Материалдар / Ашық сабақ "Компьютерлік байланыс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Компьютерлік байланыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
WWW – бүкіләлемдік өрмек (World Wide Web) INTERNEТ – ғаламтор, халықаралық желі (International Network)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2018
769
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 11.05.2017ж. 6 сынып Бекітемін: _________________


Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік байланыс.

Ғаламдық ақпараттық желінің негізгі түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютерлiк желi түсiнiгiмен таныстра

отырып, ғаламтор туралы дұрыс ұғымдарын

қалыптастыру. Интернет туралы толық түсінік беру.

Сабақтың нәтижесі: Интернет туралы түсінік алады. Интернеттің қазіргі

дамыған заманымызда қаншалықты қажет екенін

түсінеді, қажеттіліктеріне пайдалану керек екенін ұғады.

Табыс критерийлері:

Оқушылар компьютерлік желі туралы түсінік қалыптастырады;

Ғаламтор туралы дұрыс ұғымға ие болады;

Ғаламторда сауатты жұмыс істей алады.

Ресурстар: плакаттар, сурет-сызбалар, стикерлер, интерактивті тақта, тапсырма карточкалары.

Түрі: практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.

Типі: аралас сабақ

Жабдығы: компьютер, INTERNET желісі.

Пәнаралық байланыс: тарих, физика, экономика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) оқушыларды түгелдеу;

ә) оқушылара ТҚЕ-ін еске салу;

б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

Сыныппен жұмыс (1 мин)

«Сұрақтар қорабы» стратегиясы бойынша сыныппен жұмыс. (6 мин)

Сауалнама: Ғаламтор туралы не білемін. Пайдасы мен зияны тақырыбы.

ІІІ. Жаңа материалды баяндау:

Уақы-ты

Сабақты ұйымдастыру формасы

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

3 мин

Ұйымдастыру

Тренинг «Көңілді білдіру»

Оқушылар шеңбер жасап тұрып, бір - біріне тілек айтады.Бірінің айтқанын бірі қайталамайды.

15 мин

«Қар үйіндісі»

Жаңа тақырып бойынша алдын-ала сұрақтар дайындаймын .

Әр оқушы сұрақ таңдайды. Тапсырманы жеке оқып түсінеді,жұппен талқылайды, топпен ортақ ойға келеді де постер арқылы қорғайды.

10 мин

«Джигсо І» (әдісі)

Алдын ала оқушыларға дайындалған ресурстарды тарату.

Әр топ алған тапсырмаларын бірлесіп талқылайды ,кейін кезекпен кезек бір бірімен пікір айтысады


1. Тақырыптық терминдік сөздікпен жұмыс


WWW – бүкіләлемдік өрмек (World Wide Web)

INTERNEТ – ғаламтор, халықаралық желі (International Network)

Оқушылар дәптерге жазады.

2 мин

Сергіту сәті

«Көз жаттығулары»


Оқушылар орындарынан отырып орындайды

5 мин

Кім жылдам?” ойыны

Тапсырмалар таратылады.

Бірінші болып орындаған 5 оқушыны бағалаймын.

Компьютерге отырып тапсырмаларды орындайды.

5 мин

Сабақты аяқтау «10 сұрақ»

Әр топтан бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырамын

Басқа оқушылар сол оқушыларға сұрақ қояды..

3 мин

Бағалау

Критерияны түсіндіремін

Өзін- өзі бағалайды

2 мин

Рефлексия “Кері байланыс парағы

Оқушыларға стикерлер таратамын.

Кері байланыс парағы:

1.Бүгінгі сабақтан алған әсерім?.......................

2 .Маған не ұнады/ұнамады?.........................................................

3.Тапсырманы орындаудағы туындаған

қиыншылықтар?..............

Оқушылар парақшадағы сұрақтарға жауап жазады













Тапсырманы орындау уақыты 3 минут.

1 тапсырма – www.rambler.ru іздеу порталына кіріп, «Қызылорда облысының тарихы» туралы реферат ізде.

2 тапсырма – www.googlе.kz іздеу порталына кіріп, «Болашақтағы компьютерлер» туралы суреттер ізде.

3 тапсырма – www.rambler.ru іздеу порталына кіріп, «Салауатты өмір салты» туралы мақала ізде.

4 тапсырма – www.infust.kz сайтын адрес жолына енгізіңіз. Ашылған терезеден ұнаған сайтты таңдаңыз да көшіріп алыңыз.

5 тапсырма – Интернет арқылы жұлдызнамаға кіріп, өз жұлдызнамаңызды тап

6 тапсырма –Ақтаудың бүгінгі ауа райының болжауын Интернет арқылы біл.

7 тапсырма – www.googlе.kz іздеу порталына кіріп, «Информатика ғылымына үлес қосқан ғалымдар» туралы реферат ізде.

8 тапсырма – www.kuttybolsyn.kz сайтын адрес жолына енгізіңіз. Ашылған терезеден ұнаған сайтты таңдаңыз да көшіріп алыңыз.

9 тапсырма – Қызылорданың бүгінгі ауа райының болжауын Интернет арқылы біл

10 тапсырма – Интернет арқылы жұлдызнамаға кіріп, өз жұлдызнамаңызды тап


«10 сұрақ» әдісінің сұрақтары:

1.Аймақта, ауқымды желі дегенді қалай түсінесің?

2.Интернет қандай желі? Интернеттің шығу тарихы?

3.Хаттама туралы не айтасың?

4.Интернет мекен жайы дегенді қалай түсіндіресің?

Қандай түрлері бар?

5.WWW дегеніміз не?

6.Гипермәтінді қалай түсінесің?

7.Web беттер туралы не білесің?

8.Интернеттен ақпаратты қалай іздеуге болады?

Қандай іздеу жүйелерін білесің?

9.Интернетке қосылу үшін қандай құрылғылар керек?


Бағалау парағы. Смайликтерді санау.

Мақсаттар

Дискрепторлар


Ұпай саны

Білу

Жалпы желі туралы түсінігі бар.

Интернет желісі туралы біледі.

Интернетке байланысты жаңа сөздердің мағынасын біледі

1

1

1

Түсіну

Интернет бағдарламалары туралы түсінігі бар


2

Қолдану

Интернет адресін жаза алады, таниды.


2

Талдау

Интернеттің пайдасы мен зиянын ажыраты алады.


2

Жинақтау

Интернеттің өмірге қажеттілігін сезінеді.

3

Бағалау

Интернеттің өзінің өміріне қажеттілігін түсінеді.


4

«16» ----- 5 «10»-«5»--------3

«15»-«10»------4 «5»-«0»--------2



б) Сөзсызбадан бүгінгі тақырыптың терминдерін табу.



ҮІ. Үйге тапсырма беру.

Өтілген материалды оқу, «интернет» туралы қызықты мәліметтер жинап келу.


ҮІІ. Бағалау.

Оқушыларды бағалау, журналға, күнделіктеріне баға қою.


Интернет дегеніміз не?


INTERNET миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. INTERNET сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет жер жүзінде болып жатырған ең соңғы жаңалықтарды білуге, театр, кино, ұшақ, поезд билеттеріне, қонақүй номерлеріне тапсырыс беруге, ауа райы болжамын білуге, бейнеконференциялар өткізуге, кітаптардың электронды нұсқасын оқуға, қалаған затымызды қалаған жерімізден алуға тапсырыс беруге, азғана уақыт ішінде электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға мүмкіндік береді.

Интернеттегі ақпарат веб – сайттар түрінде ұсынылады. Веб – сайт дегеніміз – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL мекенжаймен біріктірілген, өзара сілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб – беттер жиынтығы. Әрбір веб – сайттың өзінің мекенжайы URL бар, оны желіден осы мекенжайы бойынша тауып алуға болады.

Веб – сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады. http://www.атауы.үйшік Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сайтының мекенжайы http://www.akorda.kz . үйшік Интернет желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .fr – Франция) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйым, .org – коммерциялық емес ұйым, .edu – білім беру қор көздеріне арналған) білдіреді.







Интернеттің шығу тарихы


1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобалараның агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының унверситетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталды. 1969 жылы 1 қыркүйекте Лос-Анджелесте Калифорния университетінде алғашқы ARPANET сервері орнатылды. “Honeywell 516” компьютерінде 12 Кб оперативті жад болатын. 1969 жылы аталған төрт ғылым орталығын біріктіріп, 1969 жылдың 1 қазанында алғашқы хабарламаны жіберді.

1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.

1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті.

1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 млн-нан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.

1998 жылы рим папасы Иоанн Павел ІІ Бүкіләлемдік Интернет күнін 30 қыркүйек деп бекітті.


Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету;

Дамытушылық:Оқушыларға интернетте ақпарат іздеу, электрондық байланыспен

хабарды татату және қабылдау мүмкіндіктерін түсіндіре отырып алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Өткен материалды қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Компьютермен жұмыс

5.Үйге тапсырма

6.Сабақты бекіту

Өткен материалды қайталау сұрақтары

* Компьютерлік желі дегеніміз не?

* Жергілікті желінің қызметі қандай?

* Корпоративті және аймақтық желлер деген не?

* Шлюз деп нені атайды?

* Желілік құрылғыға не жатады?

* Желілік адаптердің қызметі қандай?

* Интернетке қандай анықтама беруге болады?


Жаңа сабақты түсіндіру

Ауқымды компьютерлік желі

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіларалық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жершарын қамтуы мүмкін.

Көп жағдайда бағалы ақпараттар сақталатын мекемелердің компьютерлері ауқымды желіге қосылғанымен сыртқы тұтынушылардың өз желілеріне қосылуына рұқсат бере алмайды. Бұл жағдайда шлюздік компьютерлер қорғану қызметін атқарады. Бұндай компьютерлер брандмауэрлер деп аталады. Осы компьютер арқылы әкімшілік рұқсат еткен ақпарат ғана өтетін болдаы.

Миллиондаған компьютерлер байланысынан құралған ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Желідегі компьютерлердің Интернетке тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Серверлердің барлығы ТСР/ІР стандартты хаттамасын қолданады.

ТСР/ІР шын мәнінде бір ғана емес екі хаттама болып табылады.

ТСР – ақпаратты пакеттерге бөледі және қабылдаушыға қайтадан жинауға жауап береді.

ІР- осы ақпараттардың желі арқылы берілуі мен адресатқа жетуін басқарады.

ІР адрес келесі түрде жазылады. Мысалы, 198.137.240.100.

Компьютерді Интернетке қосу үшін оны тұрақты ІР адресі бар басқа компьютермен байланыстыру қажет. Осындай байланыстыруға мүмкіндік беретін арнайы мекемелер Интернет қызметін жеткізушілер немесе сервис – проавайдерлер деп аталады. Мысалы: Nursat, S&Communications, Parasang, Ducat, Қазақтелеком, Тарлан т.с.с. сервис – провайдерлер бар.

Интернеттің қызметтері

Интернет поштасы. Компьютерді Интернетке қосылған кез келген тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошталық адрес тағайындалады. Интернетк қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер- компьютерде электрондық «пошталық жәшік» құрылады. Әрбір адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылғанға дейін сақталады.

Телеконференциялар. Интернеттің бұл қызмет түрі поштаның дамуы нәтижесінде пайда болған десе болады. Телеконференцияларды жаңалықтар тобы деп те аталады.

World Wide Web (WWW) қызметі. Интернеттің ең қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе оны тек Web деп атайды.

Электрондық пошта да, телеконференциялар жүйесі де ақпарат алмасудың кәдімгі жүйелері іспеттес. Өз пошталық жәшігіңізді ашып, біз оған келіп түскен хабарламаларды көре береміз. World Wide Web қызметі интерактивті түрде жұмыс істеуге арналған. Ол ақпараттарды жылдам іздеп табу және керектісін жинау мүмкіндігін береді. World Wide Web қызметін пайдалануда HTML «құжаттарының пішімі (мәтін пішімі)» және «гипермәтіндік сілтемелер»деген негізгі екі ұғым бар.

HTML пішініндегі мәтіндік құжаттар. Компьютерлік желіде тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып пішімдеуге арналған арнайы тіл. Электрондық түрде тасымалданатын Web – құжаттар басуға шығаруға емес, тек экранда көруге арналған.

HTML – алдын – ала мүмкіндіктері белгісіз құрылғылар арқылы қарауға арналған экрандық құжаттарды безендіруге арналған арнайы тіл. HTML тілінде құжат құру программалауға ұқсас болып келеді. Құжаттың авторы әдеттегі мәтін қаріптеріне арнайы кодтарды енгізеді. Оларды тег деп атайд. Құжатты оқыған кезде оның мәтіні жазылған қаріп түрі мен мен оқытылатын терезенің мөлшерінен тәуелсіз түрде азатжол терезенің ортасына ығыстырылып тураланады.

Гипермәтіндік сілтемелер HTML тегтері құжат таралуға, экран фоны, яғни реңі мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік береді. Тегтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі сурет енгізіп, олардың айналасына сөз жазу, сондай – ақ парақтарды безендіруге болады. Осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды әрі тартымды Web – құжаты құру мүмкіндігі бар.

HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа Web – құжаттардың желілік адресімен байланысып ерекшеленетін бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар сөз тіркестері олардың астын сызу немесе басқа түске бояу арқылы ерекшеленіп тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды алып барса, оның түрі өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып маустың сол жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрлықта орналасқан компьютердегі Web – параққа жылдам ауысу жүзеге асады.

Web – парақтар адрестері. Әрбір Web – парақтың өзі жеке Web – құжат болып табылады. Бұл Web – парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі өзгешелеу болады және олардың атауы HTМ деген жалғаумен жазылады. Сондай – ақ әрбір Жер шарындағы компьютерде орналасқан файлдың адресін оны іздеу жолы немесе электрондық адресі деп атайды.

World Wide Web – дегі ақпараттарды оқу. Кез – келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Web – құжат оқу үшін арнайы программа болуы керек. Мұндай программаларды Web – ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды.

Web – құжаттарды оқуға арналған, өте кең тараған программаларға NetScape Navigator және Enternet Explorer броузерлері жатады.

Интернеттен ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді пайдалана отырып, Интернеттің ақпараттық кеңістігіндегі бір Web – парақтан оның келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Интернетте ақпарат іздеуге арналған арнайы іздеу серверлері бар. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар. Олар: іздеу каталогтары және іздеу индекстері.

Іздеу каталогтары ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған.

Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады.

Электрондық пошта ( Electronic mail немесе қысқартылған түрде E – mail) дұрыс көрсету керек. Пошталық адрес @ белгісімен бөлінген екі бөліктен тұрады. Адрестің сол жақбөлігі – пайдаланушының жергілікті аты, ал оң жақ бөлігі домен аты @ белгісі «ит» немесе «маймыл» деп аталады. Адрестің жазылуы: school12 gim@ mail.ru болса, онда жәшік school12_gim доменінде mail.ru деп те оқуға болады.

Әртүрлі операциялық жүйеде жұмыс істеуге арналған мүмкіндіктеріде әртүрлі пошталық программалар бар. Олар: Microsoft Exchange, Outlook Express, Microsoft Outlook, Internet Mail, Eudora, Exchange Mail т.б.

Компьютермен жұмыс

1. Желіде жұмыс істеу

2. Электрондық поштамен жұмыс

Сабақты бекіту сұрақтары


* Ауқымды желі дегеніміз не?

* Брандмауэрлер дегеніміз не?

* Интернетке қандай анықтама беруге болады.

* ТСР/ІР хаттамасы қандай қызмет атқарады.

* Провайдер дегенімз не?

* Серверлер деп қандай компьютерді айтады?

* Электрондық плшта дегеніміз не?

* Электронды поштаның кәдімгі поштадан қандай айырмашылығы бар?

* Телеконференциялар дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

* Броузерлер дегеніміз не? Олардың атқаратын қызметі?

* E – mail адресі қандай элементтерден тұрады?

* Қандай пошталық программалар бар?



Үйге тапсырма: 8.5 – 8.6 тақырыптарды оқу.


Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер.

Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері:жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;

Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бектіу

5.Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар

* LineTo және LineRel процедурасының айырмашылығы неде?

* Шеңбер салу операторын ата?

* Arc процедурасы не үшін қолданылады,

* Эллипс салу операторының жазылу форматы қандай?

* Rectangle процедурасы не үшін қолданылады?

* Set textstyle процедурасы қандай қызмет атқарады?


Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютерлік желінің негізгі түрлері

Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екні немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.

Компьютерлік желі дегеніміз ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.

Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.

Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.

Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.

Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.

Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.

Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппаратттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресуростарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды.

Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон джелісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды.Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары:телефон, радио, релелік байланыс, талшықты – оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.

Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.

Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамася (протоколы) болды.

Жергілікті желілер

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет.

Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Коммутатор мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.

Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).

Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т.б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:

1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.

2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.

3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.

4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

- ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдалнушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеу;

- бірнеше пайдалнушыны қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

- электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

- желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;

- Интернетке қосылу мүмкіндігі.

Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады.

Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады.


Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар

Компьютерлер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда Windows 2000 Professional операциялық жүйе DHCP (Dynamic Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерг желіден бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан басқа компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады. Мұндай механизмді IP – адрестеу (Automatic IP – addressing) деп аталады.

Компьютерлердің бір – бірімен байланыс жасау ережесі желілік хаттама деп аталады.

Хаттама (протокол) – екі компьютердің бір –бірімен қатынасуныңы формалды ережелерінің жиынтығы.

Microsoft фирмасы мекеме ішінде жлімн жұмс істеу үшін TCP/IP қолдануды ұсынады. NetWare сервері бар жергілікті желілерде пакеттерді желі бөліктері және редиректор арасында маршрутизациялану мүмкіндігін беретін IPX/SPX (Intеrnet Packet Exchange/Sequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады.Microsoft Фирмасының 3Com компаниясымен бірігіп құрған Point – to – Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы Internet арқылы сенімді байланыс құру мүмкіндігін береді.

Сабақты бекіту сұрақтары

*Компьютерлік желі дегеніміз не?

*Жергілікті желінің қызметі қандай?

*Корпоративті және аймақтық желлер деген не?

*Шлюз деп нені атайды?

*Желілік құрылғыға не жатады?

*Желілік адаптердің қызметі қандай?

*Интернетке қандай анықтама беруге болады?


Үйге тапсырма: 8.1 – 8.3 тақырыптарды оқу.





10.05.2012

Информатика

7 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электронды пошта.

Сабақтың мақсаты:

Желі және жергілікті желі түсінктерімен танысу. Электрондық пошта арқылы нәтикетке сәйкес хабарлама жібере алу.

Міндеттері:

Желі түсінігі туралы толық ақпарат беру;

Теорияны практика жүзінде жүзеге асыру;

Сыныптың топпен жұмыс жасауға үйрету және өз ойларын еркін айтуға үйрену.

Күтілетін нәтиже:

Желі түрлерін ажырата білу;

Электронды поштамен еркін жұмыс істей білу;

Өз ойларын айта білу;

Бағалауды үйрену.

Дерек көздер:

Н.Ермеков, Н.Стифутина информатика оқулығы, электрондық оқулық

Жаттығулар:

Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерінің қызметін әрбіреуінің ерекшелігін ескере отырып, толық ашып айтыңыз.

Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?

Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге болады?

Тапсырмалар:

Топтық жұмыс. «Жергілікті желі. Электронды пошта» туралы не білесіздер?

І, ІІ, ІІІ топ жұмыстарын салыстыру;

Жаңа тақырып бойынша мәліметтерді жұмыс дәптеріне жазу;

Sinkaz электронды оқулығындағы «Электронды поштамен жұмыс» тақырыбы бойынша №1,2,3

Сергіту сәті:

Тренинг «Қалпақ»

Менің қалпағым үшбұрыш,

Сенің қалпағың үшбұрыш емес.

Егер қалпақ үшбұрыш болмаса,

Онда ол менің қалпағым емес.

Бағалау:

Бағалау өлшемдері

Оқушының аты-жөні____________________________________ Күні________________


Жүргізілген жұмыстар

Баллдары(1-10)

1.

Үй жұмысын орындау

Белсенді қатыстым


2.

Тақырыпты талқылау

Топ жұмысына араластым


3

Тапсымаларды орындау

Тапсырмаларды толық орындай алдым




Тапсырмалардың орындалуын түсінбедім




Тапсырманы орындауға сыныптасым көмектесті


Қорытынды балл:



Рефлексия:

Оқушылар туындаған сұрақтары бойынша соңғы бағанды толтырады.

Үйге тапсырма:

8.1 тақырып, 229 бет №2;6 тапсырмалар


Пән мұғалімі: Калибекова Д.Ш.



1-қосымша


Үй тапсырмасы:

Төменде берілген семантикалық кестені толтыра отырып, үй жұмысы бойынша қайталау жүргізіледі.


Сабақ барысы:


Компьютерлік желі дегеніміз – әр түрлі ақпарат тасымалдауыштарын қолданбай-ақ, компьютерлер арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін компьютерлер мен басқа да құрылғылардың жиынтығы.

Компьютерлік желілер пайдаланушылардың жылдам ақпарат алмасуын қамтамасыз етумен қатар, принтерлер мен басқа да қосымша құрылғыларды біріге пайдалануға, бір мезгілде бірнеше адамның бір құжатпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.


Shape1


Жергілікті желі- бұл географиялық бір жерде немесе бір бөлмеде (мысалы 8-12 компьютерден тұратын мектептің компьютерлік класы) немесе бір ғимаратта (мысалға, мектеп ғимаратының әр түрлі кабинетінде орналасқан ондаған компьютерлер жергілікті желі арқылы өзара байланысып тұрады) орналасқан компьютерлерді өзара байланыстырады.

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Негізгі түрлері:


Shape2 Shape3


Компьютердің ресурстарын қолдануға рұқсат келесі жолдармен беріледі:

"Менің компьютерім" қапшығына кіру.

Арнайы қапшықты - С.А.В-Д; Е дискілерін белгілеу.

Маустың оң жақ батырмасын басу арқылы контексті менюді шақыру.

"Қасиеттер" пунктіне кіру.

"Доступ" (Қатынау) бет белгісін таңдау.

"Ортақ ресурс" деген сөз тіркесінің жанына нүкте кою.

"Тек оқу үшін". "Толық". "Парольмен анықталады" пункттерінің бірін таңдау.

"Парольмен анықтау" пунктін таңдағанда, пароль енгізіледі.

Берілген ресурстарды пайдаланбасын десеңдер, онда "Жергілікті ресурс" сөз
тіркесін белгілеу керек.

Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз.

Э лектрондық хаттар жазу және оқуға арналған бағдарламалардың бірі - Оutlоок Ехргеss. Электрондық пошта жұмыс істеуі үшін оны күйге келтіру керек.




Электрондық поштаның стандартты пошталық бумалары алынған және жіберілетін хаттарды сақтау үшін қолданылады.

Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық қабылданған хабарлар орналасады.

Шығатындар (Исходящие). Жазылған және жіберілген хаттар осы бумада орналасады.

Өшірілгендер (Удаленные). Кез-келген бумадан өшірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады.

Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар бумасынан жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп орналасады.

Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады, және ол Шимай дәптерлер (Черновики) бумасында сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады. Келген хабарды бірінші белгілеп одан кейін әргүрлі әрекеттерді орындауға болады.

Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл - Печатъ - ОК командасын орындау арқылы.

Жауап беру. Хат жолдаушыға және осы хатты алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа қабылдаушыға жіберуге болады.

Сақтау (Сохранить как). Таңдалған хабарды сақтауға болады, ол үшін Файл -Сохранитъ как командасын орындаймыз.

Shape4


Нетикет (net + etiquette) – интернетте сөйлесу кезінде әдептілікті сақтау ережесі.

Электронды пошта:

хаттың тақырыбы, сәлемдесу, қол қою

сөздерді бас әріптермен жазбау

алдын-ала келісім болмаса көлемі үлкен файлдарды жібермеу

жүктелетін файлдарды(*.exe) жөнелтпеу

ұятты сөздер мен түсініксіз сөз тіркестерін қолданбау

Форумдар:

сұрақтар мен жауаптар тізімін әуелі оқып шығу (FAQ, ЧаВо)

форумның тақырыбынан ауытқымау (off-topic – «тақырыптан тыс»)

сөздерді бас әріптермен жазбау

басқа қатысушыларды балағаттамау

Чаттар:

өзгелердің әңгімесіне кіріспеу

сөйлесіп отырған адамыңыз кетіп қалса, оған ренжімеу



Электронды пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Электронды пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Электронды хабар», «Электронды пошта» ұғымдарымен таныстыру олар туралы түсінік беру. Ғаламтор арқылы электронды хабарлармен жұмыс істеуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларға жергілікті желі түрлерін, электрондық адрес, электрондық хабар алмасу жолдарын меңгерту арқылы электрондық поштамен жұмыс істеу икем дағдыларын қалыптастыру. Интернетке қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Баяндау, практикум.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, әдебиет, орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі:

Дербес компьютер, модем, телефон, электрондық оқулық, презентациялық слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу.

Ә) Сынып тазалығын тексеру.

Б) Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау:

Интернеттің қандай мүмкіндіктері бар?

Желі деген не?

Компьютер класымыз қандай желі түріне жатады?

Жергілікті желіге қосылған компьютерлерді қалай көруге болады?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

Компьютер желілерінің көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде де ақпаратты жіберуге және алуға болады. Ақпарат хат, есеп беру, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б болуы мүмкін.

Мұндай желі арқылы хабар алмасу жүйесін электронды пошта (E-mail) деп атайды.

E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адресі оңнан солға қарай оқылады. Мұнда да құрамдас бөліктері бір-бірінен нүктемен ажыратылады. Оң жақтағы шеткі бөлік – жоғары деңгейлі домен деп, ал келесі бөлік – бірінші деңгейлі домен есім@ мекеме.домен деп т.с.с. аталады. Мысалы, zhan@rambler.ru, zhan@mail.ru, dina_90@mail.kz т.б.

Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі - оның жылдамдығы. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.с.с. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатынын айту керек.

IV. Практикум.

Енді біз тікелей пошталық серверде электронды адрес ашып үйренейік.

Internet Explorer бағдарламасын ашамыз.

Бағдарламаның іздеу адресіне www.mail.ru адресін теріп жазамыз.

www.mail.ru пошта серверінің адресі ашылады.

Ашылған терезеде «зарегистрироваться в mail.ru» батырмасын шертеміз.

Пайдаланушыға арналған анкета терезесін толтырамыз «зарегистрироваться» батырмасын шертеміз.

Барлығы дұрыс болса электронды поштаны пайдаланушының жеке парағына кіреміз.

Поштаның логині мен порольді мұқият сақтап қою керек.

Енді электронды поштаны пайдаланып хат, хабар жібере берулеріңізге болады.



V. Жаңа тақырыпты пысықтау электронды оқулық бойынша сұрақтар

1. Электрондық почта дегеніміз не?

2. Электронды поштаны қалай іске қосамыз?

3. Хабарды қалай құруға болады?

4. Алынған хабарлар қайда сақталады?

VI. Үй жұмысы

VII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.


І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі

Әбдіғалиева Тұрсынай Мырзабергенқызы

Сабақтың тақырыбы: Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.

Сабақтың мақсаты: а) Жаңа тақырыпты меңгерту, Интернет туралы түсініктерін кеңейту

ә) Логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыстануын дамыту. Өзін - өзі бақылау, бағалауға үйрету.

б) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке, өз-өзіне сенуге,

тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.


Мұғалімдердің есіне:


Оқушыларға берілетін тапсырмалар (кілті)



1 –ұйымдастыру кезеңі

«Көпір» тапсырмалары

(Жаңа тақырыпқа қажет болатын өткен материалдардын қайталау тапсырмалары)


 Бос орынға қажетті сөздерді жаз.

1) Internet-тегі Қазақстанға тиесілі жоғарғы деңгейлі үйшік атауы . kz .

2) Браузер бағдарламасы болып Internet Explorer саналады.

3) Интернет желісіне қосылу үшін қажетті құрылғы - модем.

4) Internet-Чат қызметінің міндеті - нақты уақыт аралығы режімінде қатынас жасау.

5) Модем – бұл телефон байланысы арнасы бойынша ақпаратты жеткізуге арналған құрылғы.

6) Провайдер – бұл Internet қызметін ұсынушы компания.

7) Internet желісінің көмегімен авиакомпания сайтында ұшақ билетіне тапсырыс беруге болады.




ІІ кезең. Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту

Бос орынға қажетті сөзді интерактивті тақтаны пайдалану арқылы жаз.

«Білу» теориясы

(Кім ? Не ? Қашан ? Қайда ? Не істеді ?)


Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр .

Тарихи дерек

Internet желісі 1970 жылдардың басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесінен пайда болды. Бұл APRANET желісі соғыс жағдайындағы байланыс желісі болып еді.

Интернет Apranet компьютерлік желісінен бастайды. Бұл желі оқу және ғылыми-зерттеу орталықтарындағы, соғыс өнеркәсібі комплексінің ұйымдарындағы ЭЕМ-ды біріктірді. Басында желі төрт компьютерден тұрды. Бірақ бұл идея сәтті болғандықтан, желінің топтарының - компьютерлік орталықтарының саны тез өсті. 1972 жылға қарай тораптар саны әжептәуір өсті. Енді қырық компьютерлік орталықтар өзара электрондық поштамен алмасып, бірнеше жүз және мың километр қашықтықтағы машиналармен жұмыс жүргізетін және деректері бар файлдарды жібере алатын болды.

Internet желісі – бүкіл әлемдік желілердің желісі.

Сұрақтарға жауап бер.

Интернет желісіне қосылу үшін не қажет?

Дербес компьютер

Модем

Телефон жүйесінің желісі / кодтық байланыс/

Интернет жүйесінің номерін білу қажет

Интернет желісін іске қосу үшін не орындалады:

П УСК---- ПРОГРАММЫ---INTERNET EXPLORER










Практикасы «Қолдану»


Адрес жолына сайттың адресін ағылшын тілінде жаз.



«Түсіну» теориясы

(Неліктен ? Себебі ?

Не үшін ?

Неге ?)





«Талдау» теориясы


(салыстыр, ерекшелігі неде ? т.б ең бастысын бөліп шығар)



«Жинақтау» теориясы









Shape6 Shape7 Shape5

Интернет





Shape8 Shape9

«Қолдану» практикасы

`(қарапайым тапсырмалар)



Shape10

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсын ? Не істер едің ?)











И нтернет желісіне қалай қосылуға болады?



ІІІ кезең,Деңгейлік тапсырмаларды біртіндіп орындап, балл жина.



І деңгей - 5 балл

Теориясы «Білу» (Кім ? Не ? Қашан ? Қайда ? Не істеді ?)


1. Электрондық пошта – бұл желі арқылы хабар алмасу жүйесі.

2 . Пошталық сервер – электрондық поштаның жұмысын басқаратын желідегі орталық компьютер, оның сыртқы жадында әрбір тіркелген пошталық жәшік үшін орын беріледі.

3. Смайлик – көңіл – күй.

4. Логин – электрондық поштаны пайдаланушының аты

5. Пароль – пайдаланушының электрондық поштаға кіру құпия кілті

6. E-mail – пайдаланушының электрондық адресі

7. Web – пошта – пайдаланушының электрондық поштасы



Практикасы: «Қолдану»

(ІІ кезеңдегі қолдану үлгісі бойынша)


www.mail.ru сайтының бетін ашыңдар.

Жаңадан электрондық пошта ашыңдар (Регистрация в почте).

Жаңадан ашылған электрондық поштаның «Мой Мир» бөлімін толтыр.




WWW. Gooole. kz cайтынан интернет туралы мәнжазба ізде.





ІІ деңгей. 5 балл +4 балл = 9 балл

Теориясы: Түсіну

( Неліктен ? Себебі ? Не үшін ? Неге ?)



Интернет неге бүкілдүниежүзілік өрмек деп аталады





Теориясы :


«Талдау» (салыстыру ерекшелігі

неде ?)




Практикасы: «Қолдану»


WWW. Gooole. kz сайтына кіріп, өз еліміздің табиғаты жөнінде ақпарат тап.

Ақтөбедегі бүгінгі ауа –райының болжауын интернет арқылы біліп ал.

Интернет арқылы жұлдызнамаға кіріп, өз жұлдызнамаңды тап.


Теориясы: «Жинақтау»

(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, ребус т.б түрде)


« Сөзсызба »

Бұл сөзсызбадан бүгінгі өткен тақырыптың терминдерин тауып оқыңдар.


и

м

о

д

в

е

н

о

п

е

м

б

т

е

р

н

с

-

а

в

о

е

т

с

й

д

е

т

й

а

ш

н

р

о

н

к




Практикасы: «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың ? Не істер едің ?)


Майкрософт компаниясының болжауы бойынша 2012 жылы дүние жүзіндегі әдебеиеттердің жартысының астамы электронды кітап түрінде басылып шығады. Сен қалай ойлайсың электронды кітап жасауға сендердің мүмкіндіктерің бар ма?

Shape11

Менің ойымша:








Іске сәт!
САУ БОЛ !





Shape12

Тақырыбы: Суретті ашу, құру, сақтау және түрлендіру

«+» сыныпта орындалған, «Ү» үйде орындаған тапсырмалары


Оқушылардың журналдағы реттік номері

І деңгей

«5» балл

ІІ деңгей «4» балл

ІІІ деңгей

«3» балл

Сыныпта жинаған балы

Үйде

Барлық балл

Баға

1

2

3


1

2

3

1

2

3

1















2















3















4















5















6















7















8















9















10















11















12


















Сыныптағы оқушылардың бір тақырып

бойынша білім көрсеткіш мониторнгі


12 балл















12















11















10















9















8















7















6















5















4















3















2















1
















1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14



Абак инте


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!