Материалдар / Ашық сабақ Жеті ата 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Жеті ата 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2019
1180
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тексерілді :

Күні:

Пәні:қазақ тілі

Сыныбы: 6

Мұғалім:Нышанбаева Қ.О.

Қатысқаны: 13

Қатыспағаны:-

Сабақтың тақырыбы: Жеті ата – елтанудың бастауы

Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқу мақсаты

6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.

6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату,синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Құндылық

тарды игеру

Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Мәңгілік ел құндылығы Зайырлы қоғам және руханият

Сабақтың мақсаты

-тақырыптағы көтерілген мәселенітыңдалым және мәтін бойынша болжайды,пікірлеседі.

-жеті атаның өз атауларын синонимдік қатарда түрлендіре отырып,ажыратады.

-үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, жеті ата туралы өз пікірін тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

  • Негізгі сөздер мен тіркестер:жеті атаның атаулары: бала, әке, ата, баба, арғы ата, түп ата, тек ата; әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, шемене, туажат; жүрежат, жекжат, жұрағат, қаймана, жеті атаға толмай қыз беріспеу, туыстық қатынас

  • Үстеудің мағыналық түрлері,синонимдік қатар,мәтін.

  • Жеті ата,ата-тек,әке,бала,елтанудың бастауы.

  • Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер ?

Жеті атаны білу елді тануға негіз бола ала ма?

Бағалау критерийлері

-тақырыпты,көтерілген мәселені болжап,пікірлеседі.

-жеті атаны ажыратып,синонимдік қатарларды түрлендіреді.

-үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып,тақырып бойынша ойларын тұжырымдайды.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы,қазақ әдебиеті

Алдыңғы оқу

немесе

бастапқы білім

Жеті санының мағынасын түсінетіндерін және өз жеті аталарын сұрау.



С а б а қ т ы ң б а р ы с ы

Кезеңдер №уақыты

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Бағалау

Сабақтың басы


5 минут




















7 минут

Ұжымдық жұмыс:Сыныпта «Ыстық алақан» әдісі арқылы ынтымақтасқан атмосфера орнату.


«Үштік» әдісі бойынша топтарға бөлу.

«Ойтүрткі» - «Жеті санын» айтқанда сендерге қандай ой келеді?




Саралау: 1 тапсырма

Жеті атаны ұғымын білу барысында «Желпуіш» әдісі арқылы бірнеше сұрақтар қойып, жауап беруге ынталандырамын


Бағалау критерийі:

-тыңдалымды тыңдай отырып, «Болжау» әдісі арқылы сабақ тақырыбын,көтерілетін мәселені болжайды.

-жеті ата туралы пікірлесіп,білімдерімен бөліседі.

1-тапсырма.

«Жеті ата» туралы тыңдалымды тыңдап, «Жеті ата» ұғымы туралы ой қалыптастырады.

Дескриптор:

-Тыңдалымды тыңдап ,сабақ тақырыбын,көтерілетін мәселені болжай алады;

-Жетекші сұрақтарға жауап беріп,өз көзқарасын білдіреді;

-жеті ата туралы пікірлесіп,білімін ортаға салады.


Сұрақтар:

-Жеті ата қай кезеңде қалыптасқан?

-Жеті атаны білу не себепті маңызды?

-Жеті атаның жүйесін тарқатып айтып беріңіз.Жеті ата атауына келсек, ол қалай жіктеледі?

- «Жеті ата» - бір кісіден тараған аталас қауым.Олай болса,әр адам өз жеті атасын білуі шарт па?

Ата, әке, бала суреттер АКТ

https://ru-video.com













«Ойды толықтыр» әдісі бойынша

Кімнің жауабы ұтымды болды?Себебі,...

Кімнің жауабы түсініксіз болды?Себебі,...

Кімнің жауабына толықтырулар енгізесіз?Себебі,...








Сабақтың ортасы

18 минут











































Сабақтың соңы

10 минут





Бағалау критерийі:

  1. Жеті атаның жүйесін тарқатып,ажыратып береді.

  2. Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіре отырып ,жеті атаның жүйесін тізбекке салып жазып шығады.

  3. «ПОПС формуласы»арқылы үстеудің мағыналық түрлерін ескере отырып «Жеті ата» туралы өз пікірін білдіре отырып жазып шығады.

  4. «Пирамида» кестесіне «Жеті атаның» саналу ретін сақтай отырып,жоғарыдан төмен қарай үстеудің мағыналық түрлерін ескере отырып жазып шығады.


Саралау: 2 тапсырма «Буклет» әдісі арқылы ақпараттарды жинақтайды. Қабілетті оқушылар тілдік бағдарды пайдалана отырып буклет жасайды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға «сұрақ ілмегі» әдісі арқылы

2 тапсырма «Буклет» әдісі арқылы ақпараттарды жинақтайды. Қабілетті оқушылар тілдік бағдарды пайдалана отырып буклет жасайды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға «сұрақ ілмегі» әдісі арқылы


2-тапсырма.Топтық жұмыс.

І топ. «ПОПС формуласы» арқылы , үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, «Жеті ата»туралы өз пікірін жазып шығады.

«Менің ойымша,...»

«Себебі,мен оны былай түсіндіремін,...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

ІІ топ.«Елтану» сөзіне «дара диаграмма» құрып, сөздердің синонимдік қатарларын түрлендіріп жазу.

ІІІ топ.«Пирамида» кестесіне «Жеті атаның» саналу ретін сақтай отырып,жоғарыдан төмен қарай үстеудің мағыналық түрлерін ескере отырып жазып шығады.

Дескриптор:

1.Өзіндік ойын дәлел келтіре отырып қорытындылайды,үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады.

2.Мәтіннен тірек сөздерді,негізгі идеяларды ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп, «дара диаграмма» құрады.

3.«Пирамида» кестесіне «Жеті атаның» саналу ретін сақтай отырып,жоғарыдан төмен қарай үстеудің мағыналық түрлерін ескере отырып жазып шығады.


Бағалау критерийі:

-Сұраққа дәлелдер келтіре отырып жауап береді.

-Өз пікірін дәлелдермен білдіре отырып,ой тұжырымдайды.

3-тапсырма. «Кім жылдам» әдісі арқылы Жеті ата-түп атаны тануға негіз бола ма? деген сұраққа дәлелдер келтіре отырып,өз пікірін білдіреді.

Дескриптор:

-Сұрақтарға дәлел келтіре отырып жауап береді.

-Тақырыпты жан-жақты ашады.

-Тіл мәдениетін сақтайды.

-Өз пікірін білдіріп,ой тұжырымдайды.

















Флипчарт,түрлі түсті маркер, А3 қағаз,стикер

Үстеудің мағыналық түрлері жазылған кесте























«Аспазшы» стратегиясы

«Мен жауабына қанағаттанамын,себебі,...»

«Мен жауабына қанағаттанбаймын,себебі,...»

«Егер,жауабына ...қосса бұдан да дәмдірек болар еді»






































«Бас бармақ» арқылы бағалау


Рефлексия

«Плюс – Минус – Қызығамын» кестесі


«Плюс» (+)

Сабақта қызық,пайдалы болған жайтты жазады.

«Минус» (-)

Сабақта сәтсіз шыққан мәселе жазылады.

«Қызығамын» (?)

«Не білгім келеді?» деген сұраққа жауап келтіру.


Үйге тапсырма

«Жеті ата» туралы ата-анаңмен әңгіме жүргізіңдер,мақал-мәтелдерді қатыстырып, диалог түрінде жазыңдар.

Қосымша ақпарат

Жеті ата туралы қосымша ақпарат ұсыну.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!