Балалар
терезеге қараңдаршы. Қыс мезгілі болса да далада күн сәулесі
жарқырап тұр. Бізге күн нұрын шашып, бойымызға тарап, жылылық беріп
тұр. Ендеше сол жылылықты бір-біріміздің алақанымыз арқылы сезініп,
айналамызға жылу сыйлайық. Жүздеріңнен күлкі
кетпесін.
Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеевтің туындылары
Сабақтың мақсаты:Әбілхан Қастеевпен таныса отырып, суреттерінің
тақырыбын, шығармашылық өмірімен таныстыру, қысқаша мәлімет
беру, балалардың тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік
қорларын молайту, қазақ халқының
суретшілерін құрметтеуге, кеңінен білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсатын
айту.
ІІІ. Үй жұмысын
тексеру.
IV. Оқулықпен
жұмыс.
1. Тірек сызба бойынша жұмыс. Кесте бойынша бірнеше сөйлемдер
құрастырыңдар.
Әбілхан
Қастеев
1929 жыл -
?
1930 жыл -
?
1934 жыл -
?
1934-1936 ж.
- ?
1942 ж. -
?
1904-1973
ж.ж. өмір сүрді
01.01.1904ж.
Талдықорған обл, Шежін ауылы
Қазақста
республикасының халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР
мемл. Сыйл-ның лауреаты
2. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, диалог дайындаңдар. Диалогке
ат қойыңдар.
Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы сан қырлы. Ол
Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Амангелді Иманов,
тағы да көптеген қазақ халқының ұлы тұлғаларының портреттеріне
бірнеше рет тоқталды. Акварельмен жазылған пейзаждары және
кескіндемелік шығармалары топтамаларының мазмұны терең. Әр кезеңде
салынған: «Қазақстан жерінде», «Тың тулары», «Республикамыздың жері
мен елі», «Республикамыздың жері мен елі», «Бесжылдық құрылысы»,
«Қазақстан байлығы» атты туындылары еліміздің көркем шежіресіне
айналды.
1967
жылы Әбілхан Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты
акварельдік топтамасы үшін Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР
Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Суретші 1973
жылы 2 қарашада Алматыда қайтыс болды. Оның есімі республикамыздың
көшелері мен мектептеріне, мұражайларына берілді. Солардың ішінде
Шымкент көркемсурет училищесі, Жаркент қаласындағы өнер мұражайы,
тағы басқалары бар. 1976 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайына ерекше жаратылған
қылқалам шеберінің шығармашылығына арналған мемориалдық зал ашылды.
1984 жылы мемлекеттік өнер мұражайына Әбілхан Қастеевтің есімі
берілді. Оның туындылары Қазақстанның көптеген ірі мұражайларында,
сонымен қатар Ресей, Украина және Қырғызстанда, алыс және жақын
шетелдердің жеке жинақтамаларында
сақтаулы.
2004 жылы
қазақтың біртуар суретшісінің туғанына 100 жыл толды. Оның әрқашан
да аса шынайылықпен , тума дарынымен, рухани пәктігімен және өмірге
деген дана көзқарасымен жазылған өнері Қазақстан суретшілерінің
талай буынына үлгі болды және әлі де бола
бермек.
3. 2-тарсырма. Ә.Қастеевтің туындылары қандай
тақырыпта екенін анықтаңдар. Мәтіннен туынды атаулары бар
сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау
жасаңдар.
Әбілхан
қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған.
Анасы Айғаншаға кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым
ши жасауға ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын
үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың
портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпңұсқаға ұқсастығымен
және кейіпкер болмысын ашуға деген тынысына ден қойып,
тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды.
Оның «Мектепте» (1930), «Түрксіб» (1932), «Жамбылдың портреті»
(1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937-1941), «Аманкелді сарбаздары»
(1970), «Жас Абай» (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің
өткен мен бүгінгі шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре
іспеттес.
Әбілхан –
туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз
өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы
мұз айдын» (1954), «Гүл ашқан алма» (1958), «Менің Отаным» (1959),
«Жайлаудағы автодүкен» (1963), «Қапшағай ГЭС-і» (1972) сияқты
полотнолары эпиклық қарымымен, шыншылдығымен назар
аударады.
Әбілхан
Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшелерін
қоймайды, сонымен бірге, ол – туған жері мен өскен елін перзенттік
махаббатпен жырлай алған біртуар
суреткер.
4. Жапсырмадағы № 10, №11, №12, №13 суреттердегі
Ә.Қастеевтің туындыларымен танысыңдыр. Суреттерде кімдер
бейнеленген? Олар туралыне білесіңдер? Суреттер туралы өздерің
білетін мәліметтерді қатыстырып, сөйлемдер
жазыңдар.
5. Мәтіннен зат есіидерді көшіріп, сөз құрамына қарай
талдаңдар. Зат есімнің жалғауларын
анықтаңдар.
6. Әбілхан Қастеев туралы презентация
көрсету.
7. Сұрақ –
жауап
- Әбілхан Қастеев
кім?
- Ол қашан және қай жерде дүниеге
келген?
- Суретші қайда білім
алды?
- Ә.Қастеев алғаш рет Мәскеуге қашан
барды?
- Ол нелерге
қатысты?
- Ә.Қастеев нешінші жылдары Мәскеудегі көркемсурет
студиясынан сабақ алды?
- КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қашан
қабылданды?
- Халық суретшісі қандай атақтарға ие
болды?
V. Балалардың
білімін бағалау
VІ. Үйге
тапсырма беру.
VІІ.
Қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев
туындылары
9-сынып
Сабақтың
мақсаты.
-
Білімділік: Ә.Қастеев өмірі, туындылары туралы
мағлұмат, суретші туралы білімдерін толықтыру; танымдық түрлі жұмыс
түрлерін жүргізу.
-
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, тіл
байлығын дамыту, танм-білігін арттыру; сауаттылығын
арттыру.
-
Тәрбиелік: Ұлы суретшінің дарыны, адамгершілігі,
отансүйгіштігі арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың
бойында осы қасиеттерді
қалыптастыру.
Көрнекілігі: «Ә.Қастеев»
суреті, сұрақ-жауап, интербелсенді тақта, сөзжұмбақ,
суреттер
Сабақтың түрі: сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,
топпен жұмыс, сұрақ-жауап,
түсіндіру.
Пәнаралық
байланыс: әдебиет, тарих, сурет,
музыка.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін сабағымызда кім
жоқ? Ал, балалар, бүгінгі ашық сабағымызды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастайық! (Әнұран
айтылады)
Ә. Қастеевтің өмірі мен
шығармашылық кезеңдерін қайталау.-ОЖСБ
дайындығы
сұрақтарға жауап
беру
ІІ. Өткен сабақты «Ой
қозғау стратегиясы» яғни сұрақ-жауап арқылы
тексеремін.
-
Әбілхан Қастеев деген
кім?
-ҚР Халық
суретшісі.
-
Әбілхан Қастеев қай жылы дүниеге
келді?
-
Қай жылы Алматыға келіп білім
алады?
-1929 ж Алматыға келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың
көркемсурет студиясында білім
алады.
4. Тұңғыш көрмесі қашан
өтеді?
-1942 ж Алматыда суретшінің шығармашылық
қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш көрмесі
өтеді.
5. Қай жылы халық суретшісі атағын
алады?
1944 ж ол қазақ халық
суретшісі атанады.
6. Қай жылы қайтыс
болады?
Суретші 1973 ж 2 қарашада
Алматыда қайтыс болады.
Ал, енді балалар, сендерге
қалау райды қатыстырып 5-сөйлем құрап келу берілген еді. (2-оқушыға
оқытамын)
ІІІ Жаңа
сабақ
Слайд
көрсету.
Бұл суреттер кіммен
байланыс?
Балалар, бұл
кім? Амангелді, Абай,
мектепте, түркісіб, мұражайы, автодүкен, қазақ
даласы.
Сонымен оқушылар, бүгінгі
өтетін тақырыбымыз қандай? «Әбілхан Қастеев
туындылары».
Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшыларын сайлап
алайық.
Бірінші топ –Ұшқын Екінші топ
– Жалын
Дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді
жазайық.
1-тапсырма. «Сыңарын
тап» деп аталады.
Суретті қиып тастаймын. Оқушылар құрайды. (Абай,
Амангелді)
Қалау райға сөйлем құрау керек. (барғым келді,
айтқым келді)
2-тапсырма. «Кім
жылдам?» деп аталады.
Оқулықты ашып 2-тапсырманы орындаймыз. 1 топ басшысы 1 азат жолды,
2 топ басшысы 2 азат жолды оқиды. (оқып болған соң) Енді қағазда 1
бағанда туындылардың жылдары жазылады, 2 бағанға сол туындылардың
аттарын толтырасыздар.
Амангелді (1970), Мектепте (1930), Түрксіб
(1932), Абай (1945), Автодүкен (1963), Биік таулы мұз айдын
(1954).
3-тапсырма. «Жалғасын
тап» деп аталады?
Мақал-мәтелдердің басы жазылады, аяқтау керек. Орысшаға
аудару.
Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала- сорлы
бала.
Атаңа не көрсетсең, алдыңа сол
келер.
Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы
бар.
4-тапсырма. «Кім
шапшаң?» 3-тапсырмадағы
10,11,12,13 суреттердегі Ә.Қастеев туындыларымен танысып, кімдер
бейнеленгенін айтыңдар? Қалау райды қатыстырып сөйлем
құраңдар.
5-тапсырма. «Ойлан
тап». Ә.Қастеев
туындыларының аттары жасырынған , соны сандардың көмегімен тауып
ашыңдар.
-
Жайлаудағы
автодүкен
-
Амангелді
сарбаздары
6-тапсырма.
Сөзжұмбақ (Лото).
-
Рай түрі.-3 түрі
Бұйрық,шартты,калау
-
Әбілхан Қастеев
туындысы-Жас
Абай,Автодукен,Амангельды,Түрксіб;мектепте
-
Ә.Қастеев кім? .-ҚР халық
суретшісі
-
Қайтыс болған жері -Алматыда кайтыс
болды
-
Суретші дүниеге келген
аудан.-Жаркент ауданы,Шежін
аулы
-
Әбілхан Қастеев дүниеге келген облыс-Талдықорған облысында дүниеге
келген
-
Қай туындысы «Жайлаудағы
....»-
«Жайлаудағы автодукен»
-
Суретшінің отбасы қандай болған-,кедей малшының отбасында дүниеге
келген
7-тапсырма. Хронологиялық
кесте.
№
жылдар
оқиғалар
1904 ж 1 қантар
Талдықорған облысының (Алматы облысы) Жаркент
ауданындағы Шежін ауылында дүниеге
келген.
1929 жылы
Алматыға келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың
көркемсурет студиясында білім
алады.
1937 жылы
КСРО суретшілер одағына мүшелікке
қабылданады.
1942 жылы
Алматыда суретшілер қызметінің 15 жылдығына
арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді.
1944 жылы
Қазақ Халық суретшісі атағын
алады.
1973 ж 2 қарашада
Алматыда қайтыс
болады.
ІҮ.
Бекіту.
Тест
тапсырмалары арқылы
-
ХІХ ғасырдағы реалистік кескіндеме мектебін
қалыптастырған орыс суретшісі.
А) С.Герасимов
Б) А.Пластов
В) И.Савельев
Д)
Н.Хлудов
2. Қалау райлы сөйлемді
көрсет.
А) Менің болашақта Ә.Қастеев сияқты атақты
суретші болғым келеді.
Б) Менің әкем – Суретшілер одағының
мүшесі
В) Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың
кәсіптік шеберлігін меңгерді.
Д) 1928 жылы Семейде бейнелеу өнерінің көрмесі
ұйымдастырылды.
3. Қалау райлы етістік қандай жұрнақтар арқылы
жасалады?
А) –са,-се
Б)
–ғы,-гі,-қы,-кі
В)
–да,-де,-та,-те
Д)
–қан,-кен,-ған,-ген
4. Ә.Қастеев кім?
А) дарынды ақын
Б) ҚР халық
суретшісі
В) еңбек сіңірген
әнші
Д) қолөнер шебері
5. Ә.Қастеевтің 1945 жылы салған
суреті
А) «Бүркітпен аң
аулау»
В) «Түрксіб»
Б) «Абай
жайлауда»
Д) «Жамбылдың
портреті»
Ү. Қорытындылау. Тақтаға кластер
сызамыз.
Табиғат суреттері Абай
Мектеп
Ә.Қастеев
туындылары
Амангелді Таудағы мұз Жайлаудағы
автодүкен
ҮІ.
Бағалау.
Топ басшылары
бағалайды.
ҮІІ. Үйге
тапсырма.
4-тапсырма. «Түркісіб» туралы өз пікірін
айту
Бағалау
парағы
Ф.и
ученика
|
«Сыңарын тап»
|
«Кім жылдам?»
|
«Жалғасын тап»
|
«Кім
шапшаң?»
|
«Ойлан тап».
|
Сөзжұмбақ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қалау – ниет, тілек дегенді
білдіреді
Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды,
іс - әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді, бірақ
беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен
жасалады.
Мысалы: Менің жақсы оқығым
келеді.
Қалау райдың жасалу
жолдары.
1. – ғы/гі; - қы/кі жұрнақтары және тәуелдік
жалғауы жалғанып, кел көмекші етістігімен
тіркеседі.
Мысалы: Менің теледидар көр - гі - м
келеді
Менің Астанаға бар - ғы - м
келеді.
Мысалы:
Менің
бар-ғы-м
келеді Біздің
бар-ғы-мыз
келеді
Сенің
бар-ғы-ң
келеді Сендердің
бар-ғы-лары-ң
келеді
Сіздің
бар-ғы-ңыз
келеді Сіздердің
бар-ғы-лары-ңыз
келеді
Оның
бар-ғы-сы
келеді Олардың
бар-ғы-лар-ы
келеді
. Тірек
сызба бойынша
жұмыс. Кесте бойынша бірнеше сөйлемдер
құрастырыңдар.
Лото бойынша жұмыс.Лото
бойынша бірнеше сөйлемдер құрастырындар
Ә.Қастеев
1929 жыл -
? Алматыда екі жылдай Хлудовтың
көркемсурет студиясында білім
алады
1930 жыл -
? Ә.Кастеев алғаш рет Мәскеуге
сапар шегеді
1934-1936
ж. - ? Ә.Кастеев Мәскеуде
көркемстудисынан Над Конст Крупская сабақ
алады
1942 ж. -
? Алматыда суретшінің
шығармашылық қызметіне 15-жыл көрмесі
өтеді
1904-?
Талдықорған облысының (Алматы
облысы) Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге
келген.
1973-?
Ә.Кастеев 2-ші караша Алматыда
кайтыс болған
1944-?
Ә.Кастеев ҚР халық суретшісі
атағын алады