Материалдар / Ашық сабақ Көліктер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Көліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға көліктер туралы түсінік беру.Жер көлігі,ауа көлігі,су көлігін ажырата білуге түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2023
238
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім саласы: «Таным»

Білім бөлімі: Жаратылыстану, Құрастыру

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты:

Білімділік: Көліктер туралы түсінік қалыптастыру.

Көлік түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Көру және есту арқылы қабылдауды, зейінді, жалпы моториканы дамыту

Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап, Дьенеш блоктары технологиясы, кубизм әдісі

Қолданылатын құрал: Техникалық құрал-жабдықтар, көлік түрлері, бағдаршам, тақырыптық слайдтар.

Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.

Билингвальды компонент: машина- машина-car, ұшақ- самолет-plane, пойыз-поезд- train, қайық- лодка- boat, көлік- транспорт.

Шаттық шеңбері:

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

- Сәлем, саған алтын күн!
- Сәлем, саған көк аспан!
- Сәлем, саған жер ана!
- Сәлем, саған достарым!

Балалар, бүгін мен сендерге бір жұмбақ алып келдім.

Қане, жауабын шешіп көріңдер:

Төрт аяғы дөңгелек,

Екі көзі жанады.

Рулін бұрсаң егер де,

Керек жерге барады.

(Машина-көлік)

Дұрыс айтасыңдар, балалар, бүгін көліктер туралы айтатын боламыз. бізді керек жерімізге апаратын ол – көлік. Сендер таңертең балабақшаға келу үшін көлікке, автобусқа отырасыңдар. Әке-аналарың, ата-әжелерің де керек жерге жету үшін көлікке отырады. Солай емес пе? Қазір біз сендермен көліктердің суретін қарайық:

Мына суретте көлік бейнеленген. Бұл – жеңіл көлік. Ол адамдарды тасиды. Оған көп адам отыра алмайды.

Ал бұл – автобус. Автобуста орындықтар көп, сондықтан оған көп адам отыра алады.

Бұл – жүк көлігі. Бұл көлік үлкен-үлкен заттарды тасиды.

Бұл – ұшақ. Ол аспанда ұшады. Ұшақ керек жерге тез апарады. Алыс жерге бару үшін ұшаққа отыру керек.

Бұл – кеме. Ол суда жүреді. Су үстінен өту үшін кемеге отыру керек.

Бұл – пойыз. Ол теміржолда жүреді. Алыс жерге шаршамай, ыңғайлы бару үшін пойызға отыру керек.

Балалар, сендерде велосипед бар ма? Ол да көлік түрі.

Велосипедті жол бойында тебуге болмайды. Себебі, жолда басқа да көліктер болуы мүмкін. Сол үшін жол ережесін сақтау керек.

Адамдарға көп қызмет ететін көліктер де бар олар: Жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіруші көліктер. Балалар осы көліктерді кімдер жүргізеді? Жүргізушілер түнімен, күнімен қызмет атқарады, бұзылған көліктерді жөндеп жүргізеді екен, сондықтан ол кісілердің еңбегін бағалауымыз керек.

Балалар, көліктер туралы ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Ұшады, жүзеді, жүреді»

Мақсаты: көліктердің ішінен суда, әуеде және жерде жүретін көліктерді ажырату.

Балалар көліктерді үшке бөліп көрсетеді.


Сергіту сәті:

Бип-бип-бип дейді

Жол шетіне шық дейді

Күшікті басуға болмайды машина

Бип-бип-бип дейді

Жол шетінен күт дейді

Көшеде асығып жүруге болмайды машина

Бип-бип-бип дейді.

Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

- Өте жақсы, балалар, көліктер жолда жүру үшін жол ережесін сақтау керек.

Ал көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтауға бағдаршам көмектеседі.

Мына суретте бағдаршам бейнеленген. Бағдаршамның үш көзі бар. Қане, түстерін атайық: Қызыл, сары, жасыл. Қызыл түс жанғанда – тоқтау керек. Сары түс жанғанда дайындаламыз. Ал жасыл түс жанған кезде жүру керек.

Балалар, мына бағдаршамда 3 түрлі тапсырма бар екен. Қане, оны орындап көрейік.

Топтық жұмыс.

1 ші топ: құрастырады.

2ші топ: жабыстырады.

3ші топ: түсіне қарай гаражға көліктерді орналастырып қосады.


- Жарайсыңдар, балалар, сендер тапсырмаларды сәтті орындадыңдар.

Біз сендермен көліктер құрастыратын боламыз.

Дьенеш блоктары арқылы үлгіге қарап көлік құрастыру.


Балалар, сендер тапсырма орындап, шаршаған боларсыңдар. Олай болса, «Ұшақтарға» ұқсап, бой жазып, сергіп алайық.

Музыкалық-қимылды жаттығу: «Ұшақтар»


Қорытынды:

- Біз бүгін не туралы айттық?
- Көліктің қандай түрлері болады?
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Не құрастырдыңдар, балалар?

Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Оны білдіру үшін мына смайликтарды алып, жүрекшенің ішіне орналастырыңдар.
Осымен бүгінгі оқу қызметі аяқталды. Балаларды мақтау - мадақтау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!