Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Кенесары хан
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия |
||||||||||
Сабақ № 14 |
Мұғалімнің аты-жөні: Талимова Т.С. Күні: 10.12.2019 ж. |
|||||||||
СЫНЫП: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: 23 |
Қатыспаған оқушылар саны: 1 |
||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт –азаттық қозғалыс |
|||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
8.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау 8.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру |
|||||||||
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясаына қарсы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру,көтерілістің себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулуОқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||||
Бағалау критерийлері |
Көтерілген мәселеге байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы өзіндік ой-пікірін дәлелді бере алады Шешімді растайтын дәлелдемелер мен қарсы дәлелелдер нақты көрсете алады. Топтық жұмыс,жұптық жұмыс арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын аша біледі. Өз ойларын еркін жеткізеді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, өмірде қолданады |
|||||||||
Тілдік құзіреттілік |
Сабақ тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен жаңа ұғымдар беріледі. Сөйлемдерінің лексикалық –грамматикалық талаптарға сай құрылуына назар аударылады. Лексикалық минимум: Талғам, жарасымды, келіссөз, тағып алыңыздар, орамал, ұсақ-түйек, келіссөз, ару |
|||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
|||||||||
Алдыңғы оқу |
Ежелгі түріктердің жазуы |
|||||||||
Сабақтың жоспары |
||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||||||
Басталуы 10 минут |
Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылулық сыйлау. Нұсқаулық:
«Жасырын сұрақ»: 1. Жоламан Тіленшіұлы қай жылдар аралығында көтерілісті басқарған? Жауабы: (1822-1825 жылдар). 2. Жоламан Тіленшіұлы қай руының батыры әрі биі? Жауабы: Табын. 3. 1825 жылдың көктемінде Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы қозғалыстары Қарқаралы округі қазақтарының басқарушы-сұлтаны кім болды Жауабы: Саржан Қасымұлы? 4. Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс немен аяқталды? Жауабы: Жеңіліспен аяқталды. 5.Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс неге жеңіліспен аяқталды? Жауабы: Өйткені олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады . «Болжау»: Бейне көрсетілім |
Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын. |
||||||||
Жаңа білім 10 минут
|
«Сақина салмақ ойыны» Кенсары Қасымұлы-1802 жылы Көкшетау етегінде дүниеге келген,Қасым сұлтанның бел баласы Абылай ханның туған немересі.Құралайды көзге атқан мерген,бала кезінен ат құлағанда ойнаған,қанжығасы қанды ғажайып аңшы,қара қылды қақ жарған әділдігімен,ерік жігері, қажымас қайратымен,қайтпас қайсар қаһармандығымен танылған.Ашаң жүзді,орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сойлеп көп тыңдаған,өзі-өзіне аса байсалды.Әңгімелескен адамның пікіріне әрқашан мұқият назар аударған.Қонақжай қасиеті ерекше күшті болған. Дәулетті де өзіне сай 6 мың жылқысы, 2 мың ұсақ малы болған.Деректерде-Кенесарыны найзаның ұшына шаншып,көкке көтерген,оны мазақтап «Қазақ ханы,халің қалай»?-дегенде Кенесары:Маңқа қырғыз,не десеңдер де мен сендерден жоғары тұрғанымды байқамай тұрсыңдар ма?-деген екен.Олпатша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолымен шешуге тырысып,патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып,өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды. Кенесарының хаттары: «Біздің ата-бабамыз,-деп жазды Кенесары.-Бізге мұра етіп қалдырған Есіл,Нұра,Ақтау,Қарқаралы,Қазылық,Жарқайын,Обаған,Тобыл,Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлерқазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып,оларға әскери бекіністер салынды.Енді біздің жерімізді күнде басып алып,оған бекіністер орнатып жатыр.Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр.Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес,қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі. Орынбор генерал- губернаторына жазған хаттарында ;«Мен өзімнің қазақтарым егін егу,аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғанатыныш өмір сүре аламын»десе,енді бір хатында патша әкімдерін достық-татулық қатынаста болуға шақырады:«біз достық пен ынтымақтастықта өмңр сүрсек,қандай жақсы болар еді»-дейді. Кенесары патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін,қару алып күресуге бел байлайды.Бұл туралы патша өкіметіне жазған соңғы хаттарының бірінде:1825 жылдан 1840жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды 15 рет шауып кетті.Сондықтан біздер,қазақтар,мұндай қысымға,талан-таражға,кісі өлтірушілікке шыдай аймай,лажсыздан басымыздан ауған жағына көшіп жүрдік.Бірақ олар сондада тыныштық бермеді.Сол себептіде мен-Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып,ұлы күресті бастауға бастауға аттандым,-дейді.Ал ағалары мен әкесі өлгеннен кейін,1836 жылдан бастап,көтерілістің басшысы болады.
Көтерілістің жеңілу себептері: Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Кенесары бірнеше бағытта-патша үкіметіне,қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді.Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі. Көтерілістің тарихи маңызы : Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Хан иелігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзіңде ол қазақтың үш жүзінің басын бірктіріп,қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді. Қорыта айтқанда,жасындай жарқылдап өткен Кене хан бастаған 1837-1847 жылдар аралығындағы жалпыұлттық қарсылық-бүгінгі мемлекеттік тәуелсізігімізбен ұлтық жаңғыруымызға жетер жолдағы еш уақытта өз маңызын жоғалтпайтын тарихи кезең.Ал Кене хан әрқашанда Отанға қызмет етудің биік үлгісі болып қала бермек. «Постермен жұмыс»
|
Оқулық, мәтіндер. |
||||||||
Ортасы 10 минут
|
«Ыстық орындық» орындық әдісі
«Венн диаграммасы»
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. |
||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
«Жаңбыр» жаттығу
|
Оқушылар жаттығу жасап сергіп қалады. |
||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 5 минут |
Графикалық органайзер
|
|||||||||
Бағалау
3 минут
Кері байланыс 3 минут |
Кері байланыс кемесі |
|||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал 770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Осы аптаның ең үздік материалдары Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |