Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Көксерек
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
ІІІ тарау. Балалар мен үлкендер |
Педагогтің аты-жөні: |
Мухаммеджанова Нургул Рамиловна |
Күні: |
31.01.2024 |
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Үйірін тапқан Көксерек |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.1.2.1; Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. |
Сабақтың мақсаты: |
Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдай алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин
6 мин
2 мин |
«Хикая картасы» әдісімен алдыңғы білімді еске түсіреді. Негізгі оқиғаларды еске түсіргеннен кейін оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. «Бағалы дерек» айдары Биология Медицина Тарих «Сәйкестендіру» әдісі бойынша бағалы деректер арқылы қасқырдың табиғи болмысын, мінезін таныту. |
«Көксерек» шығармасының мазмұнын хикая картасына салады. Оқиға қалай басталған еді?
1. Көксеректің
ауыл адамдары арасына
келуі. Міне, негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Дескриптор - шығармадағы негізгі оқиғаларды тізбектейді Оқушылар қасқырлар туралы қосымша декректермен танысады.
«Сәйкестендіру» әдісі бойынша бағалы деректер арқылы қасқырдың табиғи болмысын ашады.
Дескриптор - берілген деректермен сәйкестендіреді. |
Саралау: Сабақтың өн бойында саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. ҚБ: Белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсыңдар!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. ҚБ: Белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсыңдар!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|
||||||||||||||
|
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу 4 мин
|
«Графикалық органайзер» арқылы Көксеректің тұлғалық болмысын сипаттап жазуға тапсырма беріледі. |
ТОПТЫҚ жұмыс Көксеректің тұлғалық болмысын үзінділер келтіре отырып жазады.
Дескриптор - көксеректің тұлғалық болмысын үзінділермен дәлелдейді. |
|
|||||||||||||||
5 мин |
Көксеректің үйдегі өмірі мен түздегі өмірін салыстыра отырып «Сократ сұрақтарына» жауап сұралады |
Үйдегі Көксерек пен түзегі Көксеректі салысытрады. Яғни, қасқыр өзінің болмысынан еш ажырамайтындығын, туа бітті қасиетін адамдар ортасында жүрсе де өзгерте алмайтындығын байқауға болады. Түздегі өмірі қасқырдың – қасқыр тірлігіне құрылса да, Көксерек бәрібір адамдар ортасынан кетіп тынады. «Сократ сұрақтары» әдісімен берілге сұрақтарға жауап береді. Неліктен Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады? Неліктен Көксерек Құрмашқа қарағанда ақ қасқырмен тез бауырласты? Қасқыр түз тағысы, киелі аң. Оның табиғатта өз орны мен несібесі бар. Қасқырдың мінез-құлқы бөлек, әрі өзіне тән қасиеттері бар. Сондықтан ол ауыл адамдары мен Құрмашқа бауыр баса алмады. Құрмашқа қатыгездікпен шабуыл жасауының өзі оның жыртқыш аң екенін білдіреді. Көксеректі ақтауға бола ма? Дескриптор: - үйдегі және түздегі Көксеректің күйін салыстырады - сұрақтарға жауап береді |
|
|
||||||||||||||
1 0 мин |
«Рөлдік ойын» арқылы Көксеректің әрекетіне талдау жасату. |
«Рөлдік ойын» арқылы Көксеректің әркектіне талдау жасай отырып, ақтайды. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
Сот төрағасы сот үрдісін ашық деп жариялайды.
Прокурор сөз алып, «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.
Ақтаушылар: Көксеректің ауыл иттерінен, ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп, адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл-табиғаттың заңы. Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар. Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Себебі ол-қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті. Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.
Қаралаушы: өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп, оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.
Ақтаушылар: Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді. Себебі ол-тағы. Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады. Мысалы,Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көкшолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дүңкиіп,жон жүндері үрпиіп алған», «зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды. «Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді», «қорқ-қорқ асайды», «қылқ-қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт-кірт сындырады», «дүр-дүр еткізіп келеді» -бұл оның арланға тән қимылдары. Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,, жойқандық бар», «әлі күнге бір рет жадырап ойнап күлген емес», «татулық жоқ,суық», «Көксерек оңашада, елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестермен суреттейді. Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес, қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән мінезіне тән әрекет жасады.
Айыпталушы Көксерек: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер: 1) адамдар менің ұяластарымды өлтірді; 2) ата-анама туған күн маған да туып,адамдар менің де күшіктерімді өлтірді; 3) өзім адам оғына тап болдым,күшік кезімде де екі аяқтылардан түрлі соққы алдым
Ақтаушылардың қорытынды сөздері: Көксеректің өзі келтірген дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не? Қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті дедік. Сондықтан ол қанына тартып, иесі болса да Құрмашты өлтірді. Адам, жануар –табиғат жаратылысы. Олар өмір сүру үшін,ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді. Қасқырлар жыртқыш да болса тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу,бөлтіріктерін өлтіру-адамның табиғатқа жасаған қиянаты.Әңгімеде адамдар әлемінің қатыгездігін көреміз, қиянатшы екенін байқаймыз. Ойланбай істеген істің опық жегізетінін көреміз. Құрмаш үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді, қасқырды соймақшы болғанына көнбеді. Ал үлкендер ертеңді ойламай, арланның өсіп жыртқыш болып шығуына бар жағдайды жасады.
Адвокаттар кеңесінің тұжырымы: Құрмаш өліміне басты кінәлі Көксерек емес.
Сот үкім шығарады: Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі. Көксерек, біріншіден, тегіне тартып өлтірсе,бір жағынан мұндай қылыққа итермелеген-адамдардан көрген жәбір-жапасы. Адамдар «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деген сөзді ескермеген. Көксерек күшік емес, бөлтірік. «Бөрі бөрілігін істейді», «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды» деген ата-баба даналығына сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отырып оны жазадан босатамыз. Дескриптор: - яшеберлікпен жеткізеді - сөздері дәлелді |
|
|
||||||||||||||
1 2 мин |
«Бейнеролик» көрсету «Жетім қыздың монологы» «Рафт» әдісі арқылы адамзатқа хат жазуға тапсырма беремін |
Оқырмандарға хат жазады.
Дескриптор: - қысқа мәтінді хат жазады - ойын нақты ашып жазады - риторикалық сұрау түрін қолданады - өтініш білдіреді |
|
|||||||||||||||
Сабақтың соңы Кері байланыс 2 мин Рефлексия 2 мин |
«Тоқу» стратегиясы Сабақты қорытындылаймын
«Блоб ағашы» рефлексия жүргізу
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
|
Сабақты қорытындылайды
Рефлексия жасайды
|
«Бағалау парағы» Сабақ соңында оқушылар өздеріне баға береді |
|
||||||||||||||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын
сақтау |
||||||||||||||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақтау сөз» «Бағалау парағы» |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |