Қарашоқат орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
«КАЛАШНИКОВ АВТОМАТЫ МЕН
ПУЛЕМЕТІ»
Сыныбы:
10
Пән мұғалімі: Кенжес
Жамеков
2017-2018 оқу
жылы
Күні:4.12.2017
Тақырыбы: Калашников автоматы мен
пулеметі
Пәні: алғашқы әскери
дайындық
Сабақ өтетін сынып:10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы мен
пулеметі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға автоматтың
(пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымын және арналуы
мақсатын түсінуде өз бетімен және топпен оқу арқылы
теориялық-практикалық сауаттылығын
арттыру
Дамытушылық:
Оқушының алдына сұрақ қою
арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін,есте сақтау және қабылдау
дәрежесін жетілдіру.Танымдық дағдысын дамытып,шығармашылықпен жұмыс
істеуге дағдыландыру
Тәрбиелік:Оқушыларды
ұқыптылыққа,тәртіптілікке,әскери жарғы ережелерді құрметтеуге
патриотизмге тәрбиелеу
Күтілетін
нәтиже:
-өз бетімен және бөлімшемен
жұмыс істей отырып Калашников автоматы (қаруы) туралы жан-жақты
түсінік алып, қаруды қолдану ережелерін
үйренеді.
Көрнекілік
құралдар: АӘД оқулығы,интер белсенді
тақта,оқу қаруы,қару-жарақ столы,презентация,бейне үзіктер,бағалау
парағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:топтық-жұмыс,сұрақ-жауап,тест,зерттеу және
шығармашылық жұмыс
Сабақта қолданылатын технология элементтері:СТО,АКТ,дамыта
оқыту
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
-оқушылардың сапқа тұруы
-взвод командирінің баяндауы
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушылардың сырт келбетін тексеру
-оқушылардың назарын сабаққа аудар
-топқа бөлу
Бірінші және екінші санау арқылы топқа бөлінеді
Бөлімше командиріне бағалау парағын беру
ІІ .Үй тапсырмасын
сұрау
Зымыран сұрақтар
1. Қарауыл құрамына кімдер
кіреді?
2. Қарауыл деп кімді
айтамыз?
3.Сақшы деп кімді
айтамыз?
4.Пост дегеніміз
не?
5. Қарауылдық қызметтің
міндеттері мен тағайындаулары туралы айтып
беріңдер
6. Сақшы объектіні қалай
күзетеді?
7. Қарауылдық қызметті атқару
неге жауынгерлік тапсырманы орындау болып
есептеледі?
Мұғалімнің өткен тақырыпты қорытындылауы және сұрақтарға жақсы
жауап берген оқушыларды сертификат беру арқылы
мадақтау.
ІІІ .Жаңа
тақырып
Калашников автоматы мен
пулеметі
1.Зерттеу жұмысы М.Т. Калашников
кім?
Оқушылар топтастыру жұмыстарын
жүргізеді.
2.Калашников туралы видео
көрсетіледі.
3.Атыс қаруларына шолу(мұғалім
таныстырады)
4.Калашников автоматы мен пулеметінің бөлшектері мен
механизмдері
ІҮ Жаңа тақырыпты
бекіту:
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ (АК-74 және РПК-74 салыстыру)
ҮІ Қорытынды
1 Бағалау
2 Үй тапсырмасы ( «Бес қаруың сай болсын» тақырыбына эссе
жазу)