Материалдар / Ашық сабақ "Ғарыш әлеміне саяхат" 2сынып

Ашық сабақ "Ғарыш әлеміне саяхат" 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру. Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу. Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ ол қолдан келместей көрiнетiн. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2019
1328
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Ғарыш әлеміне саяхат»

Мақсаты:
1) XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
2) Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
3) Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.
Әдіс-тәсілдер: СТО, диалогтік оқыту,бағалау
Ресурстар: Ғарышкерлер суреттері, Байқоңыр – ғарыш айлағы суреті, планеталар,зымырандар суреттері, слайдтар, презентация,проектор,ноутбук,микрофон,шарлар
Ұйымдастыру.

«5-Т» ережесін еске түсіреміз. Тәртіп. Талап. Тыныштық. Татулық. Тазалық.

-Бүгін көңіл күйлеріңіз қалай?

-Тамаша! (басбармақты жоғары көтереді)

-Ынталарыңыз ше?

- Керемет! (Екі басбармақты жоғары көтеріді)

-Дайынбыз ба?-(Шапалақтайды)

Қызығушылықты ояту «Атом, молекула» ойыны. Әр сыныптан ортаға үш оқушыдан шығады.

Миға шабуыл.

  1. жаттығу.
    «Бұл кім?». Оқушыларға қима суреттер таратылады. Суреттерді біріктіріп, кейіпкерді анықтап,бүгінгі ойын сабағымыздың тақырыбын ашады. Жарайсыңдар! Оқушылар «Ғарыш әлеміне саяхат» атты ойын сабаққа қош келдіңіздер! Қатысқан оқушыларға зымыран суреті бар билеттер табыстаймын!

Саяхатқа шығу үшін алдымен жаттығулар жасап,берілген тапсырмаларды орындап шыңдалуымыз керек. Аспан әлемі жайлы білімімізді толықтыру үшін,жаттығуларды орындап ғарышқа апаратын зымыранның иесі болуымыз керек. Әр оқушыға зымыраннан беріп отыру керек.

2-жаттығу.

«Орыныңды тап!» ойыны. Ортаға әр сыныптан келесі үштіктерді шақырамын. Бірінші ойынға қатыспаған оқушылар шығады. Орындықтарға жайғасып отырады. Жүргізуші әр қатысушыға құлақтарына аспан жұлдыздарын немесе планеталарды айтады. Кейін сол атауларды дауыстап айтқан кезде олар жылдам орын ауыстырулары керек. Орындық жетпей қалған оқушы ойыннан шығады. Осылай ойын жалғасын табады. Әр оқушыға зымыраннан беріп отыру керек.

Тынышталамыз,көзімізді жұмыпғарышқа ұшып келе жатқанымызды елестетеміз.(ғарыш әуені ойнап тұрады)

Көзімізді ашамыз «Ғарыш әлеміне қош келдіңіздер!»слайд көрсету.



3. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
-Бірінші болып ғарышқа кім ұшты?
Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.
Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отарды.

Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

Аты әлемге тарап атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылды. Тіпті топтарының атын өзгерткен де әншілер болды. Ғарыш күніне ойластырып
,әртүрлі ашықхаттар әзірленді.
Fарышқа ұшу
Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ ол қолдан келместей көрiнетiн. Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты.

- Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан кім?

- Тоқтар Әубакiров. Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз.
1991 жылы Тоқтар Әубакiров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7тәулiк 22сағат, 12минут, 40секунд ғарыш кеңiстiгiнде болған Тоқтар Әубакiров тұнғыш қазақ ғарышкерi атанды.
Қазақстандағы
ғарыш айлағы қалай аталады? (Байқоңыр)

- Байқоңыр айлағының құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жылы пайдалануға берiлдi. Ғарыш айлағын салуға адам сирек орналасқан және өндiрiс орындарынан қашық, Алматы - Мәскеу темiр жолының Кызылқұмнан өтетiн аймағы таңдап алынды.
Байқоңыр ғарыш айлағынан дүние жүзiнің түрлi мемлекеттерінен 150 - ден астам ғарышкерлер ғарышқа сапар шектi. Олар түрлi ғарыш апаттары арқылы ғарышты, шағын планеталарды зерттедi. Осы жерден”Космос”,”Протон”т. б. жердiң жасанды серiктeрi ұшырылды. Бейбiт мақсатта ғылыми жұмыстар жүргiзiлдi.

Казiргi кезде Байкоңыр халықаралық ғарыш аймағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Франция, Үндiстан, т. б. мемлекеттердiң ғарышкерлер мен ғарыш кемелер ұшырылды.
1963 жылы 16 - шiлдеде тұңғыш әйел ғарышкер, орыс кызы
Валентина Терешкова ұшты.
Ғарыш кемесi ұшырылатын ғарыш аймағы Қазақстан жерiнде Байқоңырда орналасқан.
Жұлдыз - газдан тұратын аспан денесi. Ол өз куаты нәтижесiнде өзі жарық шығарады. Бiрнеше мың градус температураға дейiн қызып тұрған аспанның жарық денесi. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.
Күн - Балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн мен жердiң ара қашықтығы 150 млн. шақырым. Күннiң бетiндегi температура – 6000 мың градусқа тең. Күннiң жылуы мен жарығы адам, өсiмдiктер, жануарлар үшiн өте қажет. Күннiң төңiрегiнде Жердi қоса есептегенде 9 iрi аспан денелері айналып жүредi. Олар ғаламшар (планета) деп аталады

Ғаламшарлар - адасушы жұлдыз деген сөз. Ғаламшар – өздiгiнен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздiгiнен жарық шығару мүмкiншiлiгi жоқ, күн сәулесiнiң шағылысуынан жарқырап тұрады

Шолпан – Күннен 108 млн. шақырым қашықтықта орналасқан 2 - шi ғаламшар. Аудан жағынан Жерден сәл кiшi. Күндi 225 тәулiкте айналып өтедi. Шолпандағы температура +464 градус. Мұнда бiрде бiр мақұлық өмiр сүре алмайды.
Марс – 4 - шi ғаламшар. Оның диаметрі Жерден 2есе кiшi. Күндi 687 тәулiкте айналып өтедi. Марстың 2 серiгi бар – Фобос және Деймос. Серiктер Марсты айнала қозғалумен қатар Kүндi де Марспен бiрге айналып өтедi.
Юпитер - Күн жүйесiндегi 5 - шi ең үлкен ғаламшар. Диаметрі жағынан Жерден 11, 5 есе үлкен. Күндi 11, 9 жылда айналып өтедi. Юпитердiң 16 серігi бар. Соның iшiнде Ганимед Күн жүйесiндегi ең үлкен серiк.
Сатурн – 6 - шы ғаламшар. Ғаламшардың ерекшелiгi сансыз көп тастардың кесектерiнен, мұздан және шаң - тозаңнан тұратын жалпақ жарқыраған сақина тәрiздi болып келуi. Диаметрі Жерден 9, 5 есе үлкен. Күндi 29, 5 жылда айналып өтедi. Айналасында 17 серiгi бар.
Уран – 7 - шi ғаламшар 18 ғасырда ашылған. 1781 жылы нeмiс астрономы Вильгелм Гершель ашты. Оның күннен алыстығы соншалық, күннен бөлiнiп шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады. 15 серiгi бар. Күндi 84 жылда айналып өтедi.
Нептун – 8 - шi ғаламшар. 1846 жылы ғылымға белгiлi болды. Оны француз Урбен Леверье жаңа ағылшын Джон Адамс ашты. Құрылымы жағынан уранға ұқсас.
Плутон – Күн жүйесiндегi ең кiшкентай және ең алыста орналасқан ғаламшар. Күннен 6млрд. шақырым қашықтықта орналасқан. Күндi 247, 7 жылда айналып өтедi. Ғаламшардың жалғыз серiгi Харон 1930 жылы американдық астроном Клайд Томбо ашты.
Камета – Құйрықты жұлдыз. Тастардан, шаң - тозаңдардан араласқан алып мұздардан тұрады.
Жер - Күннiң санағындағы 3 - шi ғаламшар. Күннiң айналасындағы өзiнiң жолын жер секундына 30 км жылдамдықпен өтедi. Жер бетiнiң жалпы ауданы 510 млн. км. кв. оның 70%- ы су, қалған 29%- iн құрлық алып жатыр.
Ай – жердiң табиғи серiгi, оған ең жақын аспан денесi. Ай – бiздiң ғаламшарымыздың жалғыз серiгi. Айдың диаметрi жердiкiнен 4 есе кiшi. Сағатына 28000км жылдамдықпен ұшатын ғарыш кемесiнен Айға 13сағат 43минутта жетуге болады. Күн және оны айналып жүретiн ғаламшарлар мен олардың серiктерi күн жүйесiн құрайды. Сансыз жұлдыздардың жарқырап көрiнетiнiн және көрiнбейтiнiн жинақтап адамдар ғарыштық кеңiстiк деп атайды. Ғарыш кеңiстiгiнде шек жоқ. Ғарыштағы қашықтық өлшемi үшiн көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бiрлiк ретiнде алынады. Жарық секундына 300 мың км. жылдамдықпен таралады. Ол жерге Айдан 1, 3 секундта, Күннен 8 минуттан астам уақытта жетедi.

Бiздiң өмiр сүретiн ортамыз - Жер плaнeтасы. Ғарыш әлемiн көру үшiн зымыранмен ұшу кажет. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлемiндeгi өзгерістердi суретке түсiрiп зерттейдi. Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киiмдер киедi. Скафандр деп аталатын киiм - ғарышқа ұшуға лайықталған киiм.

Әлемдегi тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихына тұңғыш рет ғарышқа жол салды.

Тұңғыш қазақ ғарышкерлерi.
Алыста туып өскен бала жатты
Зымырап көктi тiлiп бара жаттым.
Менiреу, мылқау әлем ортасына
Арманын алып келдiм адамзаттың,
Мен, адал азаматпын!

Ей, жарандар, қарандар
Космостан бар досқа!
Әлемге сәлемдi жолдаймын,
Тыныштықты, тыныштықты қорғаймын.

Жер - Ана, неткен көркем ыстық едiң,
Есiме Ұлы Отаным түстi менiң.
Жасампаз жұртым жебеп тұрған кезде
Қашанда батыл да - мен, күштi де - мен.
Есiме түстiң, елiм
Көңiлi бар халықтың көкте бүгiн,
Алыстан айбынды үнi жеттi елiмнiң,
Жар салар ‘тату бол’деп бар әлемге
Отанның бейбiтшiлiк кептерiмiн.
Әлемге жеткен үнiм.

Рефлексия. «Егер мен ғарышкер болсам!»



Тақырыптық сабақ: "Ғажайып ғарыш әлемі"

Сабақтың мақсаты:  балаларға 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы      түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында  білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  ғарыш, самғаған, жер серігі.

Барысы:

I.                  Негізгі бөлім:

Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі күннің сабағы 12-сәуір ғарышкерлер күніне арналады. Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

( балалардың жауабы ).

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әр бір мамандық адамзатқа өте қажет екен.

 Мысалы: дәрігер - адамдарды емдейді, мұғалім – балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді. Міне балалар, әр бір мамандық қажет екен.

Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді.               Ю. Гагарин  тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 51 жыл уақыт өтті. Осы жарты ғасыр ішінде ғарышта әртүрлі елден жүздеген ғарышкерлер болып, көптеген зерттеу жұмыстарын атқарды. Солардың ішінде біздің Қазақстан еліміздің батырлары да бар. Ол ғарышқа ұшқан тұнғыш қазақ Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ол ғарышқа  бір емес, үш рет ұшқан Талғат Мұсабаев ағаларың. Биыл Тоқтар ағамыздың да ғарышқа ұшқанына 21 жыл толады. Ендеше осы біздің Қазақстан елінің азаматтарын Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты әрқашан мақтан етіп жоғары бағалауымыз керек.

Бүгін біздің балаларымыз, осы ғарышкерлерге арнап тақпақтарын айтып  бермекші:

1-бала.

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шаламын,

Мен ғарышкер боламын!

2-бала

Таңдай үлкен талабым,

Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлаймын,

Мен ғарышкер боламын!

3-бала

Сапарға енді ғажап тым,

Тоқтар тартты алысқа.

Туған ұлы Қазақтың,

Тұнғыш ұшты ғарышқа!

4-бала

Бет түзеймін алысқа,

Бағытымнан аумаймын!

Шетсіз- шексіз ғарышқа,

Зымыранмен ұшамын!

Тәрбиеші: Балалар, мына суретке назар аударыңдаршы, бұл суретте біздің Қазақстан Республикасының тұнғыш ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, тұнғыш ғарышқа ұшып ғарыш саласында қызмет жасады. Балалар, ғарышкер болуды армандайтын бала жоқ шығар? Ал ол үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып  өсулерің  керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Сол үшін оқуларыңды жақсы оқып, тәртіптерін жақсы болып Тоқтар ағаларың, Талғат ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектеспін.

5-бала

Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Ел мерейін өсірді,

Көк пен жерді жалғап.

6-бала

Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Өлең жазды ақыңдар

Екеуіне арнап.

7-бала

Көк пен жерді жалғаған,

Космодром – Байқоңыр.

Кораблынен самғаған,

Космодром – Байқоңыр.

8-бала

Қанаттылар мекені,

Қазақ жері, Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім, Байқоңыр!

Тәрбиеші: Ал енді балалар, мен сендерді әрі ойын, әрі сергіту сәті ретінде ойын ойнауға шақырамын.

Ойынның аты:  " Ұшты – ұшты "

Мақсаты: балалардың ақыл – ойын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын дамыту, қимыл – қозғалыстарын жетілдіру.

9-бала

Тоқтар – тұнғыш ғарышкер,

Арман қуып жасынан.

Көктен көзін алмаған,

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.

10-бала

Қорықпаймын қиыннан,

Бойлап ғарыш сырына.

Көз жіберсем қиырдан,

Туған өлке қырына!

11-бала

Сырын ашып ғарыштың,

Туған елдің бағына.

Құшағына даламның,

Ораламын тағы да!

Тәрбиеші: Ал, балалар енді кәзір мен сендерді өздерінің қолдарыңмен салған көрме көруге шақырамын.

Көрменің аты:  " Ғажайып  ғарыш әлемі! ".

Сабақты қорытындылау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды белгілеу. Мақтау арқылы көңіл - күйлерін көтеру.

Адам алғаш рет ғарышқа ұшқанына елу бес жылдан асыпты. Биыл сәуірдің 12-сі күні әлем халқы, яғни, бүгін адамның ғарышқа ұшқанына 55 жыл толады. Осы уақыт аралығында ғарышта 500-ден аса адам болған екен. Олардың арасында мұсылмандар да бар. Атап айтқанда, мұсылмандар арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер – саудиялық ханзада Сұлтан бин Салман. Ол ғарышқа 1985 жылы ұшты. Ал 1987 жылы «Союз ТМ-3» («Союз ТМ-2») ғарыш кемесінің және «Мир» деп аталатын орбитадағы ғылыми-зерттеу кешенінің ғарыш зерттеушісі Фарис Мұхаммед Ахмет ғарышқа көтерілді. Ол Сириядан шыққан тұңғыш ғарышкер. 1987 жылдың желтоқсан айының 21-і мен 1988 жылдың осы уақытында кеңес одағынан Манаров Мұса Хираминұлы «Союз ТМ-4» кемесімен ғарышқа ұшты. Борт инженері ретінде. «Мир» орбиталық кешенінде екі жылдан аса уақыт болды. Ол ғарышта болу уақытының ұзақтығынан жөнінен рекорд орнатты – 365 күн және 23 сағат. Ол Дағыстан тумасы. Болғанымен ұлты – лакец. Ол 1990 жылдың желтоқсан айының 2-нен 1991 жылдың мамыр айының 26-на дейін ғарышта екінші мәрте болды. Әр жылдары ғарышқа сапар шеккен мұсылмандар: Моманд Әбдіаһад – ауғандық. 1991 жылы – еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. Үш жылдан кейін Мұсабаев Талғат ғарышқа ұшты, елімізден шыққан екінші ғарышкер. Шәріпов Сәліжан Шәкірұлы – Қырғызстанның Ош облысына қарасты Үзген қаласында өзбек отбасында туған. Ансари Ануши – америкалық әйел. Шукор Шейх Мұзафар – малайзиялық ғарышкер. Айдын Айымбетов – қазақ ғарышкері.  

islam.kz

пікір




№ слайда 43

Описание слайда:

Ғарышкер болғысы келетіндерге! Барлығы да армандаудан басталатынын ұмытпаңдар. Армандаудан қорықпаңдар! Жалқаулыққа салынбаңдар! Сәттілік тілеймін!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ