Материалдар / Ашық сабақ "Көңілді қыс" әлеуметтік бейімделу тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Көңілді қыс" әлеуметтік бейімделу тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жапсыру сабағының негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың қағаз бетіне шаблонды жапсыру икемділігін қалыптастыру. Түзете-дамыту сабағында желімді пайдалану, қағаз бетіне суретті жапсыра білу дағдысын қалыптастыру. «Көңілді қыс» атты ашық сабағым әлеуметтік бейімделу тобына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2018
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Көңілді қыс»

Пәні: Жапсыру

Тобы: Әлеуметтік бейімделу


Сабақтын мақсаты:

Қыста болатын өзгешеліктерді білу, ойынға қатысты заттардың атауларын білу, қолмен ұстау, көзбен қөру.

Түзете - білімділік: Қыс мезгілі туралы түсінік кеңейту.

Түзете - дамытушылық: Баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, жапсыруға үйрету, түсініп бірге қимыл әрекет жасау.
Түзете -тәрбиелік: Табиғатты сүюге, аялай білуге, қағаз жұмыстарында ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Әдіс –тәсіл: Түсіндіру, жапсыру, көрсету, ғажайып сәт, сергіту сәті, ойын.

Көрнекіліктер: Лото жиынтығы, сюжетті көрініс, қар қиыршықтары, шана, шаблон, қатты қағаз , желім, қар.

Сөздік жұмыс: қыс, шана.

Сабақтың барысы
(Жыл мезгіліне байланысты музыкалық әуен)

1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсің бе Санжар?

- Санжар далада күн суық болса да, біздің жүрегіміздің жылуы көпке жетерлік. Жылуымызды жан-жаққа беріп жылулық шеңберін жасайық.

Мерімділік жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

2. Өткенді қайталау:

- Санжар, өткен сабақта біз сендермен киім-кешектермен танысқан болатынбыз.

- Санжар сен енді мында қара мынаған көңіл бөлші.

- Мен сенің алдыңа суреттердің жиынтығын қойдым, қолыңа сол суреттердің екіншісін беремін, сен осы суреттерді маған беттестіріп берші.

- Дұрыс, Санжар сен барлығысын дұрыс қойып шықтың

- Киім бізге не үшін керек,киім бізді суыққа тондырмайды, судан, желден, ыстықтан қорғайды. Және киім бізге сәндік үшін де қажет екен.


- Киімдер әр маусымға байланысты болады.

- Сен бізге қыстық киімдерді лото суреттерінен жинап бердің. Өте тамаша.

- Кәне, енді орнымыздан тұрып, көңілді қысты тамашалайық.

3. Жаңа сабақ:

- Санжар, мен мен саған бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, екеуміз бірлесіп сол жұмбақтың шешуін тауып, бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық.

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Қар омбығып,
Бет домбығып, балдырғандар ойнайды.
Айтындаршы, балаларым, бұл қай кезде болады?

- Санжар, ол қыста болады.

- Санжар, қыста ауа-райында қандай өзгешіліктер болады?

- Қыста қар жауады,суық болады, боран соғады, аяз болады.

- Санжар қыста қандай ойындар ойнаймыз, сен білесің бе?

- Қардан аққала соғамыз, сырғанақ жасаймыз, шаңғы, шана тебеміз.

Тосын сәт

Есік қағылып топқа шана сүйреткен Аққала кіреді.

  • Сәлеметсің бе, Санжар? Сен бүгін қыс қызығын қызықтап жатқасын

мен де келдім шанамды сүйреп.

  • Қыс жылдың өте бір жақсы мезгілінің бірі. Қыста ауырмау үшін таза

ауада көптеген ойындар ойнауға болады, аққала жасап, сырғанақ тебуге болады.

  • Мынау шана, онымен сырғанауға болады.

  • Ой, сенде де төбешік бар екен ғоой. Міне былай шананы қойып, оны

төбешіктен төмен қарай сырғанатамыз. Онымен сабақ соңында далаға шығып екеуміз сырғанақ тебеміз.

  • Аққала, сізге көп рахмет! Бізге бүгін сабағымызға шана алып

келіпсіз. Бүгінгі біздің жапсыру сабағымыздың тақырыбы - шана.

  • Санжар, міне қара шана мынадай бөліктерден тұрады.

  • Мынау шананың екі табаны.

  • Мынау отыратын тақтайы. Осыған отырып төбешіктен сырғанайсың.

  • Санжар шананы жапсырмас бұрын сен маған бұл бөліктерді алдын

ала дайындалған шаблонды тақтада құрастырып берші

(Тақтаға ілінеді)

- Енді орнымызға отырып осы шананы қағаздан жапсырып көрейік.

- Санжар орнында отырып желімді қолына алып ақ қағазға жапсырады.

Тақтаға іліп қояды.

Қауіпсіздік ережесі: Желімді пайдалану ережесі ескеріледі.

Сергіту сәті:
-
Санжар, сен шаршаған шығарсың, азырақ демалып алайық.

Шынығамыз бәріміз

Иіліп бүгіліп денеміз

Хоккейді де тебеміз.

Әрлі- берлі жол салып

Қар лақтырып ойнаймыз



Тыныс алу жаттығуы «Қар»

  • Санжар аспанға қарашы, бұлттардың арасынан қарлар жауып тұр.

Біздің ауламызда қарлар үйіліп қалыпты, сол қарларды үрлеп ұшырып жіберейік (Екеуміз бірлесіп үрлеп тыныс алу жаттығуын жасаймыз).

  • Санжар жаңағы қарларымыз тау болып үйіліп қалды ғой, бізге жүруге

қиын болады ғой, сондықтан оны төгіп тастайық. Біздің шанамыз бар ғой (дайын қарды күрекпен салып шанамен төгу)

Аққала: Қандай тамаша!

  • Санжар сен көп тапсырма орындадың мен қуанып отырмын, сендердің

топтарың жылы екен. Мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатқан тәріздімін, мен кетейін. Сау бол! (шығып кетеді).

  • Санжар сен енді мында кел, екеуміз далаға көз жіберейік, далада ақ

ұлпа қар жатыр, ағаштар ақ көрпеге оранған, табиғат бір ерекше сезімге бөленіп жатыр.

  • Иә.

  • Осындай көрініс тек қыста ғана болады екен.

Ендеше, екеуміз бүгінгі сабағымызды қортындылай келе, мынадай кластер құрастырайық.


Shape1


  • Санжар, көңіл күйіміз қандай? (тамаша)

  • Ауа райы қандай? (тамаша)

  • Келген қонақтар қандай? (тамаша)

  • Келген қонақтарға бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (смайлик беру)

Қорытыңды:

Не алды? Қыс қызығын тамашалады.

Не білді? Қысқы ойындар туралы, қандай заттармен

ойнайтынымызды.
Не істей алды? Шананы көзбен көріп, қолмен ұстап, қағаздан жапсыра алды.


Даулова Зинагуль Туребаевна

Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, жартылай стационар бөлімі тәрбиешісі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!