Материалдар / Ашық сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып мұғалімдеріне математика пәніннен ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
579
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Қозғалысқа байланысты есептер

Мақсаты:

1.Қозғалысқа байланысты есептер туралы ұғымды қалыптастыру.Әр түрлі әдіс-

тәсілдерді пайдалана отырып, қозғалысқа байланысты есептерді шығар

төселдіру.

2.Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыра отыра, ой-

өрістерін кеңейту, өз беттерімен жұмыс істей білу қабілеттерін арттыру, логикалық

ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге,

ұйымшылдыққа, бірлікке, өзгенің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Топпен жұмыс «Ой қозғау», сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтағы пән аралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен амандасу, түгендеу

ә) сабаққа қажетті құрал- жабдықтарын алғызу.

б) сабаққа назарын аудару.

ІІ.Қызығушылығын ояту.а) Психологиялық дайындық. Сабақты бастамас бұрын,

Оқушыларды ұйымдастырып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алу.

Яғни,Барлығымыз көзімізді жұмып,

Мен сабақта, мектептемін.

Менің зейінім тұрақты,

Мен жақсы ойланып отырмын.

ә) Оқушыларды топтарға бөлу.(жылдамдық, уақыт, қашықтық)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» ойыны арқылы тексеріледі.

Жылдамдық тобына:

1.Көлемнің неше өлшем бірлігі бар? Көлемді қалай табамыз?Атап бер.

2.Төрттен бір бөлігінің ұзындығы 8см болатын жіптің жалпы ұзындығы неше см?

3.Перпендикуляр мен параллельдің айырмашылығы неде?

4.Кез келген санды 0-ге көбейткенде, бөлгенде не шығады?

5.9-дың кубы неге тең?

Уақыт тобына:

1.Палетканың көмегімен фигураның ауданын қалай табамыз?

2.Бөлудің компоненттерін ата.

3.Кит 250000кг.Ол неше тонна? (250)

4.Кубтың неше жағы, неше қыры, неше төбесі бар?

5.1метр 1дециметрден неше сантиметрге артық?(90см)

Қашықтық тобына:

1.35-ті қандай санға көбейткенде 105 саны шығады?(3)

2.Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?(60кг)

3.120 минутты сағатпен өрнекте. (2сағат)

4.Миллионда неше о бар?




ІҮ.Мағынаны тану.

Жаңа сабақ. «Ой қозғау» стратегиясы


DrawObject1

DrawObject2 DrawObject3

DrawObject4



-Балалар,бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қозғалысқа байланысты есептер»

Оқушылардың дәптерлеріне күннің ретін, жаңа сабақтың тақырыбын жаздырту.

Олай болса, біз бүгін сабағымызда білім теңізінде кемемен жүзе отырып, «Математика» еліне саяхат жасаймыз. «Математика» деген ғажайып елге жету үшін білімімізді ортаға салайық. «Математика» еліндегі үлкен олжаға жету үшін жолдағы кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек.

Ал, балалар, олай болса, «Математика» еліне саяхатқа шығуға дайынбыз ба?Олай болса, бәріміз бірге ұранымызды айтайық.

Біз ақылды баламыз,

Есеп,жұмбақ ойынның.

Жауабын тез табамыз.

Туын ұстап білімнің,

Саяхатқа шығамыз.

-Жарайсыңдар, оқушылар!

І-саяхатымыз: «Математикалық оқулық» аялдамасы

Оқулықпен жұмыс.№1 171 бет.

-Сурет бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру.

-Барлық топтар арқылы талдау

1-топ: «Жылдамдық»-№2 есепті шығару

2-топ: «Уақыт»-осыған кері есеп құрастыру

3-топ: «Қашықтық» №4 кестеде берілген қашықтықты өрнек түрінде жазу. Қашықтық формуласы қалай жазылады?

ІІ-саяхатымыз: «Математикалық диктант» аялдамасы

1-топ: «Жылдамдық»

47мен 19-дың көбейтіндісінен 2400-дің 80-ге бөліндісін азайт;

2-топ: «Уақыт»

71 мен 63-тің көбейтіндісін 17 мен 3-тің көбейтіндісіне көбейт.

3-топ: «Қашықтық»

53 пен 7-нің көбейтіндісін 815 пен 793-тің айрмасына көбейт





ІІІ-саяхатымыз: «Математикалық домино» аялдамасы



DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject5 DrawObject7 DrawObject6




DrawObject11

42

ІҮ-саяхатымыз: «Математикалық турнир» аялдамасы

Сызба бойынша есеп құрастыру.

1-топ. «Жылдамадық»

DrawObject12

2-топ «Уақыт»

DrawObject13

3-топ «Қашықтық»

DrawObject14


Ү.саяхатымыз: «Математикалық жұмбақ» аялдамасы

1 топ. «Жылдамдық»

1.Автобус 45км/сағ жылдамдықпен 90 км жол жүрді.Ол қанша уақыт жолда болды?

2топ. «Уақыт»

1.Шаңғышы сағатына 18 км жылдамдықпен 3 сағат жүрді.Оның жүрген жолын тап.

3топ. «Қашықтық»

1.Жаяу адам 3 сағатта 12 км жол жүрді.Ол қандай жылдамдықпен жүрген.

Ү.Ой толғанысы.Сабақтың қорытындысы.

ҮІ. –саяхатымыз: «Математикалық эстафета» аялдамасы

1-топ: «Жылдамдық» 2-топ: «Уақыт»

-Жылдамдық дегеніміз не? -Уақыт дегеніміз не?

-Ол қалай белгіленеді? - Ол қалай белгіленеді?

-Формуласы қалай? - Формуласы қалай?

-Шамасы қандай? - Шамасы қалай?

Жылдамдықты қалай табамыз? -Уақытты қалай табамыз?

3-топ: «Қашықтық»

-Қашықтық дененіміз не?

-Қашықтық белгісі?

-Формуласы қалай?

-Шамасы ше?

-Қашықтықты қалай табамыз?

ҮІ. Үйге тапсырма.

ҮІІ. «Білім пердесі» бойынша бағалау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!