Материалдар / Ашық сабақ "Киім түрлері және талғам" 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Киім түрлері және талғам" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 5-сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаздарға арналған жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша жасалған ашық сабақ үлгісі. 5 сыныптың қазақ тілінен "Киім түрлері және талғам" тақырыбына құрылған сабақ жоспары. Жас мамандарға, жалпы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмек болады деп ойлаймын. Іске сәт!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
8706
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ: 5-6

Сабақтың тақырыбы:

Киім түрлері және талғам


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты –жөні :

Сынып: 5

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

О.5.6 Оқылым стратегияларын қолдану, жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

Ә.Т.Н.5.4 Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Туынды және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша жұмыстарда қолдана алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Туынды және күрделі сөздерді қолданып мәтін құрастыра алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Сөздердің құрамына қарай түрлерін, дара және күрделі сөздерді мәтіндерде қолдана алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: фестиваль, дизайнер, технология

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: ұлттық нақыш, сән әлемі, заманауи үлгі, озық технология

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қандай сәндік киімді ұнатасың?

-Киімнің адам өмірінде маңызы қандай?

Не себепті ...........деп ойлайсыз?

Не себепті сен ұлттық киімді қалайсың?

ишара : бас бармақ


Алдыңғы оқу:

Ұлттық киім – асыл мұра

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


Шаттық шеңбері: Психологиялық ахуал тудыру.

Киімнің түрлеріне қарай топқа біріктіру

Үй тапсырмасын сұрау «Ыстық орындық» әдісі

Киім үлгілерінің түрлі-түсті суреттері

Ортасы

ТЖ «ЖИГСО» әдісі 1-тапсырма.

Мәтінді оқып, нақты ақпаратты табыңдар. Екі бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңдар. Туынды және күрделі сөздерді табыңдар.


Дескриптор:

1.Мәтіннің мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты анықтайды.

2. Мәтінді бөліп оқып, әрқайсысына тақырып қояды.

3. Мәтіннен туынды және күрделі сөздерді табады.


1-тапсырма. Мәтінді үнтаспадан тыңдап, әртүрлі жастағы адамдардың талғамын есте сақта. Қандай сөздер есіңде қалды?

«Сұхбат»әдісі 2-тапсырма.

Жұппен «Сән үйінде» тақырыбында тілші мен сәнгер арасында сұхбат дайындаңыз.

Ұсынылатын сөздер: сән әлемі, ұлттық нақыш, заманауи үлгі, озық технология, заман талабы, әуесқойлық, кәсіпкерлік.

Дескриптор:

-тақырыпқа сай сұхбат мазмұнын дайындайды;

-сұхбат дайындауда ұсынылған туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданады.


ТЖ «Сәйкестендіру» стратегиясы 3-тапсырма.

Мақалдардың сыңарын тауып, туынды сөздерді анықтау:

1. Ақыл азбайтын тон,

2. Ағайын тату болса-ат көп,

3. Отанға опасыздық еткенің,

4. Киім тіксең, кең тік,

---------------------------------------------

1. Өз түбіңе өзің жеткенің

2. Білім таусылмайтын кен

3. Тарылтуың оңай

4. Абысын тату болса-ас көп

Дескриптор:

1. Мақал-мәтелдерді сәйкестендіріп, сыңарын табады.

2. Мақал- мәтелдерден туынды сөздерді табады.

«Кім жылдам?» әдісі 4-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар

1.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі екендігін айтыңдар.

2. Мәтіндегі күрделі сөздерді тауып, оның қай түрі екенін ажыратыңдар.

3. «Менің сәнді досым» деген тақырыпта ауызша мәтін құрастырып, неге сәнді деп есептейтіндеріңді дәлелдеңдер.

Дескриптор:

1.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің қайсысы дара немесе қайсысы күрделі екендігін ажыратады.

2.Мәтіндегі күрделі сөздерді табады, оның қай түрі екенін анықтайды.

3. Мәтінді ауызша айтады, ойын дәлелдейді.

Оқулық (26-бет)



ҚБ «От шашу»




Оқулық, 30-бет

1-тапсырма







ҚБ «Бас бармақ»













ҚБ «Бағдаршам»








ҚБ «От шашу»



Соңы


Кері байланыс: «Білемін.Білдім.Білгім келеді» әдісі

Үйге тапсырма: Киімнің түрлері және талғам. Киімнің түрлері жайлы ақпарат табу. Киімнің түрлеріне байланысты эссе жазу.

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!