Материалдар / Ашық сабақ "Журналистика-асылды іздеуші" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Журналистика-асылды іздеуші" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Журналистика мамандығы туралы ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
2564
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



Сабақ: Бөлім тақырыбы: «Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары»

Бөлімше тақырыбы: «Журналист –асылды іздеуші»

1сабақ


Бөлімше тақырыбы: «Журналист –асылды іздеуші.»

1сабақ Бөлімше тақырыбы: «Журналист –асылды іздеуші.»

1сабақ Бөлімше тақырыбы: «Журналист –асылды іздеуші.»

1сабақ Бөлімше тақырыбы: «Журналист –асылды іздеуші.»

1сабақ Бөлімше тақырыбы: «Журналист –асылды іздеуші.»

1сабақ





Мектеп: Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-гимназия» ҚММ


Күні: 28.06.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: : Нурмухамбетова

Каламкас Орынбаевна

СЫНЫП: 9

Қатысқандар: 10



Қатыспағандар:0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.3.4.1. мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау.

9.5.1.2. мекен үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Баpлық oқушылаp opындай алады:

мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырады;

мекен үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады;

Oқушылардың көпшілігi орындай алады:

мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырады, талдау жасайды;

  • мекен үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды пайдаланады.

Кейбip оқушылар орындай алады:

мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырады, талдау жасап, талқылайды;

мекен үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолданады, дәлелдейді;

Бағалау критерийі

1. Кесте толтыру арқылы мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырады;

2. «Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі арқылы мәтінге талдау жасайды.

3. Екі мәтіннің мазмұнын «Неге? Неге? Неге?» әдісі бойынша талдайды.

4. Мекен үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолданады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • Мекен үстеулерді ажыратады, мәтіннен табады.

Пәнгe қатысты сөздiк қор мен терминдер:

Өзекті мәселелер, ізденімпаз, қозғайды, жан-жақты, сүйіспеншілік, жылдамдықпен.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: өзекті мәселе, ақпарат тарату, жан-жақты маман.




  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Журналист қандай мамандық?

  2. Журналист мамандығының қандай қиыншылықтары бар?

  3. Журналист мамандығының қандай жағымды жақтары бар?

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Оқушылар жауапты мәтіндерден алып өз oйлаpын ашық тапcыpмалаp арқылы oрындайды

ишара:таныс сөздерді қимылмен көрсету

Құндылықтарға баулу

Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушалардың бойында Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

Алдыңғы оқу:

«Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы қысқаша айта алады. Отандық газет-журналдарды біледі.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық ахуал туғызу.

«Шаттық шеңбері» Шеңбер құрып бір-біріне тілек айту.

Топқа бөлу. Осы сөздерді біріктіргенде сабақтың аты шығады.

1-топ- Журналист

2-топ- Іздеуші


Сабақтың тақырыбымен таныстыру

Журналист –асылды іздеуші сабақтың мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін талқылау.

«Миға шабуыл» (ауызша ой салу)

Журналист деген кім?

Журналист мамандығы қажет пе?

Қалай ойлайсыңдар не үшін қажет?








Ортасы

5 минут













10минут












































































6 минут












































7 минут


























Оқылым. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.

1.Сөздікпен жұмыс

қызмет-жұмыс

өзекті мәселе-негізгі ой

қозғайды- талқылайды

ізденімпаз- жан-жақты

сүйіспеншілік- махаббат

жан-жақты-білімді

ақпарат тарату-мәлімет беру

жылдамдықпен- тез

адал- әділ

1-тапсырма.

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырыңыз. Кесте толтыру арқылы талдау жасаңыз. Мекен үстеулерді табыңыз.

1-мәтін.«Журналистика қызметі аур да, ардақты да»

Журналистің қызметі ауыр да, ардақты да. Шынайы журналист түн ұйқысын төрт бөлген адам. Журналист қоғамдық сананың қалыптасуына ықпал етеді. Ол өмірдегі өзекті мәселелерді қозғайды.

Журналист ең бірінші ізденімпаз болу керек. Журналист сауатты, өз пікірін дұрыс жеткізе алатын адал жан .Өз ісіне сүйіспеншілікпен қарап, жан-жақты болу керек. Өйткені , өмір дегеніміз үнемі өзгеруде, дамуда, жаңаруда.

Журналистің қиыншылығы мол. Өйткені ол өмір бойы жол үстінде. Ол жүрмейтін жол, бармайтын ел жоқ. Ол еш уақытта қателеспеу керек.Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес мыңдаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Халық нағыз журналист жазған ақпаратқа сеніммен қарайды.


2-мәтін «Журнал -мерзімді басылым»

Журнал – мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журнал газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды. Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. бесінші қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – «Айқап» 1911 – 1915 ж. аралығында жарық көрді. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемлекеттік және жеке меншік журналдар саны көбейді.


Мәтін ерекшеліктерін салыстыру

1-мәтін

2-мәтін

Стиль



Жанр



Жанр ерекшелігі



Мекен үстеулер




Дескриптор:

  1. Мәтіндерді түсініп оқиды.

  2. Мәтіндердің стилін анықтайды.

  3. Мәтіндердің жанрын анықтайды.

  4. Мәтіндердің стилін, жанырлық ерекшеліктерін салыстырып талдайды.

  5. Мекен үстеулерді табады.



Қалыптастырушы бағалау Топтық бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топ оқушылары «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бір бірін бағалайды . Әр топ екі жағымды жақтарын көрсетеді және бір ұсыныс жасайды.

Кері байланыс:

1.Мәтін стилін ажырату қиын болды ма?

2.Неге?

3.Мекен үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?

4.Оқылған мәтіндерді қандай ерекшеліктеріне қарай салыстырдыңыздар?


Саралау: Қарым –қатынас формалары бойынша саралау. Топтық жұмыс барысында мәтіндердің ерекшеліктерін анықтағанда қабілетті оқушылар қарапайым деңгейлі оқушыларға сұрақтарына жауап беру, бағдар беру арқылы көмектеседі.


2- тапсырма Жұптық жұмыс.

«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі арқылы

журналистика мамандығының жағымды, жағымсыз, даулы жақтарын анықтап, талдау жасаңыз. Мекен үстеулерін қолданыңыз.


Жағымды

Жағымсыз

Даулы





Дескриптор:

  1. Мамандықтың жағымды жақтарын айта алады.

  2. Жағымсыз жақтарын ажыратады

  3. Даулы жақтарын анықтайды

  4. Өз ойларын дәлелдейді

  5. Мекен үстеулерді қолданады


Қалыптастырушы бағалау: Жұптық бағалау « Шапалақ» әдісі бойынша оқушылар жұпта бір-біріне шапалақтау арқылы баға береді.

Үш шапалақ-«өте жақсы».

Екі шапалақ-«жақсы».

Бір шапалақ-«жаман емес».


Кері байланыс: «Сұрақ жауап» әдісі

-Осы тапсырманы орындағанда, өзіңіздің қандай күшті жақтарыңызға арқа сүйендіңіздер?

-Нені өзгерткіңіз келеді?

-Сізге не ерекше қиын болды?

-Сізге не пайдалы болды?



Саралау: «Оқушыға жеке қолдау көрсету» арқылы саралау. Кейбір оқушылар мақсатқа жету үшін арнайы көмекті қажет етті. Көмек беру деңгейі оқушының қажетілігіне сай берілді.


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!