Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жануарлар экологиясы" 6 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "Жануарлар экологиясы" тақырыбындағы 6 сыныпқа арналған ашық сабақ. "Экоәлем" үйірмесі, экология бағыты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар экологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жануарлар әлемінің сан алуандығы, тіршілігі, оларды қорғау туралы түсініктерін пысықтап, меңгерген білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын , ойлау және есте сақтау қабілетін, дүниетанымдарын, логикалық ой-өрісін дамыту. Бейнефильм, слайд көрсетілімдерін , ойын түрлерін пайдаланып үйірме жұмысына қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Табиғатты жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс «Бақытты сәт» ойыны (Модульдік технология)

1.Слайд көрсетілімі.

2.Бейнефильм.

3.Жануарлардың суреті.

Сабақтың жоспары:

1гейм «Бой сергіту»

2гейм «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»

3гейм «Жұмбақтас»

4гейм «Көсемдікке ұмтылу»

5гейм «Танымдық бейнефильм»

6гейм «Тапқыр болсаң тауып көр»

7гейм «Адасқан әріптер»

8гейм «Ой-толғаныс»

Қорытынды.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Кіріспе. Біз «Жануарлар экологиясы» тарауын аяқтадық. Яғни, жануарлардың алуан түрлілігі, маңызы тіршілік ету сипаты, мекен ету ортасы, оларды қорғау, Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы оқыдық. Бүгін өткен тақырыптарды қорытындылаймыз. Сабақ «Бақытты сәт» ойыны түрінде өтеді. Екі топқа бөлінеміз Ақбөкен және Ақ тырна.

1гейм «Бой сергіту» Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.

Ақбөкен тобына сұрақтар:

1. Дүние жүзінде жануарлардың қанша түрі бар деп есептеледі? (2 млн-нан астам)

2. Зоология ғылымының негізін салған кім? (Атистотель)

3. Төрт түлік малды ата. (түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкі)

4. Мекен ету ортасы дегеніміз не? (Жануарлардың қоректеніп, ұрпағын өрбітетін аймағы)

5. Ең алғаш рет халықаралық Қызыл кітап қашан шықты? (1966ж.)

6. Қызыл кітапқа енген түрлер қандай категорияға бөлінеді? (А,Б)

7. «А» категориясы дегеніміз не? (Жойылып кету қаупі төнген түрлер)

8. Қазақстанда неше қорық бар? (10)

9. Ақтөбе облысында құстардың қанша түрі Қызыл кітапқа енгізілген?

(35 түрі )

10. Ақтөбе облысында қандай қорықша немесе резерват жұмыс істейді? (Ырғыз-Торғай резерваты)

Ақ тырна тобына сұрақтар:

1. Жануарлардың негізгі мекен ету ортасын ата. (құрлық, топырақ, су)

2. Құстар мен жануарлардың өсімдіктер үшін пайдасы қандай? (Олар өсімдіктердің тұқымын таратады)

3. Қазақстанның тұңғыш Қызыл кітабы қашан шықты? (1978ж.)

4. «Б» категориясы дегеніміз не? (Сирек кездесетін түрлер)

5. Облысымызда кең тараған құстарды ата. (қаз, үйрек, қасқалдақ, балықшы, құр)

6. Ақтөбе облысында сүтқоректілердің қанша түрі Қазақстанның

Қызыл кітабына енгізілген?(10 түрі)

7.Қазақстандағы қорықтарды ата. (Ақсу-Жабағылы,Наурызым, Қорғалжың, Үстірт, Барсакелмес, Алматы, Алакөл, Батыс Алтай, Марқакөл, Қаратау)

8. Қазақстанда неше қорықша бар? (65)

9. Ырғыз-Торғай резерваты қашан құрылған? (1968ж)

10. Ырғыз-Торғай резерватының негізгі мақсаты қандай? (Ақбөкендерді көбейту)

2гейм «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»

1.Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбатты жан шыдамас үндері бар. (жолбарыс)

2.Үстінен тоны түспеген,

Сонда да араз қыспенен. (аю)

3.Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. (мысық)

4.Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды. (балық)

5.Таусылама, қараңдар,

Табиғаттың қызығы?

Суық жақтағы жануар-

Бұтақ-бұтақ мүйізі. (бұғы)

6.Санай алмай шаршадым-

Найзасы бар қанша мың.

Батыр емес бірақ та,

Қашып жүрер жыраққа. (кірпі)

7.Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді. (тасбақа)

8.Білесің мекен даласын,

Бірден тауып аласың.

Салып алып дорбаға,

Жүреді ылғи баласын. (кенгуру)

9.Орманда сайрайды,

Сайраудан талмайды. (бұлбұл)

10.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

3гейм «Жұмбақтас»

1.Бір түлкі қарны ашып келе жатса аспандағы қаздарға көзі түсіпті. Қаздардың нешеу екенін білмей дал болыпты. Сіздерден көмек сұрайды. (22 қаз)

2.Әсем қызыл іңірде тауықтарға жем шашып, қояндарға шөп бергенде аяқтарын санады. Барлығы 64 екен. Сонда қанша қоян, қанша тауық бар? ( 10 қоян, 12тауық; 8қоян, 16тауық; 12қоян, 8тауық;)

4гейм «Көсемдікке ұмтылу». Сұрақтар мен жауаптар бөлек-бөлек кеспе қағаздарға жазылады. Сұрақтың дұрыс жауабын тауып алу керек.

1.Жем, Ойыл өзендерінің аралығында мекендейтін, мойнында ақ-қара қауырсындардан түзілген “жағасы” бар Қызыл кітапқа енген құс (Жорға дуадақ )

2.Байғанин ауданын мекендейтін Қызыл кітапқа енген жануар. (Қарақұйрық )

3.Өлкеміздің шығысында кездесетін жер астында тіршілік етуге бейімделген, көзінің орнын түк басқан Қызыл кітапқа енген тышқан.(Алып соқыртышқан )

4.Елек,Қарғалы өзендерінің аңғарын мекендейтін,денесі ұзынша келген салмағы 500 граммдай Қызыл кітапқа енген аң. (Қара күзен)

5гейм «Танымдық бейнефильм». Бейнефильмді көріп, ондағы жануарларды есте сақтап, дәптерлеріне жазады. (ақбөкен, арқар, аю, барыс, бұғы, елік, тазы ит, қасқыр, кірпі, қоян, құндыз, сілеусін, сиыр, суыр, түйе, түлкі, керқұлан)

6гейм «Тапқыр болсаң тауып көр». Қызыл кітапқа енген жануарлардың қиылған суреттерін құрастырып атын табу. (ақбөкен,қарақұйрық,қара күзен, қоқиқаз,ақ тырна,бүркіт)

7гейм «Адасқан әріптер» әріптерді дұрыс орналастырғанда табиғатты қорғаудың ерекше жолдарын оқуға болады.

С

и

р

к

е

*

к

е

з

-

е

с

е

д

т

і

н

*

ж

а-

н

у

а

р

р

а

л

д

ы

*

с

а

қ

т

а

п

*

қ

а

-

л

у

ң

ы

д

*

б

і

р

-

д

е

н

-

р

і

б

*

ж

о-

л

ы

-

қ

о

р

қ

ы

т

а

р

*

м

е

н

*

қ

о

р

ы

қ

а

ш

р

а

л

*

ұ

й

ы

м

с

а

д

т

ы

р

у

*

*

Сирек кездесетін жануарларды сақтап қалудың бірден-бір жолы қорықтар мен қорықшалар ұйымдастыру.

Қ

ы

з

л

ы

*

к

і

т

а

п

*

д

е

г

е

і

н

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2022
1732
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12