Материалдар / Ашық сабақ: "Географиялық дерек көздер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Географиялық дерек көздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Географиялық дерек көздер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2103
37 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

«Тексерілді»: ...........................

ӘБ жетекшісі.....................................


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Географиялық зерттеу әдістері


Мектеп:


Күні: 23.09. 2017ж

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Географиялық дерек көздері

Географиялық тәжірибелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.3 -географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар

7.1.1.4- географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды

Сабақ мақсаттары

Географиялық дерек көздерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады.

Дерек көздерін кешенді пайдаланудың тиіміділігіне талдау жасайды.

Бағалау критерийлері

Білу және қолдану Географиялық ақпарат көздерін ажырата алады

Талдау: Географиялық білімдердің маңыздылығын дәлелдейді;

Тілдік мақсаттар


Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту: оқушы географиялық дерек көздерін оқиды, талдайды.

Сөйлеу дағдыларын дамыту:

мазмұны бойынша толық жауаптар береді.

Қолданылатын тақырыптық сөздер: зерттеушілер, саяхатшылар, әдістер, құралдар, дерек көздер, зерттеу қорытындылары.



Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер:

  • Географиялық дерек көздеріне жатады........

Географиялық зерттеулердің басты мақсаты.......болып табылады

Құндылықтарды дарыту



Құндылықтарды дарыту географиялық деоек көздерді анықтау барысында кездесетін терминдерді талдау барысында жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Математика, жаратылыстану, биология, тарих

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және презентация жасау барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім


Географияның зерттеушілер. Географиялық дерек көздерімен жұмыс жасау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


0-10 мин

  • Алдыңғы сабақты жаңа сабақпен байланыстыру

  • Жетелеуші сұрақтар:

Қандай дерек көздері бізге географиялық ақпарат береді деп ойлайсыздар?

Белгілі бір географиялық объект бойынша ақпараттар қалай жиналады?

Географиялық зерттеу ақпараттарын не үшін жинау қажет?

Мұғалім оқушыларды оқу мақсаты, сабақ мақсатымен таныстырады



Сұрақтар жазылған презентациялар немесе кеспеқағаздар

Сабақтың ортасы

11-15 минут


16-20 минут











21-25 минут












25-30 минут
































31-40 минут















Shape1 Мұғалім оқушыларға оқулықтан географиялық зерттеулердің негізгі әдістерімен таныстырады және дәптерге жазғызады.

Жеке жұмыс

2-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, кестені толтырыңыздар.( мәтін жоспардың соңында)

Географиялық ақпарат көздерінің бірінші ретті мен

екінші реттінің айырмашылығы қандай?

3-тапсырма. «Географиялық білім көздері» мәтініңдегі ақпаратты қолдана отырып, кестені толтырыңыз.


Оқушыларды топқа біріктіреміз

Топтық жұмыс

4-тапсырма: әр түрлі дерек көздерін пайдаланып, Жер климатының сипаттамасын жасаңыз:

1-топ – климаттық карта, климаттық белдеулер картасы (7-сынып атласы);

2-топ – климаттық белдеулер бойынша кесте мен Жердің орташа температурасының өзгеру графигі;

3-топ – 7-сыныптың география оқулығы, Климат қалыптастырушы факторлар. Жердің климаттық белдеулері;

4-топ - National Geographic Қазақстан журналының алынған «Ауру – ауа райынан» мақаласы;

5-топ – Жер климаты бойынша ақпаратты іздеу үшін іздеу жүйелерін қолдану (Google, Yandex).

( бұл жерде мұғалім басқа ақпарат көздерін берсе де болады)

Дескрипторлар

Оқушы


-географиялық ақпараттың әр түрлі дерек көздерін анықтайды;

-географиялық зерттеу әдістерін анықтайды;

-географиядық дерек көздерінің ерекшеліктерін анықтайды;


-географиялық зерттеулер әдістері арасында қандай айырмашылықтар болатындығын түсінеді;


-географиялық ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады;

-адам үшін географиялық білімдердің мәнің түсінеді.

Осы дескрипторлар бойынша мұғалім өзі бағалап шықса да болады немесе оқушылар топта қарама қарсы топты бағалатсаңыздар да болады.

Ой шақыру

Географиялық гысан деген не?

Оның қандай қасиеттері болады?

Географиялық нысандардың ортақ қасиеттерін (тұтастық, тұрақтылық, географиялық орналасуы, шығу тегі) туралы түсінік беру.

Географиялық нысандардың айрықша қасиеттері туралы түсінік беру

Тапсырма 1

Оқушыларға бірнеше нысандар беріп олардың айрықша өздеріне ғана тән қасиеттерін анықтату

Тапсырма 2

Оқушыларға сандық және сапалық қасиеттер туралы түсінік беріп, 5 сандық, 5 сапалық қасиеттер жазу туралы тапсырма беріледі.



Олшенетін шамалар мен бағаланатын шамалар туралы түсінік беру

Тапсырма3

«диктогласс» ойыны, бірнеше терминдерді 2 топқа жинастыру тапсырмасы беріледі.

Бағандар, шкалалар туралы түсінік беру, мысалдар көрсете отырып, бағандар мен шкалаларды ажырату



Тәжірибе не? Дегенді түсіндіру

Тәжірибе жасату (әр мұғалім өз мүмкіндігінше алады)

Құм, сазбалшық, су, кағаз т.б материалдарды пайдалана отырып әртүрлі құбылыстарды жасатып көрсету. Тәжірибе нәтижесін сипаттатып жазғызу



Сабақты бекіту

  1. Өлшеу деген не?, тәжірибе деген не?

  2. алдыңғы сабақта өткен саяхатшылардың қайсысы өлшеумен айналысты, қайсысы тәжірибемен айналысты?

  3. Алдыңғы тақырыпта өткен зерттеулердің ұайсысы өлшеуді, қайсысы тәжірибені қажет ететінін анықтаңыздар

  4. Өлшеу тәжірибенің бір бөлігі дегенге келісесіз бе? Ия болса ойыңызды дәлелдеңіз, Жок болса ойыңызды дәлелдеңіз



Презентация







Дәптер

Қосымша№1

Қосымша №2


















Флипчарт, маркер,

Атлас, журнал, интернет көздері















































Суреттер







Терминдер жазылған кеспе

Қағаздар





Құм, сазбалшық, су, кағаз т.б материалдарды


Сабақтың соңы

43-45

Географиялық ақпараттар не үшін қажет? Біз одан қандай ақпаратты аламыз? Күнделікті өмірде сіз қандай географиялық дерек көздерін қолданасыз?


Рефлексия:

  • «Сәттілік сатысы»-ндағы өз орныңызды бағалаңыз.

  • Оқу іс-әрекеттерін жақсарту үшін өздеріңіздің алдағы әрекеттеріңізді ойластырыңыздар

Үйге тапсырма: оқушыларға әртүрлі дерек көздерден аұпарат жинап келу тапсырмасы беріледі.


« Сәттілік сатысы» қағазы немесе суреті


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дифференциация тапсырмаларды таңдау, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтиже, оқушыға жеке жәрдем көрсету, оқушының жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалы мен ресурстарды таңдауда (Гарднердің көпшілдік сана теориясы бойынша) байқалуы мүмкін.

Дифференциацияны сабақтың кез-келген кезеңінде уақытты тиімді пайдалануды ескере отырып қолдануға болады.



Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Сабақ басында оқушылардың зейіндерін бір ортаға шоғырландыру үшін жаттығу жасайды.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.







1 таратпа материал.

Географиялық зерттеу әдістері

Материктер мен мұхиттар табиғаттарын зерттеу үшін географтар жалпы географиялық және салалық зерттеу әдістерін қолданылады.

Географиядағы негізгі зерттеу әдістері бақылау және өлшеу болып табылады, олар арқылы материктер мен мұхиттар ерекшеліктері туралы бірінші ретті географиялық ақпарат жиналады. Тікелей бақылау және қажетті өлшеулер экспедициялар, зерттеу объектісінде орналасу, мысалы, Антарктидадағы зерттеу станциясы кезінде орындалады. Оларды ғылыми-зерттеу кемелер мен рейстік кемелер, ғарыш станциялары орбиталары мен геофизикалық ракеталар, Жердің жасанды серіктері мен ұшақ-лабораторияларда жиі өткізеді.

Алынған бірінші реттік географиялық ақпарат негізінде жер бедері формалары, циклондар мен антициклондар, су қоймасы бар өзендер, табиғи кешендер және т.б. макеттер, немесе молдельдер жасалады, әр түрлі карталар құрастырылады.

Географияда тағы екінші реттік географиялық ақпараттарды алу әдістері бар. Ол көпшілік географиялық объектілердің тікелей бақылау үшін қол жетімсіз болуы мен өте үлкен болуына байланысты. Осындай жағдайда ғалым-зерттеушілер одан бұрын алынған және жүйеленген ақпараттарды қолданады.

Екінші реттік географиялық ақпаратты ғалымдар біртіңдеп жинастырады. Олар үшін дерек көздері болып карталар табылады, әсіресе тақырыптық, оларды талдай келе, құбылыстарды салыстыруға, нақты аймақтың бейнесін жасауға болады. Жүйеленген географиялық ақпаратты аймақтың әр түрлі сипаттарын біріктіретін кестелер де береді. Осындай кесте мысалы ретінде геохронологиялық шкаланы алуға болады. Екінші реттік географиялық дерек көздері болып графиктер, диаграммалар, қималар болып табылады.

Географияда екінші ретті ақпаратты алудың маңызды әдісі сипаттау болып табылады, әсіресе ол жеке материктер, елдер, теңіздер мен аралдар табиғаттарының сипаттамасына қатысты болса. Қазіргі кезде сипаттау функциясын әр түрлі видеоқұрылғылар атқарады – кино мен телевидение.

Екінші ретті географиялық ақпараттың жаңа көзі географиялық ақпараттар жүйесі (ГАЖ) болып табылады, ол компьютерлік оқу, анализ бен ақпараттың көрсетілімі үшін арналған.

2-таратпа материал.

Географиялық ақпарат құралдары

Географиялық білімдердің ең маңызды көздеріне карталар мен атластар, ғарыштық түсірілім, анықтамалық құралдар, географиялық кітаптар мен журналдар, ғылыми зерттеулер жөніндегі есептер жатады. Табиғат туралы әр түрлі деректерді фотоальбомдар, деректі фильмдер мен телевизиялық бағдарламалардан алуға болады.


Карталар мен атластар – бұл географиялық дерек көздері. Олар әр түрлі табиғат құбылыстары мен процестер, олардың аймақ бойынша таралуы туралы адамзат жинастырған ақпараттардан тұрады.

Карталар бойынша әр түрлі экспедициялар жоспарланады және егжей-тегжейлі зерттеу аймақтарын таңдайды, ал олардың қорытындылары бойынша жиі карталар жаңартылады немесе тіпті жаңа карталар жасалады.

Табиғат пен табиғат ресурстары бойынша географиялық ақпараттың келесі маңызды дерек көзі географиялық сипаттамалар болып табылады. Олар ғылыми және ғылыми-танымдық кітаптар мен журнал мақалалары мен жинақтар («Вокруг света», «Гео», «Вояж» және т.б.) түрінде кездеседі. Энциклопедиялар мен анықтамалық құралдар ақпараттың жалпылама көзі болып табылады.

Соңғы уақытта географиялық ақпарат көзі ретінде аэроғарыштық түсірілімдердің маңызы артуда (жер бетінің түсірілімдері). Ғарыштық түсірілімдерді геологиялық зерттеулер, ауа-райын болжау, өсімдік дүниесін, топырақ эрозиясын, шаңды дауылдардың, түтін іздерінің, орман өрттерінің таралуын зерттеуде қолданылады.

Барлық алынған ақпаратты жинақталып, табиғат туралы компьютерлік банктерде сақтайды. Арнайы бағдарламалар арқылы оны банктен алып шығып, әр түрлі ғылыми және практикалық міндеттерді шешуде қолдануға болады.

Геоақпараттық жүйе (географиялық ақпараттық жүйе, ГАЖ) – қажетті объектілер жөніндегі ақпараттарды жинастыру, сақтау, талдау және графикалық визуализациялар жүйесі.

Бізді қоршап тұрған әлем туралы білімдер мен көзғарастарды кеңейту үшін телебағдарламаларды («Вокруг света», «В мире животных», «Клуб путешественников», «Дикая природа» және т.б.), сонымен бірге әр түрлі видеотүсірілімдерді және интернет сайттарын қолдана отырып алуға болады





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!