Сабақ барысы:
І.Кіріспе
1)Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушылармен амандасу,
түгендеу,сабаққа назарын аудару – 1
минут.
Оқушыларды сабаққа
психологиялық жағынан дайындау – 1
минут.
«Мықты тірек» тренингі
–
Шарты: дөңгелектеніп, иық тіресіп
тұру, оң жаққа бір қадам, кейін сол
жаққа бір қадам жасау, мықты тіректі
сезіну
-
Қозғалыс
барысында не сезініп тұрсыздар?
-
Құламаймыз, тіреп тұрмыз
-
Дұрыс, әрдайым бәріңіз бір-біріңді демеп, кол
ұшын беріп жүріңіздер
Бірлігі жарасқан бұл сынып
Жүреді әрдайім бірігіп
Тілейміз алдағы сынақтан
Мектепті қуантсын,
Қалаға тәнті қып – деп
сабағымызды бастасақ
Топтастыру
- Түрлі-түстер бойынша 4 топқа
бөлінеді. (20 оқушы
2.
Үй тапсырмасын
пысықтау.7
минут Сұрақтар
қою- Блум таксаномиясы, сұрақтар
стратегиясы -
Олар жалпақ және жіңішке
сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала
жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар
кетеді.
Жіңішке
сұрақтар - еске түсіруге арналған
сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе
ия, жоқ деген жауап алынатын
сұрақтар
1.Терминдерді білесің
бе?
-
Алланың нағыз құлы,алланың нағыз ұлы
-
622 ж Меккеден Мәдинаға мұсылмандардың көші
-араб тілінде «Тура жол
-
парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды ілдіреді
-
Жәбірейіл періштенің жеткізген аяндары – »
-
Алладан адамзатқа тура жолды нұсқау үшін Мұхаммед пайғамбарға
түскен ең соңғы кіта
-исламдағы діни құқықтық мектеп
1.Түркілердің негізгі сенімі? - Тәңірлік
дін
2.
Олар өздерінің Тәңірге табынатынын және
оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен саяхатшы? -
Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде
жазған.
3.
Түріктер дүниетанымының бастау
бұлағы, қайнар көзі? – Табиғат.
4.
Осы табиғатты жаратушысы деп
нені таныған? – Тәңірді / табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып,
оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет
көрсетілген.
5. Бұлардан басқа көне
түркілердің наным-сенімдерінде қандай құдайларға сиынған?
- әйел-құдай – Ұмай ерекше
құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі
болған. Тоныкөк құрметіне орнатылған
ескерткіште: “Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс
сыйлаған осылар деп ойлау керек!”, –
делінеді.
6.
В.В. Бартольд айтуынша ежелгі түркілер дінінің негізі не болған? -
“Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға)
сыйыну болды”, – деп жазады.
7. Түріктердің мәдениетіне
үлкен ықпалын тигізген келесі діни наным?
– шаманизм болды
Жалпақ
сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі
түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл
сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен
беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді.
Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге
болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде
де.
1.
Мәзһабтардың пайда болу себептері? Ханафи мәзһабының өзге діни
мектептермен салыстырып оның ерекшеліктеріне сипаттама
беріңдер.
2.Сопылықтың негізгі мәні неде?
3.
Батыстағы ғылымның өркендеуіне мұсылман ғалымдары да елеулі үлес
қосқан деп айта аламыз ба?
4.Елбасымыздың: «Ислам- дін ғана емес,ол-біздің
мәдениетіміз» деген ойын қалай түсінесіздер?
3) Қызығушылықты ояту
сатысы. (Білу мен түсіну).Тірек білімдерін жаңғыртып
жаңа материалды игеруге дайындық кезеңі
«Аралас /Қатып қозғалма/
Жұптас» стратегиясы бойынша ой шақыру- 4
минут
1-тапсырма.
Білу мен
түсіну Дәптерлеріңнің бетін ашып -
Қазақ жеріне ислам қайдан?қалай келді?қалай тарады? - деп жазамыз,
орнымыздан дәптер қаламсаптарымызды ұстап тұрамыз. Бері ортаға
келіңіздер.Мен «Араласыңдар» дегенде сіздер сыныптың ішінде
еркін қозғалыс жасайсыздар және «Қатып
қозғалмаңыздар» дегенде жаныңызда тұрған
адаммен қол ұстасып сәлемдесіңіздер. Сонан соң келесі нұсқауды
күтесіздер. Сонымен бастаймыз.
«Араласыңдар» деп музыканы 1
минутқа қосамын. Музыканы тоқтатамын. «Қатып қозғалмаңыздар»,
бір-біріңізгежақсы тілек айтыңыздар.1 мин кейін тыныштық белгісін
беріп, қолымды жоғары көтеремін. Оқушылар да маған бұрылып,
қолдарын көтереді. Ол тыныштық орнағанын көрсетеді.Дәптердің бетіне
осы сұрақтарға сәйкес туралы ойыңызға келген идеялардың тізімін
және естіген, көргендеріңізді жазыңыздар. Сыныптарыңызбен көбірек
араласа жүріп жасаңыздар.
«Араласыңдар».
Мен де оқушылармен араласа
жүріп, оқушылардың әңгімелерін тыңдаймын.3 минуттан кейін: «Қатып
қозғалмаңыздар» - Енді орнымызға оралайық.
Диалог. Бірнеше оқушылардан
сұраймын.
- Сонымен қандай идеялар,
мағлұматтар жаздыңдар?
- Ислам діні Қазақстан жеріне қай ғасырда тарала
бастады?
- Қай мемлекетте алғаш рет
қабылданды?
- Орталық Азиядағы алғашқы түркі мұсылман
мемлекетін атаңыздар?
- Илам дінін кімдер таратуға ат
салысы?
- Қазақ хандары ислам дініне қолдау көрсетті
ме?
-
Жарайсыңдар, көп нәрсені
біледі екенсіңдер.
2-тапсырма. Көршіңмен дәптерлеріңді
ауыстырып, бір-біріңді тексеріңдер. Критерийлерді
ұмытпаңдар.
Білу мен түсіну
критерийлері:
-
тақырып бойынша 3-4 нақты ақпаратты біледі. ( 2
балл)
-
себептерін,түсіндіреді, сипаттайды. (3 балл)
Сабақ мақсатын бірігіп
анықтау - Бүгін сабақта біз нені оқып,
білім аламыз?
Ал
жетістік критерийлерін бүгін өздерің топта талқылап құрыңдар. «Блум
таксономиясының талаптарын ескеріңдер. Осы етістіктерді
қолданыңдар. Бағалау парағына бүгін әр тапсырма бойынша баға қойып
отырамыз.
Бағалау
Жинақтау
Талдау
Қолдану
Білу мен түсіну
Оқушылар өздері табыс критерийлерін айтып
шығады.
(
Жетістік критерийлерімен
таныстыру) (слайд):
-
Топтық талқылауға белсенді
қатысамын
-
Қызықты идеялар ұсынамын
-
Басқалардың пікірін тыңдаймын
-
Өзімнің көзқарасымды айтамын және оны шебер
дәлелдеймін
-
Сынып алдында жұмыс нәтижесін
қорғаймын
(Барлығы 2 балдан 10
балл)
Топтастыру – сандар бойынша 4 топқа
бөлу.
Мұғалім :Оқушыларды бес адамнан
тұратын 4 топқа бөледі.Әдісі-1,2,3,4,5 сандары
бойынша.
Сергіту сәті:
ІІІ.Негізгі
бөлім. Мағынаны тану / 20 мин
/.Топтық жұмыс.
3-тапсырма.
Қолдану. (Презентация)
Екі
оқушы үйден дайындап әкелген презентацияларын таныстырады. (4-6мин)
–
1)Қазақстанда ислам дінінің таралу
кезеңдері.
2)Исламның мәдениетке
әсері.
Сынып оқушыларына презентацияны бағалау
критерийлері беріледі.
Қолдану
критерийлері:
1.
мазмұнының тақырып пен кезеңге сәйкестігі (2
балл)
2.
эстетикалық бейнесі (1 балл)
3.
білімді кеңейтуі, дамытуы (2 балл)
Барлығы: 5 ұпай.
4-тапсырма. Жинақтау.Пікірталас: «
»
5-тапсырма.
Талдау. Диалог. Сұрақтар
қою. Блум таксаномиясы, сұрақтар
стратегиясы - Олар жалпақ және жіңішке
сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала
жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар
кетеді.
Жіңішке
сұрақтар - еске түсіруге арналған
сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе
ия, жоқ деген жауап алынатын
сұрақтар.
Жалпақ
сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі
түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл
сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен
беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді.
Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге
болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде
де.
Жалпақ
сұрақ: – қарастырылып отырған
кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап
беру)
IV. IV.Қорытынды
Кері
байланыс.Ой толғаныс сатысы.
Рефлексия.
- Біз бүгін қалай жұмыс
істедік?
Жетістік критерийлері орындалды
ма?
- Сабақта не ұнады?
- Неліктен ұнады?
- Не ұнамады?
- Не себептен ұнамады?
Бағалау. Бағалау критерийлеріне оралу.
Әр топ өзінің және топ мүшелерінің сабаққа қатысуы туралы талқылап
бағалау парақшасын толтырып береді. Журналға сол бағалары бойынша
ортақ баға қойылады.
Бағалаудың маршруттық
картасы.
-
Аты-жөні:
|
Өзін-өзі бағалау
|
Өзара бағалау
|
Мұғалімнің бағасы
|
Қорытынды баға
|
1-тапсырма. Білу мен түсіну
критерийлері:
-
Ислам діні туралы 3-4 нақты ақпаратты біледі. ( 2
балл)
-себептерін,түсіндіреді, сипаттайды. (3
балл)
|
|
|
|
|
2-тапсырма. (Презентация)
Қолдану критерийлері:
1.
мазмұнының тақырып пен кезеңге сәйкестігі (2
балл)
2.
эстетикалық бейнесі (1 балл)
3.
білімді кеңейтуі, дамытуы (2 балл)
|
|
|
|
|
3-тапсырма.Жинақтау
критерийі: «Екі жұлдыз бір тілек».Топ
атынан екі жетістігі мен бір ұсыныс
айту.(3-5балл)
|
|
|
|
|
4-тапсырма.. Талдау
критерийлері:
1. қисынды қорытынды жасай алады. (3
балл)
2.өз пікірін ғылыми тілмен жүйелі жеткізе алады.
(2 балл)
|
|
|
|
|
5-тапсырма. Бағалау
критерийлері:
1. кемшіліктерінен ой түйіп, болашаққа жоспар
жасай алады (2 балл)
2. өзін және басқаларды әділ бағалай алады. (2
балл)
3.
жаңа ой, пікір ұсынады.(1 балл)
|
|
|
|
|
Қорытынды
баға (Блум
таксономиясының
ең жоғарғы деңгейі:
орташа деңгейі:
төмен деңгейі: (пайызбен)
|
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне өзі баға қойып бағалау парағына
белгілейді.
Оқушының аты-жөні:
|
«3»
|
«4»
|
«5»
|
Сабақтағы белсенділігім
|
|
|
|
Басқаларды тыңдауым
|
|
|
|
Өз
пікірімді айтуым
|
|
|
|
Топ
жұмысын қорғауға қатысуым
|
|
|
|
|
|
|
|
Үй
тапсырмасы:
1.Тақырыпты Инсерт стратегиясымен оқып, кестесін
толтыру.
2. «... » тақырыбына эссе
жазу.(критериі тақтада тұрады). ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа
сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын
жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут
ішінде тоқтамай жазады.
3.
Жеке тапсырма. Бір оқушы ....туралы мәлімет беретін таныстырылым
дайындап келеді.
Қорытынды
сөз.
-
Жарайсыңдар, мен сендердің білімдеріңе, сабақ үстіндегі жұмыстарыңа
риза болдым. - - - Қанекей жалпы бүгінгі жұмысымызға қандай баға
қоямыз?
Барлығы түсінікті болса,бас бармағымызды жоғары
көтерейік.
Орташа түсінікті болса бас бармағымызды оңға
бұрайық
Түсініксіз болса, бас бармағымызды төмен
қаратайық.
Тамаша. Сабағымыз осымен
аяқталды.
Эсселерді бағалау
рубрикалары:
Эссе «5»-ке бағалану
үшін:
1.Басқаларға ұқсамайтын тезистер
енгізілген (сабақта айтылғандарды сол күйінде
қайталамай)
2.
Осы тезистер жақсы
дәйектемелермен бекітілген.
3.
Осы тезистерге негізгі бақылау дәйектемелер
енгізілген.
4.
Негізгі мазмұн және қорытындысы бар анық баяндамамен қамтамасыз
етілген.
5.
Мұқият және қатесіз жазылған
6. Көлемі 3-тен – 4 бетке
дейін болуы
керек.
Эссе «4»-ке бағалану
үшін:
1.Басқаларға ұқсамайтын тезистер
енгізілген (сабақта айтылғандарды сол күйінде
қайталамай)
2.
Осы тезистер жақсы
дәйектемелермен бекітілген
3.
Негізгі мазмұн және қорытындысы бар анық баяндамамен қамтамасыз
етілген.
4.
Мұқият және қатесіз жазылған
5. Көлемі 2 – 3 бетке
дейін болуы
керек.
|