Материалдар / Ашық сабақ Жаратылыстану "Табиғи жарық көздері дегеніміз не?"1 сынып

Ашық сабақ Жаратылыстану "Табиғи жарық көздері дегеніміз не?"1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2018
1684
31 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін» М. Жилишпанова Ашық сабақ Жаратылыстану пәні
Сабақ тақырыбы: ЖарықТабиғи жарық көздері дегеніміз не?Мектеп: 27 орта мектеп
Күні :05.04.18

Мұғалімнің есімі: Еркебаева С.М.
СЫНЫП: 1«б» Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны:0
Оқу мақсаты:
  • Барлық оқушылар:табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;


  • Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.




  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
  • Ресурстар:
  • Тәуліктің күндізгі және түнгі уақыттарын көрсе тетін cюжетті суреттер.


  • Интернет-ресурстар:
  • http://intellect-video.com/2888/2-seriya-pochemuchka-family-online/.


  • Найзағайдың пайда болуы туралы бейнефильм нен үзінді.


  • Күтілетін нәтижелер:
  • Оқушылар:
  • әртүрлі жарық көздерінің жарық шығаратынын біледі
  • табиғи жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады;
  • күн сәулесінің барлық тірі ағзалар үшін қажет екенін біледі
  • Сабақтың мақсаты:1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау
    Сабақ кезеңдері

    Сабақ барысы

    Сабақ басы









































    Сабақ ортасы



























































































































































































































    Сабақ соңы



























    Пәнаралық байланыс: Математика

    Шаттық шеңберіЖаңа сабақ. –Балалар, біздер бүгін «Жарық» деп аталатын тарауды бастаймыз. Бұл тарауда біздер таңғажайып жарық әлеміне саяхат жасап,оның сырларымен танысамыз. Мынадай сұрақтарға жауап аламыз:
  • Жарық қайдан пайда болады?
  • Қай кезде қараңғы болады?
  • Жарық не үшін керек?
  • /Оқулықтың 71 бетін интерактивті тақтадан көрсету/Өленді оқушыларға оқыту-Ендеше, бастайық.-Балалар, біздер бүгін «Табиғи жарық көздер дегеніміз не?» тақырыбымен танысамыз.ТүсіндіруЖарық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Жарық майда бөлшектер ағыны әрі электромагнитті толқын болып табылады.

    Балалар, енді табиғи жарық көзіне не жатады, жасанды жарық көзіне не жатады? Осы сұрақтарға қазір өздерің жауапіздеп көріңдер.Ол үшін жұмбақтар шешіп, азғана ойымызды ширатып алайық.Жұмбақтар.Таңмен көзін ашадыӘлемге нұрын шашады. Бұл не?-күн-Өте дұрыс.Бейнесi суда дiрiлдейдi,Қармаққа бiрақ iлiнбейдi. (Ай)Аспан арқырады,Орман жарқырады. (Найзағай)Қараңғыда жымыңдай жанадыЖарық түссе, бірден сөніп қалады Ол не?-ЖұлдызСығырайып қарайды, Аласарып барады.Жан-жаққа жарық шашадыМайы тамшы боп ағады. Бұл не?-Майшам-Жарығы күндей, Таңқалдырар адамдыЖалындап күймей Төбеде жанып тұрады. Бұл не?-электр шамыКемелерге жол көрсететін шам қалай аталады?-маякCлайдтан көрсету: Мына аталған суреттердегі жарық көздері қай жарық көзіне жатады? Соны өздеріңіз топпен ойланып, ортадағы постерге суретін жапсырасыздар.Топпен жұмыс. Оқушылар ВЕНН диаграммасын өз бетімен орындайды.Берілген суреттерді екі топқа бөліп жапсыру.Постер қорғау. Әр топтан бір оқушы шығып қорытынды жасайды. Смайликпен мадақтау.Балалар,ендеше интерактивті тақтаға қарайық. Сіздер мынадай жұмыс жасадыңыздар,тексеріп көріңіздерші,дұрыс па екен?/ Балалар, ішінде жарық қоңыздар жоқ екенін анықтайды.Жарық қоңызы туралы мәліметДұрыс-ақ,балалар. Жарық қоңызы туралы мына суретке қарап мәлімет алайық./ көрсетіп, түсіндіремін/Бейне жазба көрсету. – Балалар, сіздер өздерің біздің бүгінгі жаңа сабағымызды түсіндіріп шықтыңдар,Қане баріміз қолымызды соғып өзімізді қошеметтейік./қол соғады/ Ендеше балалар, өздерің атап шыққан жарық көздері туралы мына бейнежазба арқылы бекітейік. / Көрсету/ Әр бейнежазба көрсеткен сайын не түсінгендерін сұрап отыру.Сұрақ: -Ай жарығының күн жарығынан айырмашылығы қандай?Ай жарығы аз.Күн жарығы молӨте дұрыс. Мадақтау. Смайликпен бағалауЖеке оқушыға тапсырма беру: Жеңісбек, Жүсіп, Жанель,БалымОқулықпен жұмыс: Балалар, бәріміз оқулыққа назар аударайықСуретте қандай жарық көздері бейнеленген?Табиғи жарық көздері бейнеленген.
  • Атап айтайық?
  • Күн,ай,жұлдыз, жарық қоңыздары
  • Дұрыс,жарайсыңдар! Балалар, табиғи жарық көзін қолмен ұстай аламыз ба?
  • Жоқ ,тек көре аламыз. –Дұрыс. Ал жасанды жарық көздерін ше?
  • Ұстай аламыз: сіріңке жағамыз, электр шамын қосамыз./көрсету/
  • -Ал күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламыз ба?-ЖоқМадақтау.Сегіту сәтіМен сіздерге табиғи жарық көздерінің суретін көрсетемін,сіздер сол суретке қандай адамды ұқсатасыз,соны айтасыздар.Күн-мейірімді адамАй – томсырайып жүретін адамЖұлдыз-әнші,актерНайзағай- ашулы адамМадақтауТоптық жұмыс

    Сәйкестендіру жұмысы: Ай жарығы азКүн жарығы күшті Қызған шар Күн саулесінің шағылуынан пайда боладыТопты бағалау Сәйкестендіру жұмысы кезінде жеке оқушымен жұмысты тексеру,мадақтау .Ойын: «Жарық-қараңғы»Ым-ишара арқылы жарық дегенде балалр жарықта жасалатын іс-әрекетттерді көрсетеді,қарңғы дегенде қараңғыда жасалатын іс әрекеттерді көрсетеді.Сұрақ: Күндізгі уақытта адам неге белсенді?-Себебі күндіз айнала жарық болғандықтан бәрі анық көрінеді.Қараңғыда кейбір тіршілік иелері өмір сүре алады екен. Мысалы,үкі,жолбарыс, арыстан сияқты аң-құстардың есту, сезу,көру сезімдері жақсы дамыған екен.Сонымен қатар адамдар да өз мамандығына байланысты түнгі уақытта жұмыс істеп, күндізгі уақытта демалады екен.Сонымен күн жарығы не үшін керек?
  • Адамдар, жануарлар, өсімдіктер күндізгі уақытта белсенді тіршлік етеді. Адамдар оқиды, жұмыс жасайды, спортпен шұғылданады. Белсенді дем алады,бір-бірімен араласады. Ал өсімдіктер өседі, гүлдейді,жеміс береді. Жануарлар ойнайды, азығын тауып жейді.
  • Жеке жұмыс: Семантикалық карта
  • Жеке өз бетімен орындайды.Тәжірибе жасау. Көзі байлаулы оқушы мен көзі байлаусыз бір оқушы шығып, стаканға су құяды. Оқушылар бақылап отырып,қай оқушы тез орындағанын айтады. -Балалар, осы жарықты біз немен көреміз?- Көзбен көреміз.-Тәжірибе жасаған кезде біздер көзімізді байлап стаканға суды құюда көп қиындық көрдік. Өмірде жарықты көре алмайтын адамдар да бар екен,олар көзі көрмейтін адамдар екен. Оларға түсіністікпен қарау керек екен.Дәптермен жұмыс.

    Сөздерді тап. Оқушылар жұмбақты шешіп, суреттегі қай зат екенін тауып жазады.. Қай сурет артық және неге артық екенін оқушылардан сұрау.Жауабы:Ай, Күн, жұлдыз, найзағай — табиғи жарық көздері. Артығы — түйе. Себебі ол жануар, жарық көзі емес.

    Жарық көздері.Оқушылар табиғи жарық көзін таңдап бояуы керек.Жауабы:Табиғи жарық көздері: найзағай, Күн, Ай, жұлдыз.



    Текше пішінді зат. Тақырыпты бекіту үшін тек шенің қырларында орналасқан табиғи жарық көзде рін атауды ұсыныңыз. Оқушы үш жағдайда текшенің үстіңгі қырында не бейнеленгеніне жауап беруі керек.Жауабы2, 1, 3.МадақтауМұғалімнің қорытынды сөзі: Адамғатіршілік ету үшін бес нәрсе керек. Олар: жылу,тамақ, ауа, су және жарықе кен.
    Кері байланыс

    РЕФЛЕКСИЯ“Соңғы сөзді мен айтайын” әдісі - Мұғалім: Бүгінгі сабақта біз “Жарық” туралы өттік - І топ: ”Соңғы сөзді мен айтайын” Жарық екіге бөлінеді.Табиғи және жасанды .
  • ІІ топ: ”Соңғы сөзді мен айтайын”
  • Табиғи жарыққа жарыққа не жататынын айтады
  • - ІІІ топ: ”Соңғы сөзді мен айтайын” Табиғи жарық көзін қолмен ұстай алмаймызІV топ: ”Соңғы сөзді мен айтайын” Жасанды жарыққа не жататынын айтады
    БағалауСмайликтермен бағалау
    Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.











    И. Тайманов атындағы №27 орта мектеп







    Ашық сабақЖаратылыстану пәні«Табиғи жарық көздері дегеніміз не?»1 «б» сыныбыСынып жетекшісі: Еркебаева С.М.















    2017-2018 оқу жылы

















    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ