Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі, халықаралық банктер 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл өткізген ашық сабағым мектеп ұстаздарына керек боп қалар деген ойдамын. Жаңартылмаған сынып болмаса да, жоспарды солай жасадым және оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты. Егер ашық сабақ өтетін ұстаздарға көмегім тиіп жатса, қуанар едім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі, халықаралық банктер

Пәні: География

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Балманова

Күні: 22.02.2018 жыл

СЫНЫП: 10


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ мақсаттары:


Оқушылардың барлығы біледі: Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі, валюта түрлері, халықаралық банктер туралы білу. Олардың маңыздылығын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Валютаның түрлерін ажырата алады және қаржы-қаражат жүйесі туралы өз ойларын айтып, картамен жұмыс жасай алады.

Оқушылардың кейбіреуі: Оқулықтан тыс тақырып бойынша мәліметтерді айта отырып, өз ойын дәлелдей алады және қазіргі кездегі әлемдегі дағдарыстарға мысал келтіреді.

Бағалау критерийі

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесін түсіну

Халықаралық банктер туралы білу.

Валюта түрлерін ажырата алу

Тілдік құзіреттілік

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі, банктер, валюта, инвестиция, оффшорлық орталықтар.


Ресурстар

Оқулық, атлас, карта, топқа бөлуге арналған әр түрлі суреттер  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойындар

Пәнаралық байланыс

Тарих, Математика

Алдыңғы оқу

Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері, сыртқы сауда

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер, ресурстар

Басталуы

2 минут







5 минут




І. Ұйымдастыру кезеңі, жағымды психологиялық ахуал тудыру.Оқушылар шеңбер бойына орналысады.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Үй тапсырмасы.

«Білім биржасы» (оқушыларға үй тапсырмасына байланысты деңгейлік сұрақтар қою)

  1. Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлерін атаңыздар. ( сыртқы сауда, несие-қаржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық)

  2. Халықаралық экономикалық қатынастардың ең байырғы түрі? (Сыртқы сауда)

  3. 20-ғасырдың соңына қарай қанша ел сыртқы саудада жетекші болды? (25 ел)

  4. Экпорт дегенімізді қалай түсінесіздер? (Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтардысыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. )

  5. Импорт дегеніміз? (Импорт (латынша: іmportare – әкелу) – ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елдерден тауарлар, технологиялар әкелу)

  6. Сальдо деген терминді қалай түсінесіздер? (Сальдо (итал. saldo — есеп айырысу, төлем төлеу, қалдық, қорытынды) — белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай қаражаттың немесе материалдық заттың түсімі мен шығысы арасындағы айырма)

  7. ДСҰ дегеніміз? (Дүниежүзілік сауда ұйымы, 1995 жылы құрылған, 132 ел мүше)

  8. Қазақстанның негізгі сауда әріптестері? (Ресей мен Қытай)

  9. Қазақстанның басты экпорттық өнімдері қандай деп ойлайсыздар? (мұнай мен газ)

  10. Дүниежүзілік сыртқы сауда дегеніміз? (халықаралық географиялық еңбек бөлініс негізінде ұлттық шаруашылықтарды өзара байланыстыратын маңызды сала)

Мадақтау сөздермен бағалау


Топтарға арналған әр түрлі суреттер


Теңге арқылы бағалау






Дүние жүзінің саяси картасы

Жаңа білім

5 минут




Білу және түсіну

Ой қозғау

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі туралы не білесіздер?

(жаңа тақырыптың мақсатымен таныстыру)

Жаңа тақырып.

Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі – халықаралық қаржы-қаражат жүйесі. Олар валюталық, несиелік, инвестициялық болып бөлінеді.

Әр елдің ұлттық ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады.Қазіргі кезде жасалатын операциялар төлемі бойынша үш орталық – Лондон, Нью-Йорк, Токио ерекше айқындалады.

Халықаралық банктер – Азия даму банкі, Африка даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, халықаралық аймақтық даму банкілері бар.


Суреттер, слайдтар


Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

1 минут




15 минут









5 минут

Қолдану

(Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі. 1-топтағы оқушылар өз тапсырмалары арқылы 2-топқа валюта береді, 2-топ несие алу немесе инвестиция беру үшін валютаны пайдаланып, халықаралық банкке (3-топқа) барады)


Топтық тапсырма

1-топ: Валюта және оның түрлері

2-топ: Халықаралық несие және инвестиция нарығы


Топтар бір-біріне электронды (интернет-банкинг) ұялы телефонның ватсап желісі арқылы сұрақтар қояды) жасайды.


Жеке жұмыс


Оқулық,

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Дүние жүзінің картасы, суреттер.






тапсырмалар

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Ой қорыту

«Білім жәрмеңкесі»

Оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады



валюталар



2 минут







Кері байланыс

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазылған қағазды әлемдегі ең құнды қағаздар сақтайтын Швейцария банкіне салады.


Үйге тапсырма: §42

Мәліметтер жинақтау, валютаның түрлерін жаттау


Сабақтан алған

әсерлерін

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Picture 1 Picture 2



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
1212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12