Ашық сабақ Хан Абылай атандың Бұқар жырау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Хан Абылай атандың Бұқар жырау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды әріптестеріме тәжірибе алмасуға және жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде ұсынамын. Бұл сабағымды жаңартылған бағдарлама аясында өттім. Қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін пайдаландым. Бұл сабағымдағы әдіс-тәсілдер жас мамандарға әдістемелік көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Әдебиеттік оқу

Орта мерзімді жоспар бөлімі

6-тарау: Атақты тұлғалар

Күні: 19.02.2019 ж. Сынып: 3 А


Мектеп: № 16 И.В.Панфилов атындағы жалпы о/м

Мұғалімнің аты-жөні: Құралова Г. Қ.

Қатысқандар саны: 29 Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Бұқар жырау Хан Абылай атандың


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.1.2 – шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу;

3.1.4.1 – сөйлеу барысында суреттерді (қиялындағы) қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

6-тарау өткен бөлімдерде алынған білім мен дағдыларға негізделген. Оқушылар мақал-мәтел-дерді шығармашылықпен қолдануды, өз ойын айтуды, топпен, жұппен жұмыс тәсілін меңгеріп, басқаның ойын қорытындылауды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтауды игерді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жос-парл. кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

« Мен саған күлкі сыйлаймын» жаттығуы.

Қағазға жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді.1,2,3,4 топтарға бөлініп отырады.

1-топ « Біздің »

2-топ « сынып »

3-топ « өте »

4-топ « керемет »

Алтын ережесі

  • Ұйымшыл болу

  • Шапшаң болу

  • Өзгенің пікірін тыңдау

  • Уақытты тиімді пайдалану

  • Әділ бағалау

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

« Даналық ағашы»

Сұрақтар

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау


Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары


Сабақтың ортасы


Сөзжұмбақты шешу

Тақырыпты ашу

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Тақырып болжау.

Ел басына күн туғанда халықты жаудан қорғаған батырларымыз бар екені айтыла отырып, бүгінгі сабақтың ұраны елдік, ерлік екені болжанады.

Мақсат, күтілетін нәтиже.

Батырлық. Ерлік. Бірлік. Ел бостандығы.

Тыңдалым.

Оқушылардың Абылай хан туралы жинаған мәліметтерін тыңдау

Абылай хан туралы мәлімет

Абылайдың азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Түркістанды қалмақтар басып алғанда әкесі Уәли қайтыс болып, Әбілмансұр далаға қашып шығады да, аман қалады.

Әбілмансұр барған жерінде ататегін жасырып, күн кешеді. Осы«ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім бала үйсін Төле бидің қолына келеді. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасаты, ел билеу қабілеті, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. 1730– 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қонтайшы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің атын өшірмей, жауға «Абылайлап» ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.

ҚБ. Бас бармақ арқылы топты бағалау

Оқылым алды жұмыс.

Бұқар жырау – Абылай хан тұсында өмір сүрген жырау.

Оқылым. Түсініп оқу.

Оқулықтағы Бұқар жыраудың «Хан Абылай атандың» өлеңі оқылады.

Жатқа айтылады

Бейнеролик Абылай хан жайында

1-тапсырма.

Ойтолғау.


І топ - « Абылай - хан»

ІІ топ - « Абылай - батыр»

ІІІ топ - « Абылай – қолбасшы

ІV топ. Суретке қарап, Абылай ханды сипатта.



Дескриптор:

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау.



Тапсырма-ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.








Белсенді оқу тапсырма-лары


Сабақтың соңы


Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс парағы









Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.04.2019
2529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі