Ашық сабақтың
тақырыбы:
«Жиһаз»
Тобы: Әлеуметтік
бейімделу
Пәні:
Жапсыру
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Балаларға жатын бөлмесінің
жиһаздары туралы түсінік беру, жиһаздың түрін ажырата
білу.
Түзетушілік:
Жатын бөлмесінің жиһаздарының
атауларын үйрету. Не үшін қажет екенін
түсіну.
Дамытушылық:
Балалардың тақырыпқа деген
қызығушылығын арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын
көбейту.Ұсақ және жалпы қол моторикасын дамыту, түсініп бірге қимыл
әрекет жасауға үйрету.
Тәрбиелік:
Жиһазды күтіп ұстауға, қағаз
жұмыстарында ұқыпты жапсыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері мен
құралдары: Шай ыдыстары, түрлі түсті
жиһаз суреттері, орындық, үстел, кереует. Қатты қағаз, желім, дайын
шаблон, қоян, үйдің макеті.
Сабақтың
барысы
Ұйымдастыру
кезеңі:
Мен сендерді шаттық
шенберіне шақырамын.
Амансың ба, алтын
күн!
Жарқыраған жарқын
күн!
Маған мейірім мен шуақ
бер!
Қуаныш пен шаттық
бер!
Амансың ба, амансың
ба?
Алтын
күн!
Өткен сабақты
қайталау
- Балалар өткен сабақта біз
сендермен ыдыс-аяқпен танысқан
болатынбыз.
- Ал балалар мында қараңдаршы
бізге кім келгенін
- Қоян алыс орманнан бізге
қонаққа келіпті.
- Далада қыс, ол тоңып
қалыпты, біз оған шай берейік
- Шай бере отырып, ыдыстарды
қайталап шығайық.
Аян кесені
көрсетші,
Санжар сен қасықты
көрсет.
Аян
тарелканы
көрсет.
Балалар шай ішу үшін қайда
отырамыз?
- Орындықта, ал ыдыстар қайда
тұр? (үстелдің үстінде)
-
Дұрыс.
Жаңа сабақты
түсіндіру:
- Балалар, қоян орманнан тоңып
жүріп бізге келді, ол ойланып өзіне үй салғысы келеді екен, біз
оған көмектесеміз бе?
- Иә.
- Біз оған үй салуға
көмектесіп көрейік.
(Бұрышта жабулы үйдің макеті
тұрады, жан-жағында кубиктер тұрады. Сол кубиктен құрастырып үй
саламыз (қоян қуанып бірге жасап жүреді).
Балалар көзін жұмады осы
кезде үлкен қоянның үйі пайда болады.
-
Жүріңдер, балалар, қоянның
үйіне кіріп көрейік.
-
Қоянның үйінде не бар
екен?
-
Балалар, байқадыңдар ма,
қоянда жиһаздары жетіспейді
екен.
-
Балалар енді қоянға жиһаз
керек қой, біз сыйлық ретін де ең
керекті
жатын
бөлмесінің жиһаздарын тарту
етейік.
Аян кереует
әкеледі, Санжар үстел,
апай орындық
сыйлайды.
(Сурет салу, тамақ ішу, жапсыру
үшін керек)
-
Орындық отыру үшін керек,
кереует ұйықтау үшін керек.
-
Енді бәрің мына кереуетке
қараңдаршы, кереуеттің арқасы, аяғы және орта тақтайы
бар.
-
Маған осы кереуеттің суретін
тақтада жинап беріңдерші.
(Суретті апай көрсетеді,
тақтаға іледі, балалар кезектесіп әр бөлігін магнитті тақтада іліп
көрсетеді.)
Қол саусақ
жаттығулары
Мынау
орындық,
Бұнда
отырамыз
Мынау
үстел,
Бұнда тамақ
ішеміз
Мынау
кереует,
Мұнда жатамыз 2 рет
қайталау
сабағымызда, алдын ала
дайындалған шаблоннан кереуеттің суретін
жапсырайық.
Сергіту сәті :
Ойын
Орнымыздан тұрып, музыка
қосылады орындықты айналып билеу.
Не артық?
ойыны
Мақсаты: суреттер қойылады, артық
суретті алып тастау керек.
Мысалы; орындық, үстел, қалам
немесе кереует, үстел, ойыншық.
Өтілген сабақты талдау: Біз
не білдік?
-
Біз бүгінгі сабақта не
білдік?
-
Жатын бөлмесінің жиһаздарымен
таныстық. Мен атаймын, сендер суреттен
көрсетіңдер.
-
Балалар бір сөзбен не
дейміз?
-
Жиһаз деп
атаймыз
Үстел, орындық,
кереует.
Балаларды
мадақтау: - Балалар, қоян сендерге риза
болғаны сондай өз атынан сыйлық әкеліпті.