Материалдар / Ашық сабақ Жазғытұрым

Ашық сабақ Жазғытұрым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне керек. Сабақта тиімді әдіс- тәсілдерді қолдануға пайдалы деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
828
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні Пәні Әдебиеттік оқуСынып4 «Б»
Тақырыбы: «Жазғытұрым» М.Жұмабаев
Мақсаты:Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан туралы деректермен таныстыру;Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашуға мүмкіндік беру;
Күтілетін нәтиже:Өлеңнің мазмұнын түсінеді;Дүниетанымы кеңейеді, шығармашылық қабілеттері дамиды;Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке үйренеді;
Қолданылған модульдер:



Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,СТО, АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқытуды басқару және көшбасшылық.
Негізгі дерек көздері және қолданылатын құрал – жабдықтар:Оқулық, арнайы дәптерлер, интербелсенді тақта, презентация ,гүлдердің суреті,түрлі түсті маркерлер, постерлер,тілек ағашы.
Сабақтың барысы
КезеңдеріУақытыМұғалім әрекетіОқушы әрекетіБағалау
Тренинг Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау .Оқушыларды тұрғызып, көңіл-күйлерін көтереді.

Сабаққа дайындалып, зейіндерін аударып, ден қояды.Интербелсенді тақтадағы өлең жолдарын оқып, қимылмен көрсетеді: Ұранымыз:Оқып,біліп алайық, Шырақ отын жағайық!



Топқа бөлу

Оқушыларды топқа бөледі, топ ережесін еске түсіреді. Сабаққа белсенді қатысу.Тыныштық сақтау.Бірі-бірімізді тыңдау.Өз ойымызды ашық айта білу.Бір-бірімізді сынамау.Бірігіп жұмыс жасау.

Оқушылар сиқырлы қапшықтағы түрлі-түсті асықтарды алып, түстеріне байланысты 3- топ болып отырады. Топ ережесін еске түсіреді. Топ басшысы мен сарапшыны таңдап алу. Сарапшы сарапшы қағазын толтырып отырады. Жасыл стикері бар оқушы сарапшы болады. Сары стикерлері барлар топ басшысы болады.



Үй тапсырмасыМәдіхат Төрежанов СақшыларТоппен саханалауАсықтармен бағалау.




Кіріспе

















Абайдың заманында «көктем» cөзi болмаған. Сондықтан «жазғытұры» деген сөзді пайдаланған.Ал «көктем» деген сөз жыл мезгілі ретінде XX ғасырдың. 40 - 50 жылдарында пайда болған.«Көктем» — «көктеу», «көктеме» деген сөзден шыққан. яғни «көгеру», «өсіп шығу» дегенді білдіреді. Бұған дәлел: XX ғасыр басындағы ақындардьң осы жыл мезгіліне арналған өлеңдері «жазғытұрым» деп атаған. - Балалар, көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, қар ериді, адамдар жеңіл киінеді, құстар оралады, түн қысқарып, күн ұзарады, мал төлдейді, мал өріске шығады)- Көктемде ең алғашқы болып шығатын гүлді қалай атайды?- Көктем айларын кім атайды?- Көктемде қандай мерекелер болады?   (жауап алынады)- Бүгін 25 - ақпан  қыстың соңғы күндері. 4 - күннен кейін көктем мезгілі басталады- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да көктемге байланысты болмақ. Біз бүгін сендермен  Мағжан Жұмабаевтың «Жазғытұрым» деп аталатын өлеңімен танысамызЖазғытұры - көктем кезі. Қыс пен жаздың арасындағы маусым. Жазғытұры - шаруаның бір малы екеу болатын, көктің жетіліп, ақтың көбейетін, несібенің молаятын кезі.

Сабағымызды тақырыбын білу үшін сөзжұмбақ шешейк. Қай топ жылдам?1.Қыркүйек жылдың қай мезгіліне жатады? 2.Адамның көру мүшесі. 3.Бағаны қайда қояды? 4.Оқушы сөзінің синонимі. 5.Жүздің жартысы. 6. .... - кеме, білім – теңіз.Ортада қандай сөз шықты?









Асықтармен мадақтау





Түсіну

Оқулықпен жұмыс. Өлеңдерді мәнерлеп оқу (мұғалім). (Бұл кезде интерактивті тақтадан көктем көріністері көрсетіліп тұрады, слайд - шоу).IV Оқушылардың оқуы:1) Іштей.2) Шумақтап, дауыстап.V 1) Негізгі идеясы -?2) Сөздік жұмысы. М.Жұмабаевтың «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқып береді. Әр топтан бір-бір оқушы. Автордың өмірбаянымен танысады.Ауызша сұрақтарға жауап береді













Асықтармен бағалау

Сергіту сәті

Ал, енді демалатын да сәт келді. «Көңілді күн» әуеніне сергіп билеп алады.

Музыка ырғағымен, билеп, сергіп алады

Қолдану



















Топтарға тапсырма:1 - топқа тапсырма: Мәтіндерге сүйене отырып, жазғытұры ауа райы қандай болатынын анықтаңдар.2 - топқа тапсырма: Жазғытұры мезгілінде жан - жануарлардың қандай күйге түсетінін анықтаңдар.3 - топқа тапсырма: Ауыл адамдарының көктемгi еңбегі туралы әңгімелеңдер.

Топта талқыланып, ортаға салу.
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды
Талдау

Постер жасау. Топпен жұмыс. Оны қорғайды. Балаларға ой тастайды, бағыт-бағдар бередіБүгінгі сабақ тақырыбына байланысты постер жасайды.Әр топ өз постерлерін таныстырып,қорғайды.Бірін-бірі бағалау
Жинақтау





Рефлексия

Сабақты қорытындылау:Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе?Оқушылардың ойлау әрекеттерінің белсенділігін қадағалау.-Топ ішінде бір-біріңе көмектестіңдер ме? Кестені толтырады. Ойларын жүйелі әрі анық етіп жазады.
Бағалау

Мұғалім түсініктеме бере отырып жеке оқушыларды бағалайды.Оқушылар-дың жетістіктері мен кемшілітері ескеріледі.Топ басышыларының бағалауы.

Үй жұмысы



М.Жұмабаев туралы мағлұмат жинастыру. Дәптердегі 1 және 3 тапсырманы орындап келу. Күнделікке жазып алады,түсінбегендерін сұрайды.

Рефлексия Сонымен бүгінгі сабақта қай мезгіл туралы айттық?- Көктемнің қандай болғанын тілер едіңдер ? Стикерге жазып ағашқа жапсыру.

Әр күні шаттыққа толсын!   - Даламыз дәнге толсын!- Көктем гүлдей жайнасын!- Құстар сайрасын!- Көкте мәңгі күн тұрсын!- Бұлағы сылдырлап, жері жайнап құлпырсын!  - Жерде көк мол болсын!- Қорамыз малға толсын!- Жүрегеміз әнге толсын!Көктем шуақты болсын











Солтүстік Қазақстан облысыЕсіл ауданы«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі» КММ









Әдебиеттік оқудан ашық сабақ









Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі: Забенова А.Е































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ