Материалдар / Ашық сабақ "Гимнастика" 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Гимнастика" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың гимнастикалық қабілеттерін арттырып, ептілікке, икемділікке, күштілікке үйретеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
818
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ «Гимнастика» 5-сынып

Пән мұғалімі: Юсупов Н

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика

Сабақтың мақсаты:

а) Әр түрлі биіктіктегі арыс жасалатын жаттығуларды жетілдіру

ә) Акробатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету

б) Күштілік, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Әр түрлі биіктіктегі арыс, гимнастикалық төсеніш, гимнастикалық скамейка, бөрене, гимнастикалық қабырға

Сабақтың әдісі: жаппай, топпен


Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар


1.Дайындық бөлімі

15 минут


1

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!» «Солға!» «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары

2 мин

Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау

2

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар

Алға жүру:

1.Екі қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру

2.Қол белде өкшемен жүру

3.Қол желкеде жартылай отырып жүру

4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру

2 мин

Қолды бүкпеу, денені тік ұстау, кеудені тік ұстау

Кеуде тік, басты көтеріп ұстау

Жоғары секіру

3

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:

1.Жеңіл жүгіріс

2.Тізені алға көтеріп жүгіру

3.Қолды артқа қойып,аяқты артқа серей жүгіру

4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру

5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру

6. Сол қапталмен қолды артқа айналдыру

3 мин

Ара-қашықтық сақтау. Тізені алақанға тигізу. Аяқты алақанға жеткізу. Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру

4

Тыныс алу жаттығулары, сапқа 2 қатарға тұрғызу



5

Жалпы дамыту жаттығулары

8 мин


1

БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау

2.БҚ

3.Екінші аяқпенен де осылай жасау

4-6 рет

2

БҚ қолдарын төмен ұстап бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.

2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау

6-8 рет

3

БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.

1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею

2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу

6-8 рет

4

БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю

2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау.

8-10 рет

5

БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру

1.Жартылай отыру

2.БҚ келу

10-12 рет

6

БҚ серіктестерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу

2.БҚ келу. Екінші аяқпенде осылай жасау

10-12 рет

7

БҚ табандарын тіреп аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру

1.Сол аяқты жоғары көтеріп, созып ұстайды

2.БҚ

3.Оң аяқпен де осылай жасау

6-8 рет

8

БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.

1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқаяды

2.БҚ

3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю

4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды

6-8 рет

9

БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды.

1.А алға еңкейеді. Б аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле А-ның иығына жатады

2.БҚ

3.Қайталау



ІІ Негізгі бөлім

25 мин


6

Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу

1.Гимнастикалық скамейкадан секіру

2.Гимнастикалық төсеніште алға домалау

3.Ағаш аттан аттау

4.Гимнастикалық төсеніште артқа домалау

5.Тепе-теңдік сақтап жүру

6.Гимнастикалық қабырғада мініп-түсу жаттығуын жасату

7.Демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасатып 3 топқа бөлу

7 мин

Оқушылардың тұрып қалмай дұрыс жасауын қадағалау


І топ

Әр түрлі биіктіктегі арыстан

1.Тартыла секіріп,аяқты ашып міну

2.Шалқаю

3.Қолын арыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру

4.Қарлығаш жасау

5. Бұрыш жасау

6.900-қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру

18 мин

Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап сыныптасының мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау


ІІ топ

Акробатикалық жаттығулар

1.Алға домалау

2.Көпір жасау

3.Артқа домалау

4.Жауырынға тұру

5.Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алақанын жерге қою

6.Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру


Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау


ІІІ топ

Тепе-теңдік жаттығулары

1.Қарлығаш жасау

2.Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру

3.Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу

4.тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру


Сыныптасының көмегімен жасау


ІІІ Қорытынды бөлім

5 мин


7

Оқушыларды сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу. Үйге тапсырма беру

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!