Ашық сабақ "Көңіл -күй әлемінде".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Көңіл -күй әлемінде".

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек.көңіл- күйін сөзбен білдіруге үйрету. Қуану, ашу, жабырқау көңіл-күйлерінің түсініктерін арттырып, эмоционалдық күйлерді мимика арқылы көрсете білуге үйрету. Балаларды саз әуені арқылы көңіл-күй түрлерін анықтауға үйрету. Өз көңіл-күйін қалыпты ұстай білуге үйрету. Эмоционалды қысымды басыр, позитивты көңіл-күйді қалыптастыру. Көңіл- күйді білдіретінтүстер жайлы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

Көңіл -күй әлемінде.

Мақсаты:

Білімділік: өз көңіл- күйін сөзбен білдіруге үйрету. Қуану, ашу, жабырқау көңіл-күйлерінің түсініктерін арттырып, эмоционалдық күйлерді мимика арқылы көрсете білуге үйрету. Балаларды саз әуені арқылы көңіл-күй түрлерін анықтауға үйрету. Өз көңіл-күйін қалыпты ұстай білуге үйрету. Эмоционалды қысымды басыр, позитивты көңіл-күйді қалыптастыру. Көңіл- күйді білдіретінтүстер жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: ойындар, жаттығулар арқылы балалардың эмоцияларын дамыту. Ым- ишара, қимылдар арқылы көңіл-күй түрлерін көрсетуге жаттықтыру. Ойындарға қызығушылығын ояту, ойын барысында балалардың ептілігін арттыру. Жаттығулар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Сенсорлық қабылдауын, көріп-естіп есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелік: өз қатарласына деген жылулық сезімдерін қалыптастыру. Мейірімділікке, ізеттілікке, бесенділікке тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: әр түрлі көңіл- күй бейнеленген түрлі-түсті шарлар, ойындарға ойыншықтар, әр түрлі көңіл-күйлерге арналған аудиобаспалар, бала санына қарай түрлі көңіл- күйдегі смайликтер.

Пән аралық байланыс: музыка, дефектология.

Әдіс- тәсілдер: Амандасу сәтін, жылулық шеңберін ұйымдастыру, негізгі бөлім, сергіту сәті, ғажайып сәт, қорытынды.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, ризамын. Сендердің көңіл-күйлерін қалай? Бүгінгі сабағымызды жылулық шеңберінен бастаймыз.

Жылулық шеңбер.

Педагог-психолог: Балалар, жылулық шеңберді слайдтағы суреттерге қарап өткіземіз.

-Слайдтан алақанның суретін көргенде, бір-бірімізбен қол алысамыз.

-Жүректің суретін көргенде, бір-бірімізді құшақтаймыз.

-Күннің суретін көргенде, бір-біріміздің басымыздан сипаймыз.

-Күлімдеп тұрған қыздың суретін көргенде, бір-бірімізге қарап, жымиып күлеміз.

-Жарайсыңдар балалар, енді шеңберге түрып, өлең жолдарын айтып, осы қимылдармен кқрсетейік.

Алақанды көргенде,

Қолыңды бер қысайын.

Жүректі мен көргенде,

Құшып сені алайын.

Күн шуағын көргенде,

Басыңнан мен сипайын.

Көңілді бала көргенде,

Саған күлкі сыйлайын.

-Бәрекелді ,балалар! Енді орнымызға отырып, жайғасайық.

II. Негізгі бөлім.

Біз өздеріңмен көңіл-күйдің не екенін жақсы білеміз. Кей кезде қуансақ, кейде мұңайып қаламыз. Кейде ренжісек, кейде шаттанамыз, мұңдататын, қайғыратын да кездеріміз болады. Яғни біздің көңіл-күйіміз үнемі өзгеріс үстінде болады. Ал бүгін біз өздеріңмен тамаша көңіл күй әлеміне аттанамыз.

Жаттығу. «Көңіл күйді анықта».

Балалар мен сендерге әр түрлі сазды әуендер қоямын. Әуен арқылы көңіл-күйлерді анықтаймыз. Олай болса мұқият, зейін қойып тыңдайық.

-Айтындаршы балалар, мына саз әуені қандай? Көңілді ме, әлде көңілсіз бе? Осы саз әуеніне не істеуге болады? Қандай қимылдар жасап, билеуге болады?

-Ия балалар, бұл әуенде көңілсіз. Бұл әуенді естіп, жабырқап қалдық. Балалар, сендер жабырқаулы, көңілсіз боласыңдарма? Ал сендер қай кезде көңілсіз, жабырқаулы боласыңдар? Қалай ойлайсыңдар, балалар үнемі жылап, ренжіп, ашуланып жүрген жақсы ма? Қандай көңіл-күйде жүрген жақсы?

«Ситуациялық тапсырмалар»

  1. Бір баланы таңдап, сен ашулы көңіл-күйде отырасын, ал біз сенің көңіл-күйінді көтеруіміз керек. Әр бала өзінше ашулы баланың көңілін көтереді.

  2. Келесі бала жабырқаулы көңіл-күйде отырады. Қалған балалар жабырқаулы баланың көңілін іс-қимылмен, әдемі сөздермен көтерулері қажет.

III.Сергіту сәті: «Түрлі көңіл-күйді салып көр».

Топ, топ басайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Ашуланып қалайық. (балалар ым-ишарамен ашулы күйді салады, бір-біріне қарап күледі)

Топ, топ басайық,

Алақанды соғайық.

Бәр отырып, бір тұрып,

Жабырқап біз қалайық. (балалар ым-ишарамен жабырқаулы күйді салады, бір-біріне қарап күледі)

Топ, топ басайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Көңілді боп қалайық. (балалар ым(балалар ым-ишара арқылы көңілді күйді салады, бір-біріне қарап күледі)

ишара арқылы көңілді күйді салады, бір-біріне қарап күледі)

(Жаттығу аяқталған кезде үнтаспадан күлген адамның даусы естіледі)

Педагог-психолог: Тыңдаңдаршы балалар, біреудің күлген даусы естіледі. Сендер біреудің күлген дауысын естіп тұрсыңдар ма? Бұл кімнің күлген даусы?

IV.Ғажайып сәт. Сайқымазақ сен біздіңсабағымызға дәп түстіңғой. Бүгін көңіл-күйге байланысты сабақ өтіп жатырмыз. Сайқымазақ қолына түрлі-түсті көп әуе шарлар ұстап алыпсыңғой. Осы әр түсті шарлардың әр түрлі көңіл-күйді білдіретінің білесің бе?

Сары-көңілді көңіл- күй: жан-жағымызға қуана қарап, шаттанғымыз келеді.

Қызыл- сергек, белсенді көңіл-күй: секіргіміз, жүгіргіміз, қимылды ойындар ойнағымыз келіп тұрады.

Жасыл-көпшіл: барлық балалармен достасып, ойнағымыз келеді.

Көк-сабырлы: тыныш ойнап, өызыөты кітап тыңдап, терезеге қарап отырғымыз келеді.

Сұр-іш пыстырарлық: немен айналысарыңды білмейсің.

Қара-мұңды: маған ештеңе қызық емес, көңіл-күйім бұзылып тұр.

Қоңыр-ашулы көңіл-күй: ренжіп, ашуланып тұрамын.

Көрдіңдер ме балалар, мына шарлардың түстері сияқты, біздің де көңіл-күйіміз әр түрлі болады.

V.Ойын. «Смайликтің көңіл-күйін сәйкестендір».

Сайқымазақ балаларен ойын ойнайды.

VI. Қорытынды.

Педагог-психолог: Балалар өз көңіл-күйімізге сәйкес келетін әр түсті шарларды таңдап алайықшы. Осы шарларға көтеріңкі көңіл-күйімізді қиылған ерін мен көздерді жабыстыру арқылы бейнелейік. Ортаға жиналып, осы ір түсті шарларды аспанға ұшырамыз. Біздің керемет көтеріңкі көңіліміз барлық әлемдегі адамдарға тарасын.

Міне балалар, сендермен қоштасатын сәтте келді. Сендерге сабақ ұнады ма? Сайқымазақтың ойындары ұнады ма? Сендердің көңіл-күйлерін қандай?

-Өте жақсы, балалар. Сендерге мен тек жақсы көңіл-күй тілеймін. Жарайсыңдар, балалар. Осымен сабағымыз аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2021
795
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі