Ашық сабақ Жиын дегеніміз не? 1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Жиын дегеніміз не? 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға,бастауыш сынып мұғалімдеріне керек.Әдістемелік көмек болады.Жаңартылған білім мазмұны бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспар жасауға,ресурстарды тиімді пайдалануды,сабақ мақсатын дұрыс қоя білуі үшін қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пәні

Математика

Мұғалімнің аты-жөні

Т.Уразбекова

Мекетеп

110 мектеп-лицейі

Күні Қатысқан оқушы саны


Қатыспағандар саны


Сынып

1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

4В Жиын және логика элементтері


Сабақ тақырыбы:

Жиын дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.1.2 жиындарды элементерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

жиын элементтерін салыстырады, анықтайды

Көптеген оқушылар:

жиындардың элементтеріне, элементтің қай жиынға тиесілі екеніне мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар: екі жиынның бірігуінен және бір жиыннан артық бөлігін жою арқылы жаңа жиынның құрылуын көрсете алады.

Бағалау критерийлері

Заттардың ортақ белгілерін анықтайды.

Ортақ белгілері бойынша жиын құрады немесе жіктейді.

Заттар жиынын жұп құрастыра отырып салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

жиын;элемент,ортақ белгі,біріктіру,жаңа жиын.

Оқушылар:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Талқылау:

Жиын құру үшін не қажет болды?

Жиынға қандай элементтерді пайдаландың?

Жиын үшін барлық мүмкін элементтерді қолдана алдың ба?(Әңгімелейді)

Жазылым:

Жиындарды табады және қарадашпен белгілейді.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмыс арқылы қарым- қатынас дағдысын қалыптасады.

Топтық жұмыс арқылы жауапкершілікке, шығармашылыққа және сын тұрғысынан ойлауға қалыптастыру.

Жұптық жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді;

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану: (жануарлардың, өсімдіктердің топтарын атау)

Көркем еңбек :( көкөністердің, киімдердің және ойыншықтардың суретін салу)

Ағылшын және орыс тілі: (оқушылар жиын, элемент сөздерін үш тілде айту)

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта.

Бастапқы білім


Жиын туралы білетіндерін ортаға салып тұжырым жасау .Жинақтау ұғымына түсіндірме жұмыстарын түзу.Жалпы заттардың тобы туралы білімдері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 Ұйымдастыру кезеңін өткізу. Шаттық шеңбері.

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Математиканы игеріп,

Біз білімді боламыз!

-Балалар біз Егеменді елдің қандай ұланымыз?

-Бақытты,білімді,ұқыпты,зерек,алғыр,мықты ұланымыз.

-Ендеше біз білімді,алғыр екенімізді көрсетейік.

Ширату жаттығуы:

  • Балалар біз мектепте кімдерміз?

  • Оқушылар.

  • Сендерді екі топқа қалай бөлуге болады?

  • Ұлдар және қыздар.

  • Кітап,карандаш,сызғыш,дәптерді бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Оқу құралдары.

  • Айран,сүт,құрт,май десем қалай топтар едіңдер?

  • Сүт тағамдары немесе өнімдері

  • А,т,с,ж,5,7,8,к,ы,3 мен айтқан сөздерді қалай ажыратасыңдар?

  • А,т,с,ж,к,ы-әріптер

  • 5,7,8,3-сандар

Дұрыс айтасындар.

-Бүгінгі тақырыбымыз осы ортақ белгісі бар заттар тобы жайлы болмақ.

Кім жылдам?ойыны «Дүкенде»

Дүкеннен алған заттарын жинақтау,топтау,қалай атауға болатынын сұраймын.Сол топтар бойынша топтарға бөлемін.

1-топ:Азық түліктер мен сусындар:

2-топ:Киімдер

3-топ:Оқу құралдары

4-топ:Ойыншықтар

Бағалау критерийі: Білім алушы

Осы ортақ атау бойынша мәлімет айтады

Заттардың ортақ белгілерін анықтайды.

Ортақ белгілері бойынша жиын құрайды немесе жіктейді

Топтарды «Жалауша» арқылы бағалау.

Оқушылармен бірге сабақ мақсатын қою.

жиын ұғымымен танысасыңдар;

жиын элементтерін білетін боласыңдар;

Жиын -ортақ белгілері бойынша біріккен заттар жиынтығы. Жиынды­ әртүрлі нысандардың қандай да бір белгісі негізінде құруға болады.

Жиынды құрайтын заттар элементтер деп аталады.

Тақтамен жұмыс.Мысалы: “ЖЕМІСТЕР” — жиын, ал “АЛМА” “ЖЕМІСТЕР” жиынының элементі.




















Суреттер,

ойыншықтар

Сабақтың ортасы

Ұ.т

-Балалар сендерге саяхатқа шыққан ұнай ма? Орнымызда отырып ойша орманға саяхат жасайықшы.

Жол бой кездескен заттар:

Қарға, емен, көбелек, түлкі.

-Балалар мыналар қай жиынның элементтері?

1.Құстар жиыны

2.Ағаштар жиыны

3.Бунақденелілер жиыны

4.Жануарлар жиыны

Олардан тағы да қандай жиындарды атай алатынын сұрау. Заттар жиынын атауды және олардың қандай элементтерден тұратынын сұрау.

- Оларға қандай белгі ортақ?

-Жиында неше элемент пайда болды?

-Жиынға тағы басқа элементтерді қосуға бола ма?

Ойлан,тап!ойыны

Аңдар

Шие,өрік,алмұрт

Жемістер

Қарға,торғай,шағала

Құстар

Қарағай,емен,қайың

Ағаштар

Түлкі,қасқыр,арыстан

Бағалау критерийі: Білім алушы

Заттардың ортақ белгілері бойынша қай жиынның элементі екеніңн анықтайды.

Дескриптор: Білім алушы

-жиын элементерін анықтап, меңзер сызығымен қосады.

Сөздік баға

Т.т.Суретпен жұмыс.Қай жиынға жатады?

1-топ: 2-топ:

3-топ: 4-топ:

2.Жиындағы артық элементті тап:

1-топ:



2-топ:

3-топ: Қызыл түспен аңдар жиынын (тиін, мысық, балапан, кірпі), көк түспен ағаштар жиынын (шырша, қайың, емен) жасыл түспен тікенек заттар жиынын (шеге) белгіле.

4-топ: Нысандар жиынын бір сөзбен ата. (Ойыншықтар, жемістер)

Дескриптор: Білім алушы

- жиындағы артық элементі табады ;

-нысандар жиынын бір сөзбен атайды;

ҚБ: Сөздік баға.

Ж.т: Суреттерде көрсетілген топтар (жиындар) қалай аталады?

Әр топқа атау бер.

Осы жиындардың әрқайсысында қанша элемент бар?

Оқушылар берілген тапсырманы жұпта талқылайды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Көрсетілген суреттер арқылы жиын терминінің түрлі нысандарға қолданылатынына көз жеткізеді.

Ө.ж ҚБ тапсырмалары:

1-тапсырма

Торайға борщ жасауға, ал көжекке шырын дайындауға қажетті заттарды анықтап,тиісті ыдыспен байланыстырып сызыңыз. Әр жиынның ортақ атауын айтыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- жемістер жиынын құрастырады және атайды;

- көкөністер жиынын құрастырады және атайды.

бағалау













Кесте,қарандаш










Суреттер




























































































Суретті кесте























































Сабақтың соңы

«Кім тапқыр?»Түстермен анықта

Ж иын- Элемент-

Атауы

Белгі

Орман


Алма


Сиыр


Жануар


Сандар


Көйлек


Қызанақ


Көкөністер


Көліктер


машина


Сызғыш


Балапан


Отбасы


Кесе



Кері байланыс. «Мен қайдамын?»

-Мен жиындар жайында бәрін түсіндім, тапсырманы біреудің көмегінсіз өзім орындадым» деген оқушы жарқыраған күнге барып тұрады.

- Мен жиындар жайында түсіндім деп ойлаймын, бірақ, кейбір тапсырманы достарымның көмегімен орындадым» деген оқушы бұлт арасындағы күнге барып тұрады.

- Мен жиындар жайында түсінбедім, барлық тапсырманы мұғалімнің және достарымның көмегімен орындадым» деген оқушы бұлттың суреті ілінген тұсқа барып тұрады.

(Әр суреттің қасындағы оқушыларды анықтап, оларға қолдаймын)






















Рисунок 1

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1.Қабілеті жоғары оқушылар жұптық жұмыс барысында Жиын құрамын анықтайды.

2. Топтық жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушылар ескеріледі.

3.Ойын түрлері арқылы өзіндік,жұптық,топтық жұмыстар жүргізілді.


Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану.

(Ұ) Жалаушамен,сөздік бағамен бағаланады.

(Т)Екі жұлдыз,бір ұсыныспен ,

«Бағдаршам» арқылы жұптық жұмыс бағаланды.

«Сөздік баға» әдісімен топтық жұмыс бағаланды.

Жеке жұмыс кезінде жұлдызша арқылы бір- бірін бағалады.

Кері байланыс. «Мен қайдамын?»ауызша.


1.Сергіту сәті орындалды.

2.Оқу құралдарын ұқыпты, дұрыс пайдалану ескертілді.

3.Тазалық сақтау гигенасы ескерілді.








Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?








Сабақ оқу мақсатына сай өткізілді.

Ия


Әрине

Жалпы баға




Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:




2:





Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2018
2871
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі