Материалдар / Ашық сабақ "Компьютерлік желілер. Интернет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Компьютерлік желілер. Интернет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінің оқытушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
546
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

15


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы қаласы Білім басқармасының

«Алматы сән және дизайн колледжі» КМҚК


Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары


________________ Г.Уябаева

____ қараша 20 ___ жыл



____

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Пәннің атауы:

Информатика


Күні











Топ












Бөлім/тараудың тақырыбы: Компьютерлік желілер. Интернет

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер жайлы түсінік. Компьютерлік желілердің классификациясы. Internet

Сабақтың типі/түрі: жаңа сабақ, дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері: ойын түріндегі сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау

Сабақтың мақсаты:


  1. білімділік

Студенттерге компьютерлік желінің классификацияларын, желі топологияларының түрлерін, интернет желісі жайлы ақпарат беріп, интернеттің мүмкіндіктерін, қолдану аясын түсіндіру. Білім беру процесіне көптілді оқытуды енгізу, цифрлы Қазақстан бағдарламасының бағыттарымен таныстыру

  1. дамытушылық

Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, қызығушылықтарын ояту. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы студенттердің танымдық қабілетін дамыту.

  1. тәрбиелік

Студенттерді ұқыптылыққа, адамгершілікке, отан сүйгіштікке, заман талабына сай ағылшын тілін және компьютерлік технологияларды жетік меңгеруге тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Әдістемелік қамтамасыздандыру мен көрнекі құралдары

1

2

Ағылшын тілі

  1. оқулық, сөздік

Қазақ тілі

  1. таратпа материалдар, смайликтер, QR код


  1. итерактивті тақта, дербес компьютерлер


Сабақтың негізгі кезеңдері мен оған бөлінетін уақыт көлемі


Сабақтың құрылымы

Сабақтың жалғасу уақыты, минут

1

2

  1. Ұйымдастыру кезеңі

1 мин

  1. Өткен тақырып бойынша студенттердің білімін тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Білімді қайталау.

10 мин

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа білімді қалыптастыру

16 мин

  1. Жаңа білімді бекіту

10 мин

  1. Сабақты қорытындылау, бағалау. Рефлексия

2 мин

  1. Үй тапсырмасын беру

1 мин

Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. журнал бойынша студенттерді түгендеу;

  2. сабаққа дайындығын тексеру (қажет болған жағдайда);

  3. сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Good morning, students!

  • Good morning, teacher!

  • How are you?

  • We are fine, thank you.

  • Sit down, please. Who is on duty today?

  • I’m on duty today.

  • Who is absent?

  • is absent.

  • Are you ready for the lesson?

  • Yes, we are.

  • Dear students, it will be today a very interesting lesson. Because we integrate Kazakh and English Languages. Our theme is «Компьютерлік желілер жайлы түсінік. Компьютерлік желілердің классификациясы. Internet».

  • The aims of the lesson «Студенттерге компьютерлік желінің классификацияларын, желі топологияларының түрлерін, интернет желісі жайлы ақпарат беріп, интернеттің мүмкіндіктерін, қолдану аясын түсіндіру. Білім беру процесіне көптілді оқытуды енгізу, цифрлы Қазақстан бағдарламасының бағыттарымен таныстыру» But at first, let’s remember our last theme.

  1. Өткен тақырып бойынша студенттердің білімін тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. Білімді қайталау

Kahoot! қосымшасы арқылы студенттердің үйге берілген тапсырманы қалай меңгерненін сұрақтар арқылы тексеру.

  • What was your homework for today?

  • Our home work was «Power Point бағдарламасы»

  • Ok, I will check your homework with the program KAHOOT! Open the program (site) Kahoot.it. In this game you must quickly answer the questions.

  • Add this Pin Code, then write your name where it says.













  • Are all added? If every one is added, let’s start playing.

















  1. Power Point бағдарламасы не үшін қолданылады?

  1. Электрондық кестеде есептер жүргізу үшін

  2. Презентация жасау үшін

  3. Құжатқа мәтін теру және өңдеу үшін

  4. Слайд жасау үшін

  1. Көрме деген не?

  1. Қызмет түріне байланысты материалды ұсынатын слайд жиынтығы

  2. Көзге көрінетін күрделі көрініс

  3. Фильмдерді жасау құралы

  4. Диафильмдерді жасау құралы

  1. Слайд дегеніміз не?

  1. Ақпарат көрсету бағдарламасы

  2. Диафильмдер жиынтығы

  3. MS Power Point графикалық пакеті

  4. Әр түрлі объект енгізілген көзге көрінетін күрделі көрініс

  1. Суретті қалай кірістіреміз?

  1. Формат-рисунки

  2. файл-печать

  3. Дизайн-вставка-Рисунки

  4. вставка-рисунки

  1. Фигуралық мәтін WordArt қалай енгіземіз?

  1. Вид - текст WordArt

  2. Вставка - текст WordArt

  3. Вставка- Рисование→текст WordArt

  4. Вид→Рисование→текст WordArt

  1. Презентацияны көрсетудің неше жолы бар?

  1. 4

  2. 3

  3. 5

  4. 2

  1. Power point бағдарламасының файлының кеңейтілімі қандай?

  1. .doc

  2. .pptx

  3. .xls

  4. .ppx

  1. Кестені қалай кірістіреміз?

  1. файл-кесте

  2. кірістіру-кесте

  3. кірістіру-сурет

  4. Главная - кірістіру-кесте

  1. Бейнені қалай кірістіреміз?

  1. кірістіру-сурет

  2. кірістіру-бейне

  3. кірістіру-мультимедиа-бейне

  4. мультимедиа-бейне

  1. Дыбысты қалай кірістіреміз?

  1. файл-дыбыс

  2. кірістіру-мультимедиа-дыбыс

  3. мультимедиа-дыбыс

  4. файл - мультимедиа-дыбыс

  1. Power point құжатын қалай сақтаймыз?

  1. файл-сохранить как

  2. файл-өзгерту

  3. Файл – экспорт

  4. формат-печать




  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаңа білімді қалыптастыру.

Сіздерге өткен сабақта тапсырма берілген болатын, Компьютерлік желі дегеніміз не екенін біліп келіңіздер дегенмін, және оны ағылшын тілінде айтып берулеріңіз керек болған. Кім дайындалып келді? Кім айтады?

Computer network - it is a combination of computers, integrated channels, and communication software and software, such as printer, modem, fax.

Оk, Thank you very much! Sit down, please

Компьютерлік желі дегеніміз –  бір – бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым –қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады.

Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:

  • географиялық қамтылу аймағына қарай; 

  • өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;

  • топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;

  • басқарылуына байланысты.
    Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді:

Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұрған ғимараттарда орналасқан компьютерлердің жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютерлер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін). 

Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) – бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі. 

Аймақтық (региональный -Metropolitan Area Network MAN) – бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі. 

-So well, write down please!

Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер:

  • бөлімдер желісі (сеть отделения - branch network) - бұл кәсіпорынның бір бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерлердің салыстырмалы түрде кішігірім тобы пайдаланатын желілер. Бұл қызметкерлер бухгалтерлік есеп немесе маркетинг сияқты жалпы міндеттерді орындайды. Оның басты мақсаты мәліметтерді, лазерлік принтерді, қосымшаларды ортақ пайдалану болып табылады. Бөлімше 100-150 қызметкерден тұрады деп есептелінеді.

  • кампустық желі - (Кампускная сеть - Campus Network ) — объектілері бір-біріне жақын орналасқан локальді желілерді бір үлкен желіге біріктіретін желі. Оның қызмет көрсету радиусы 2—3 км. Желінің аты campus терминімен байланысты болғанымен, ол студенттік қалашықтармен байланысты емес, керісінше кез келген үйым мен құрылымның ғимараттары және аймақтарын белгілеу үшін қолданылады.

  • корпоративтік желілер - (Корпоративная сеть - enterprise-wide networks) — үлкен кәсіпорынның (мекеменің), корпорацияның барлық бөлімшелеріне қызмет ететін есептеу желісі.


-So well, write down please!

ТОПОЛОГИЯ бойынша желілердің жіктелуі: 

  • Шиналық топология;

  • Сақина топологиясы; 

  • Жұлдыз топологиясы;

  • Бұтақ тәрізді топология; 

Әр топологияның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек.

Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айналыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып ары қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютерлер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істей алмай қалады. 

Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін- желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырад. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Бұтақ тәрізді топология - 2 түйіні бір ғана жолмен байланысқан компьютер желінің топологиясы.



-So well, write down please!


Интернет деген не және ол не үшін қажет?

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет- миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және танымал желі.

Интернет сөзі ті

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!