400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Жеңнің сызбасын сызу. Жеңді модельдеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір тігісті жеңнің сызбасының конструкциясымен танысу. Модельдеуді үйрету. Оқушыларды өлшем ала білуге, технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білуге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс-жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын дамыту. Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, ептілікке баулу, жұмысты өз бетінше орындауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жеңнің сызбасын сызу. Жеңді модельдеу. Сабақтың мақсаты: Бір тігісті жеңнің сызбасының конструкциясымен танысу. Модельдеуді үйрету. а) Білімділік:оқушыларды өлшем ала білуге, технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білуге үйрету. б) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс-жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын дамыту. в) Тәрбиелік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, ептілікке баулу, жұмысты өз бетінше орындауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнектілігі: суреттер, технологиялық нұсқау карта, сұрақ қағаздары,сабаққа байланысты сұрақтар, компьютер. Сабақтың типі: «Сот сабағы» Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Сабақтың әдіс-тәсілдері: инновациялық әдіс, ойлау, сұрақ-жауап, көрсету. Пәнаралық байланыс: сызу, математика, құқық. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Өткен сабақты қайталау сұрақтары: 1.Қол тігісі жұмыстарында қолданылатын тігіс түрлерін атап бер. 2.Инемен,қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып бер. 3.Киімдер қандай топқа бөлінеді? 4.Сән туралы не білесің? 5.Костюм массасы,пропорциясы туралы түсінгеніңді айтып бер. ІІI.Жаңа сабақ Жең салу киім тігіудегі негізгі,әрі күрделі бөлігі болып есептелінеді. Жеңнін дұрыс пішілуіне,тігілуіне,киімнің ыңғайлы әрі сәнді көрінуі жеңнің конструкциясына байланысты болады. Жалпы конструкциясына байланысты жеңнің бірнеше түрі бар. Әр түрлі фасондағы жеңді осы бір тігісті жеңді моделдеу арқылы жүзеге асыруға болады. Жеңнін сызбасын сызу үшін біздерге керекті өлшемдер:

1.Қо -жең кеңдігі.

2.Бо -манжеттің кеңдігін білу керек.

3.Жұ -жең ұзындығы.

Сабақ техналогиялық нұсқау картасы бойынша жүргізіледі.

Әр оқушы алдындағы нұсқау картасы бойынша берілген сызбаны сызуға кіріседі. Бір оқушы жеңнің үлгісін кесіп алады. Арай: Апай Гулмира жеңді кесіп алып, бүлдіріп қойды. Апай: Әділетті болу үшін не істейміз? Олай болса әділетті ісін қарайық. Бүгінгі сабақ дәстүрлі емес сабақ Сот сабағы



1. Сот төрайымын сайлап алайық.

2. Хатшы

3. Күдікті-Гүлмира

4. I Куәгер-Арай

5. II Куәгер-Гулнәз

6. Айыптаушы

7. Қорғаушы Хатшы: «Сот келе жатыр,орындарыңыздан тұрыңыздар».

Сот төрайымы: «Технология кабинетінде сот отырысын бастаймыз. Бізге осы 10 «Б» сынып оқушыларынан арыз келіп түсті. Күдікті Ахметова Гүлмира технология кабинетінде берілген сызба арқылы жеңдікесіп алды.Күдікті өз айыбыңызды мойындайсыз ба?»

Күдікті: «Жоқ, мойындамаймын».

Сот төрайымы: «Онда куәгерлер шақырылсын».

І Куәгер: «Мен қауіпсіздік ережесіне бағына отырып, шындықты, тек шындықты айтуға ант етемін. Мен өзімнің сызбамды қиып отырып, бәрін көрдім. Маған берілген тапсырманы орындап жатқанымда, Гүлмира байқаусызда жеңді кесіп алғанын көрдім.

II Куәгер: «Мен қауіпсіздік ережесіне бағына отырып, шындықты, тек шындықты айтуға ант етемін. Мен тапсырмамды орындап жатқанымда, көзім Ахметова Гүлмираға түсті. Гүлмира жеңнің сызбасын байқаусызда кесіп алғанын көрдім».

Сот төрайымы: «Сөз айыптаушыға беріледі».

Айыптаушы:«Рахмет,сот төрайымы!» Сот сараптаушысының куәгерлердің сөзін негізге ала отырып, мынадай қорытындыға келдім. Берілген тапсырманы ұқыпты және техника қауіпсіздік ережені дұрыс сақтамағандықтан байқамай жеңді кесіп алды».

Сот төрайымы: «Күдікті жауап беріңіз».

Күдікті: «Мен қауіпсіздікті білемін, бірақ жеңді басқа үлгіде орындауға рұқсат етіңіз».

Сот төрайымы: «Ал енді, қорғаушыны тыңдайық».

Қорғаушы: Күдіктінің сөзін тыңдай отырып, мен мынадай қорытындыға келдім: бүлдіріп алған жеңді басқа үлгіде орындауға болады. Сол себептен жеңнің бір түрін таңдап жұмыс жасасын. Ендігі жұмысында ұқыпты жұмыс істеуге, қатесіз орындауына сенеміз».

Хатшы: «Сот шешімін тыңдау үшін орындарыңыздан тұрыңыздар».

Сот төрайымы: «Техникалық қауіпсіздік ереже «Заңы» кодексінің 102 бабы 6 тармағы бойынша 10 «Б» сынып оқушысын Ахметова Гүлмираны кінәсіз деп тауып, қайтадан жұмыс істеуіне рұқсат берілсін».

ІҮ. Қорытынды

Мұғалім сөзі: Оқушылар сіздерге рахмет! Бүгінгі сабақта өте жақсы қатысып, жауап беріп отырдыңдар. Ахметова Гүлмираны айыптау емес, бүлдірген жұмысын дұрыс орындау.

Сот сабағының жетістігі: Сот сабағында басты мақсат оқушыларды кінәлау, жазалау емес. Сот сабағында дұрыс шешімге келіп, әділеттілік, ұстамдылық, шеберлік, жақсылық жағын көрсету.

V. Бекіту инструктажы

  1. Фонорик жеңін үлгінің қай жерін өзгерту арқылы дайындайды?

  2. Үлгі дегеніміз не?

  3. Буф жеңін қалай үлгінің қай жерін өзгерту арқылы дайындайды?

  4. Жең түрлерін ата?

  5. Техникалық қауіпсіздік ережесін айт.

Бағалау: Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: Жеңнің үлгісін мата бетіне беттестіріп, пішу.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі