І. Ұйымдастыру сәті. Психологиялық көңіл
күй.
Бүгінгі күннің ауа-райы туралы әңгіме қозғап, сабаққа дайындықтарын
бақылау.
ІІ.
Білімді өзектендіру.
ІІІ.
Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін белгілеу.
-Біз табиғатта суды қай жерден
кездестіреміз?
ІV. Жаңа материалмен
жұмыс. А) Топтық
жұмыс. «Судың қасиеттері»
Ә) –Өзен тамшыдан құралады. Бірақ барлық су
бірдей жер бетінде сақталмайды және барлығы бірдей буланбайды.
Жердің астында да су көптеп кездеседі. Құрлық бетіндегі суды жер
беті суы деп атайды. Ал жер астындағы суды жерасты суы деп атайды.
Қазақстан үшін жерасты суларының маңызы зор, өйткені оның біраз
аумағы шөл және жартылай шөл аймақтарында орналасқан.
-Қалай
пайда болады? (сызбамен жұмыс)
Жерасты
суларының негізгі көзі – жауыын-шашын, яғни қар мен жаңбыр. Жаңбыр
суы немесе еріген қар суы топырақтың жоғарғы қабаттары арқылы
өтеді. Судың бір бөлігін өсімдіктер өсу үшін пайдаланады, ал қалған
бөлігі топырақтың төменгі қабатына өтеді. Ол су өткізбейтін қиыршық
тас және құм қабаты арқылы оңай өтеді. Суды өткізбейтін қабат (саз,
гранит) үстінде су жиналады.
-Жерасты
суын қалай пайдалануға болады? Қазақстан тұрғындары құдық қазады,
өйткені құдық суы таза, мөлдір және салқын болады.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді
оқыңдар. Жұптасып талқылаңдар.
-Судың кейбір заттарды ерітетін қасиетін еске
түсіріңдер. Тұз суда ериді және ондай үдерістер жер астында да
болады. Ол белгілі бір дәм, иіске ие болады, кейде қызады. Осындай
су минералды су деп аталады. Минералды су көзі арасан деп
аталады.
Минералды су 3 түрге жіктеледі: асханалық, емдік және шомылатын.
Қазақстанның картасын қарап, белгілеу.
Ең
белгілі географиялық атаулар: Алмаарасан, Сарыағаш, Қапаларасан,
Көкшетау минералды сулары, Барлықарасан, Жаркентарасан.
-Минералды суды қалай пайдалануға болады?
-Минералды су ішу үшін пайдаланылады, адамдар оларға шомылады. Бұл
жүйке ауруларынан, тері ауруларынан, бүйрек, бауыр, т.б.ауруларынан
арылуға көмектеседі.
V. Білімді бекіту.
Эертханалық
жұмыс: «Бор араласқан
суды немесе құмды суды қалай тазартуға
болады?» VІ.
Рефлексия.
1.Маған сабақта ұнағаны ...
2.Мен үшін қызықты болғаны ...
3.Бүгінгі менің
түсінгенім ...
|