйымдастыру арқылы деңгейлік тапсырмалар беремін.

- Қабілеті жоғары білімгерлерге жоғары дәрежелі сұрақтар қоямын.

  • Табыс критерийлері

  • Бағалау критерийлері

  • Бірін-бірі бағалау

  • Өзін-өзі бағалау

  • Бағалау парақшалары

  • Кері байланыс

Білімгерлердің ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Білімгерлерді өз-бетінше ізденуге, бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.


Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін білімгерлер не білді? Топтағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болы ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеру)?

1: ______________________________________________________________________________

2: ______________________________________________________________________________

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды даоқуды да ескеру)?

1: ______________________________________________________________________________

2: ______________________________________________________________________________

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген білімгерлер туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінен не білдім?

_________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!