Білім беру
саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған ашық оқу
қызметі: Қазақ
тілі
Тақырыбы: Жабайы
аңдар
Мақсаты: Жабайы аңдар туралы, олардың
тіршілік ететін ортасы және қоректері туралы түсініктерін бекіту.
Сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Қолданылатын
көрнекіліктер: Интерактивті тақта, суреттер,
үлестірме қағаздар
Билингвальдық
компонент: Аю-медведь, қоян-заяц,
қасқыр-волк, түлкі-лиса, піл-слон,
маймыл-обьезяна
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы:
І Ұйымдастыру
кезеңі
Шаттық
шеңбері:
Таң атқанда
әлемге,
«Қайырлы таң», «Сәлем»
де,
Амандасу
парызың
Жауап қайтар
сәлемге.
-Балалар, қонақтарымызбен де
амандасайық! «Сәлеметсіздер ме!»
Тамаша , балалар! Енді ашық
оқу қызметімізді бастайық!
ІІ Негізгі
кезеңі
Кеше олар менің почтама
хабарлама жіберіпті. Қане, бірге оқиық!
Всем привет
друзья!
Приходите,
приходите!
Помогите,
помогите!
Мы забыли кто мы
есть,
Что нам пить и что нам
есть.
«Не артық?»
ойыны.
Ойынның шарты бойынша
тақтада жабайы аңдар мен үй жануарларының суреті араластырып
беріледі. Қай жануар артық екенін табуымыз
керек.
Мнемотехникалық
жаттығу
(Балаларға интерактивті
тақтадан суреттер көрсетіліп, сол бойынша өлең жолдары
үйретіледі)
Ұзын құлақ сұр
қоян,
Естіп қалып
сыбдырды.
Ойлы-қырлы
жерлермен,
Ытқып-ытқып
жүгірді.
(Бұл өлең жолдарын бірнеше
рет қайталатқызамын)
-
Ал, балалар барлық аңдарымыз
жиналған сияқты. Ой, қазір қыс мезгілі екенін ұмытып кетіпппіз ғой.
Біздің аюмыз ұйықтап қалды ғой. Жүріңдер, аюмызды оятып
келейік.
ІІІ Сергіту сәті. «Аю,аю
тұршы» бейнежазбасы көрсетіледі,
балалар билейді.
«Жануарлар немен
қоректенеді?» үлестірме
тапсырмасы
Балалардың алдына үлестірме
қағаздарда тапсырма беріледі. Жабайы аңдер мен олардың қорегін жай
қарындаштың көмегімен байланыстырып тапсырманы орындайды. Сосын,
қай аң немен қоректенетінін ауызша айтып
түсіндіреді.
IV
Рефлексия
Ендеше қаншалықты ұнанғанын
білу үшін «Көңіл-күйің қалай?» деген би
билейік!
V Қорытынды
-
Балалар, көңіл-күйлеріңнің
жақсы болып, бүгінгі ашық оқу қызметі ұнағанына өте қуаныштымын.
Ал, біздің достарымыз көмектескендерің үшін сендерге сыйлықтарын
беріп жіберді!
Ал, енді қонақтарымызбен
қоштасайық! «Сау болыңыздар!»
Күтілетін
нәтижелер:
Жасайды: жабайы жануарға
қатысты тапсырмаларды орындай алады;
Түсінеді: жабайы жануарлар мен
үй жануарларының айырмашылығын;
Қолданады: сөйлеу дағдысында
жабайы жануарлардың атауын қолдана алады.