Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

Мектеп:Ордабасы ауданы К.Омаров атындағы ЖОМ Мерзiмі:10.02.2018ж№21
Тақырып: «Жарасымды қарым - қатынас»
Құндылық:Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Жауапкершілік және тәртіппен , сүйіспеншілік және шынайылықпен жұмыс істеу;әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік;қоғамға риясыз қызмет ету.
Мұғалiм: С.Нурбек Сыныбы:10«А»Оқушылар саны:15
|
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екендігін,жарасымды қарым-қатынастың маңызын түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -жастық жігерді білім алуға,жауапкершілік және тәртіппен , сүйіспеншілік және шынайылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру; - Адами қарым – қатынастағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік іскерліктерін дамыту; - өз жолын дұрыс таңдаған адамның болашағы жарқын, мақсаты айқын болатындығын айта отырып,қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу. Сабақбарысы:
- Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» Ырғақты баяу музыка қосылып тұрады «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңынды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) АКТ,слайд,сурет, қобдиша,үнтаспа, бейнефильм. Баяу әуен қойылады.Әуен ойнап тұрған кезде мәтінді оқимын.Оқушылар көздерін жұмып отырып жағымды күйге келеді. |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. С.Б.Дорженовтың ізімен жазылған мәтін оқып талдауға беріледі. Сұрақтарды қобдишадан ала отырып жауап береді. - Мәтінде нені насихаттаған? - Қазақ халқының үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар? - «Ақсақал», «Ел ағасы» деп кімдерді атаған? -Отбасында баланың тұңғышының жауапкершілігі қандай? -Ересек балалардың жастардың ,бір ұжымда еңбек ететін адамдар арасында қандай сыйласымды қарым-қатынас болады? - «Тон жағасыз,ел ағасыз болмайды» деген мақалдың мағынасын ашып айт. - «Жасы кіші ініні ақылы артса аға тұт» деген нақыл сөзден қандай ой түйдің? - «Аға тұрып,іні сөйлегеннен без» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?Ол нені білдіреді? Ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын табады. «жарасымды қарым-қатынас» |
Сабақ барысын талқылау: Қобдишадан сұрақтарды ала отырып,жауап береді.Талқылайды. |
|
3.Дәйек сөз. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым - қатынасы» А.Линкольн 1.Жарасымды қарым-қатынас неге жеткізеді? 2.Үлкен мен кішілердің қарым қатынасының қандай екенін қай кезде аңғаруға болады? 3.Үлкендерді аға,әпке тұтудың маңызы қандай? |
Ұлдар бір рет,қыздар бір рет,сонан соң барлығы бірге қайталайды. Талқылайды. |
|
4.Әңгiмелеу (сұхбат). Әңгімелеу барысында оқушылардың алган білімдерін өз іс тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасаумақсаты қойылады.Ол үшін оқулықта «ойланайық пікірлесеік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысады. • Жарасымды қарым - қатынас дегенді қалай түсінесіз? • Кез - келген адаммен қарым - қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек? • Ол қасиеттер өз бойыңызда бар ма? «Үлкенге құрмет»(бейнефильм) 1.Үлкен мен кіші арасынлдағы қандай сыйластық көрініс тапты? 2.Адамдардың бойынан қандай қасиеттерді көрдіңдер? 3.Жарасымды қарым-қатынас неге жеткізеді? |
Сұрақтар төңірегінде пікір алмасады.Бейнефильмді көреді,ойларымен бөліседі. |
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Үлкендер», «Кішілер» болып аға буын мен жастар арасындағы келіспеушілік тудыратын жағдайлардың тізімін жасап,келіссөз жүргізеді.
«Темір жол кассасы»
жаттығуы |
Өзара келісімге келудің әдістері мен тәсілдерін ұсынады. Жаттығу барысында өздерін ұстау әдебі,өзін жарнамалау жүреді. |
|
6.Топпен ән айту. «Ағаларым» Сөзі:О.Әбубәкіров Әні:Ә.Бейсеуов
Құшағы оттай ыстық Сахарадай
|
Үнтаспаға қосыла отырып орындайды. |
|
7.Үй тапсырмасы. С.Ақатайдың әңгімесін оқу, талдау.93-95 бет Елге еңбегі сіңген ақсақалдар мен ел ағалары туралы мәлімет жинау. |
Күнделіктеріне белгілеп алады. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен ойнайды. Бүгінгі сабақта игерген жақсы қасиеттерімізді еске түсіре отырып , жүрегімізде сақтайық. |
Баяу әуен ойнайды. |

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Жарасымды қарым-қатынас" 10 сынып

шағым қалдыра аласыз