Материалдар / Ашық сабақ "Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. "

Ашық сабақ "Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. "

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
1437
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: §36. Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Олардың алдын алу

шаралары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа

негізделген оқу мақсаттары

        1. гиподинамия салдарын атау

        2. сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу

себептерін анықтау


Барлық оқушылар:

Мәтіндегі термин сөздердің мәнін түсіндіре алады, гиподинамияның зияндығын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қимыл-қозғалыстың аздығынан адамда болатын өзгерістерді болжайды, бұлшық ет гигиенасын талқылайды, жалпақтабандылық пен сымбаттың бұзылуына алып келетін факторларды жүйелейді, оның алдын алу шараларын

қарастырады.

Кейбір оқушылар:

Тірек-қимыл жүйесі үшін дене қозғалысының маңыздылығына баға береді.

Сабақтың

құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

  • Мәтіндегі ұғымдарының мәнін ашады, оның ағза үшін тигізетін әсерлерін болжайды.

  • Бұлшық еттердің гигиенасын талқылап, тұжырым жасайды.

  • Жалпақтабандылықты болдырмау шараларын қарастырады.

  • Сымбаттың бұзылуына алып келетін жағдайларды болжайды.

  • Тірек-қимыл жүйесі үшін дене қозғалысының маңызына баға береді.

Тілдік мақсат

Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Гиподинамия, гипокинезия, сымбат, жалпақтабандылық

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Ауырған адам төсекте көп жатып қалса, бұлшық еттері әлсіз болып қалады, ал спортсмендердің бұлшық еттері тығыз, қатты болады. Не себепті осылай

болады?

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен оқушыларға өкшесі төмен аяқкиім киюге кеңес беріледі? Неге

өкшесі биік, спорттық аяқкиім, тар аяқкиім киюге болмайды?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жалпақтабандылық пен сымбаттың бұзылуының алдын алу ережелерін

жазу


Алдыңғы оқу

«Кім жылдам?»

  • Иықтың иық буынын жазатын бұлшық ет;

  • Төртбасты бұлшық ет орналасатын дене бөлігі;

  • Кеуде және құрсақ қуысының арасында болатын бұлшық ет;

  • Тыныс алуға қатысатын, кеуде қуысын кеңейтетін бұлшық еттер;

  • Төменгі жаққа бекінетін бұлшық ет;

  • Бас пен мойынды бұруға көмектесетін бұлшық ет;

  • Бұлшық еттердің ең басты физиологиялық қасиеті;

  • Бұлшық ет ұлпасының түрлері;

  • Балтырдың бұлшық ет;

  • Иық буынын бүгетін бұлшық ет.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

Сыныпты «Спорт», «Сымбат» топтарына геометриялық фигуралар арқылы бөлу. Топ мүшелері топ атына байланысты терминдердің мағынасын ашады.

Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:

«Күн сәулесіндегі менің портретім»

Әр оқушыға парақтың дәл ортасындағы дөңгелекке

«Менің қолымнан келеді» деп жазылған парақ беріледі. Оқушылар дөңгелектің жан-жағына күн сәулелерін салып, оның бойына басқа оқушыға қандай көмек бере алатындарын жазады.

Ортасы

І. Оқулықпен жұмыс.

«ДЖИГСО»

Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе отбасы топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.

Дескрипторлар:

  • Гиподинамия, гипокинезия ұғымдарының мәнін ашады, оның ағза үшін тигізетін әсерлерін болжайды.

  • Бұлшық еттердің гигиенасын талқылап, тұжырым жасайды.

ІІ. «Суреттер сөйлейді»

Суреттерге қарап әңгіме құрастырыңдар.

Оқулық

Shape1


Shape2

Дескрипторлар:

  • Мәтінді толық меңгереді.

  • Жалпақтабандылықтың болу себептерін анықтайды, түсіндіріп береді.

  • Сымбаттың бұзылу себебін анықтайды, түсіндіріп береді.

  • Жалпақтабандылық пен сымбаттың бұзылуының алдын алу шараларын ұсынады.


Сергіту сәті: Бір, екі – еңкей, Бүгілмесін тізең. Үш-төрт шалқай, Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға Саусақты соз, жасқанба. Кері байланыс:

Бүгінгі сабақта мен:

    • білдім

    • түсіндім

    • үйрендім


Аяқталуы

«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.

Тақырып бойынша топ мүшелері келесі топ мүшелерінен сұхбат алады.

Дескрипторлар:

  • Мәтіннен негізгі ойды бөліп алады.

  • Бір-біріне сұрақтар қоя біледі.


Қосымша ақпарат. Сымбат – қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі.

Бұзылу сатысы.

Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.

Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.

Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел


біріншіден – омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын көрініп тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, омыртқаның бүгіліп-жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады. Сколиоз – омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (туа және жүре пайда болады).

Лордоз – омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады. Бүкірлік, кифоз – омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы.

Жалпақтабандылық – адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.

Бұзылу сатысы

1, 2, 3-дәрежелі жалпақтабандылық

Пайда болу себебі:

  • Үнемі биік өкшелі аяқкиім кию;

  • Тар аяқкиім кию;

  • Аз қозғалыс;

  • Артық салмақ.

Алдын алу:

  • Аяқкиімді таңдап кию;

  • Жалаңаяқ жүру;

  • Арнайы массаждар қабылдау;

  • Шынығу.

Гиподинамия – аз қозғалу, жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.

Жалпақтабандылықты қалай анықтауға болады?

Бұл сұрақтың жауабы: аяққа сұйық май жағып, қағаз бетіне тұру, 1– 1,5 минуттан кейін алып қарау. Егер табан екі шеңбер тәрізді болса, онда жалпақтабандылық жоқ, ал табан толық болса, онда жалпақтабандылықтың бар болуы не жаңа басталуын көрсетеді. Өлшемі бойынша

1.4 – дұрыс, 2.4 – жалпақтау, 3:4 – жалпақ.

Жалпақтабандылықты алдын алудың ең тиімдісі – дұрыс аяқкиім алу. Баланың аяқкиімі аяғымен бірдей және тақасының биіктігі 5–8 мм болуы керек.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін:

Мына суреттерді не байланыстырып тұр? Ойыңды жеткіз.

Қабілеті жоғары оқушы:

Ертедегі гректер «Денің сау болсын десең – жүгір, әдемі болғың келсе – жүгір, ақылды болғың келсе – жүгір» деген екен. Неге гректер осылай кеңес берген? Ойыңды дәлелмен жеткіз. Қозғалыстың тірек-қимыл жүйесі үшін маңызын бағала.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия. Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не

Рефлексия


  1. Мен бүгін білдім

  2. Қызықты болды

  3. Қиын болды


білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

  1. Мен тапсырманы орындадым

  2. Мен түсіндім

  3. Енді мен келесіде … орындай аламын.

  4. Мен бүгін сезіндім …

  5. Мен бүгін … таптым

  6. Мен … үйрендім …

  7. Менде бүгін сәтті шықты ….

  8. Мен …істей алдым.

  9. Мен … орындап көремін

  10. Мені таңғалдырды

  11. Бүгінгі сабақ өмір үшін…берді.

  12. Мен … істегім келеді.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

  2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

  2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ