Материалдар / Ашық сабақ К. Ахметова "Астана"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ К. Ахметова "Астана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жаңартылған білім бойынша 2- сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары



Пән: Ғылымға кіріспе


Мектеп: «Ақтайлақ негізгі орта мектебі» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім:Өсімдік әлемі


Мұғалімнің аты-жөні: Темешбаева Ж.Е

Күні:

Сынып: 2 сынып


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдікке жыл бойы қалай күтім жасау керек?

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: бөлме және мәдени өсімдіктерді күту тәсіл­ дерін сипаттау;

Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады


Күтілетін нәтиже

  1. Оқушылар өсімдікке қалай күтім жасау керек­ тігін білетін болады. Бұл үшін олар өсімдіктерге күтім жасаудың әртүрлі әдістерімен, соған ар­ налған арнайы құралдармен танысады.

Оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

2.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

2.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • Өсімдік өмірін анықтайды;

  • Табиғаттағы өсімдіктің маңыздылығын түсінеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар «өсімдік», «өсімдік өмірі», «өсімдіктің маңыздылығы» сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.

Құндылықтарды дарыту

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Алдыңғы білімдер

Оқушылар өсімдіктің өмірі мен және қызметін атап, көрсете біледі (табиғат, топтары, тірі өсімдік, түрлері, т.б.) және табиғаттағы өсімдіктерді ролі, өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Жыл мезгілі

Сырттағы күн райын бақыла.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Жыл мезгілін ажыратуға болатын үш белгіні ата.

Өсімдіктерге назар аудар!

Бір ағаштың оқиғасы

Суретке қара. Нені байқадың?

Жыл мезгіліне байланысты алма ағашында қандай өзгеріс болады? Алма ағашының басынан кешкен оқиғасы жайлы әңгіме құрастыру



Кіріспе тапсырма. Оқушыларға “Бағбанның қимылы” пантомимасын жасау. Олар топпен бағбанның қимылдарын ойлап тауып, сосын неге олар осы қимылды көрсеткенін және әр қимыл­ дың нені білдіретінін түсіндірулері керек.



Құрал-саймандармен таныс бол. Оқушылардың назарын тақтадағы құрал-саймандардың суретіне аударамын. Олардан суреттердегі құрал-саймандарды анықтап, осы құрал-саймандармен қалай жұмыс істеу керектігін және сол қимылдарды жасап көрсетулерін сұраймын.



Күтім жасау. Оқушыларға сұрақ қою: “Өсімдік­ өсіп тұрған топыраққа да күтім жасау керек пе? Әлде өсімдікке ғана ма? Неге? Өсімдіктің қай бөлігі топырақта орналасқан? Тамыр топырақтан не сіңіреді?” Оқушылардың назарын суреттерге және берілген жазуларға аударыңыз. Бала не істеп жүр? Егер өсімдікті суармаса, оған не болады? (Солып қалады.) Тыңайтқыштар не үшін керек? (Уақыт өте келе, топырақтағы қоректік заттар жойылады, сон­ дықтан оған тыңайтқыштар қосып отыру қажет.) Топырақты неге қопсыту керек? (Тамырға ауа жақсы жетеді.)




Сабақтың ортасы


(Т) Шағын топтарға екі затты салыстыруға тапсырма беру.

Адам топырақ пен өсімдікке жыл мезгілдеріне сәйкес күтім жасайды.

Көктемде топырақты тұқым себуге дайындайды: жерді жыртады,

тыңайтады. Жазда өсімдікті суарады, топырағын қопсытады, арамшөптерін

отайды. Күзде егін жинайды. Қыста егістікке қар тоқтатады.

Бидай егістігі

Суреттерде жылдың қай мезгілі бейнеленген? Адам бидайды қалай өсіріп,

баптайды? Әңгімелеп бер.




Зерттейік. Бұл тапсырманы оқушылар жұппен жұмыс кезінде орындайды.



Әр топқа сусепкіш, пульверизатор, шүберектер және таяқша таратылып беріледі. Төмендегі нұсқауларды басшылыққа аламыз.



  1. Өсімдіктің ерекшеліктерін ескере отырып, оны суару.



  1. Сосын топырақты таяқшамен қопсыту.

  2. Жапырақтардың шаңын сүртіп, су бүркіп, шаңын сүрту.



Осы іс-әрекеттерді өсімдікке зиян тигізбей істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріледі.



Тапсырманы орындау алдында сұрақ қойыңыз: “Егер өсімдікті дұрыс суарып, топырағын қопсытса, не болады?” Ойларын тыңдаңыз. Мүмкін кейбір оқушылар: Өсімдік басқаша көрінетін болады”, — дейтін болар. Мысалы, гүлдейді. Зерттеуді жасап болған соң: “Олардың болжамдары дәл келді ме?” — деп сұраңыз. Оқушылар кейбір болжамдар орындалмады деген қорытынды жасауы мүмкін. “Болжамдар нәтижемен сай келу үшін не істеу ке­-рек?” — деп сұраңыз. (Өсімдікке ұзақ уақыт бойы күтім жасау керек.) Нәтижелер тезірек көріну үшін тағы не істеуге болатынын сұраңыз. (Тыңайтқыштар­ себу, басқа орынға ауыстыру.) Осылайша, оқушылар зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижелері­ алға қойған болжамдармен сай келмеуі мүмкін екенін және зерттеу әдісін жетілдіру керектігін түсінеді.



Осы жұмыстың нәтижесінде оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін түсінеді.


жеке бөліктерінің суреттері мен олардың аттары жазылған кесте;


Сабақтың соңы


Сабақты қорыту:

Зерттейік

Бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керек?



Оқушылар өсімдіктерге күтім жасауға қолданылатын құралдардың атауларын біледі.

Бау-бақша құрал-саймандары

Оқушылар құралдарды атауы тиіс. Бұл үшін олар сөздердегі әріптердің орындарын сөз шығатындай етіп ауыстырулары керек. Міндетті түрде әр құралдың не үшін керектігін сұраңыз. Оқушылардың берген­ жауаптарын толықтыру үшін құралдарды қолдануды­ сұраңыз. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты­ түсінгендерін байқау үшін керек.

Жауабы

Күрек, тырма, қайшы, сусепкіш.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға жеке көмек пен қолдау көрсету.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу. Белсенді тақтаны тек 3 минут қолдануды жоспарлаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!