Материалдар / Ашық сабақ "Координаталық түзу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Координаталық түзу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақта қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
409
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Хадыс Амангул

6 «а» сыныбы.

Оқушының саны 25

Ақмола облысы, Целинорад ауданы

Қоянды ауылы

20 Орта мектебі


10.10.2016

4 Сабақ 14.00-14.45 дәрісхана

Сабақтың атауы

Координаталық түзу

Сілтеме

Слайдтар. Математика оқулығы.Т:А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов

Жалпы мақсаты


А) Координаталық түзуге анықтама бере білу. Координаталық түзу бойында оң сандар мен теріс сандарды кескіндей білу.Ауызша есептеу және жазбаша есептеу дағдысын жетілдіру үшін қайталау есептерін шығару.Ә) Оқушы алдына проблемалық мәселе туғыза отырып координаталық түзу ұғымын түсіндіру.Координаталық түзу бойында оң сандар мен теріс сандарды сала білу дағдыларын қалыптастыру Б) Логикалық ойлауға, тапқырлық есептерді шешуге үйрету.

Міндеттер:


Әр мұғалімнің негізгі міндеті сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығущылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру. Мұғалім математика сабағында оқушылардың қызығушылығын тудырту үші ойындар ұйымдастыруына болады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін арттыруға дидактикалық ойындар, логикалық ойлауға бағыттайтын ойындар орны ерекше. Ойындар ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу-мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ойын-шығармашылық, ойын-еңбек.Ойнау барысында оқушы дербес ойнау мүмкіндігі, көңіл қоя білу қабілеті дамиды. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады.Білім бағалаудың бұл әдісі оқушылардың өзінше ойланып, қорытынды жасауға үйретеді.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Болжам: Осы тақырыптың жүйелі шығуы үшін ойыма көптеген идеялар туындайды. Мәселен мен үйге бірнеше оқушыға «Нөл және бір» санына ертегі құрастырып рөлдерге бөліп дайындылып келулерін айттым. Бұл идеяны құоастырушы бас автор дарынды оқушыға берілді.Және қосымша тапсырманы үлгерімі орташа болса да суратті жақсы салатын оқушы Ақмаржан мен Жанболатқа берілді.Жаңа тақырыпты ашу барысында оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сөзжұмбақ құрастыру, Жүсіп Баласағұнның жақсы бір сөзімен сабақты бастау, «шатастырылған логикалық баулар» бойынша оқушылардың жан-жақты қабілеттерін ашу үшін жасырылған жұмбақтың жауабын үш тілде айту.Сабақтың негізгі идеясын түрлі көрнекіліктер барысында ашу. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін арттыруға ойындар, логикалық ойлауға бағыттайтын ойындар аса қажет деген оймен ертегіден бастағанды жөн көрдім.


Күтілетін нәтиже

Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өз біліміне ғана емес, өзге оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.Өзін-өзі басқаруға үйрету. Ой қозғау арқылы өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беру. Теорияны практикамен ұштастыра отырып, есеп шығаруға деген қабілеттерін арттыру. Деңгейлеп берілген тапсырмалардың ұқыптылығы және нақтылығы

Тапсырмалар



Алдын-ала даярлық тапсырмалары беріледі. Деңгейлік тапсырмалар, сөзжұмбақ шешкіземін, деңгейлік тапсырмалар, «полиглот» логикалық есептер, тапқырлық есептер, шеңбер бөлігіндегі жасырылған тапсырмалар, эссе жазу оқулықтан есептер шығару, ролге білініп ойнайтын тапсырмалар.





Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 1 мин

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Оқушыларды шаттық шеңберінде тұрғызып бір-біріне сәттіліктер тілеуден бастаймын. Топқа қағаздардың түсіне қарай бөлемін.

Сыныпқа кіргеннен кейін Жүсіп Баласағұнның мына сөзімен бастауды жөн көрдім.(музыкамен)

Біле бер, қанша білсең-тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле.

Бағалау парағын таратып түсіндіру (5 мин)

Үй тапсырмасын сұрау: (Дарынды оқушының дайындаған тапсырмасы)

Мен өткен сабақта үй жұмысына бірнеше оқушыға шығармашылық тапсырма беріп өздерің рөлдерге бөлініп «нөл және бір» ертегісін ойдан құрастырып дайындалып келулерін айтқанмын. Сол ертегіні тамашалайық.

Ерте, ерте, ертеде «1» саны кербез, өркөкірек болыпты. Ол басқа сандардан бөлектеніп, жеке дара жүруді ұнатыпты. Оны басқалары «дара» жалғыз «бір» деп айтады екен. Сол кезде сыпайы, селтеңдеп көзге көп түсе бермейтін «нөл» бір күні менменсіген «бірге» кездесіп қалып:

-Мені қасыңа ал дос, жолдас болайық-депті.

Бір паңданып, кеудесін көтеріп бойын тік ұстап қол аяғы жоқ, домаланған сені жолдас етіп қайтем не санда, не сапада жоқсың!-дейді.

-Сен қателесесің, мен жеке тұрғанда құнсыз нөл болсам екеуіміз біріксек бағамыз артады. Сенің де жалғыздығың білінбейді 10 есе өсесің.

-Сендейлермен менің құным артпай-ақ қойсын, жақсылығың өзіңе деп ашуланыпты бір.

-Сабыр, ақылға кел. Жүр қазыға барып жүгінейік. Содан екеуі қазыға келіп әділ төрелігін алса керек. Содан бері бір және нөл дос екен.

Рахмет отырыңыздар. Қошеметтеп қол соғайық.

Ендеше бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.

Мұғалім: балалар жаңағы ертегіден сендерге қандай ойлар туындады?

Жауаптарын айтады.

Сабақты бастамастан бұрын сөзжұмбақ шешкізіп аламын.

  1. Алымы бөліміне тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек

  2. Бөлшек сызығының астындағы сан

  3. О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық

  4. Ең кіші жай сан

  5. Координаталық сәуледегі таңдап алынған кесінді

  • Осы сөзжұмбақтан сендерге қандай ойлар туындайды?

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І. Қызығушылығын ояту (3 мин)

Мысықтың тұрған орны коорд. Түзудің санақ басы болатын О нүктесіне сәйкес келеді. Торғайдың, тышқанның тұрған нүктелерінің коорд. Тап? Мысық қай бағытта неше бірлік кесіндіге секірсе тышқанға жетеді? Мысық қай бағытта неше бірлік кесіндіге секірсе торғайға жетеді?

Тышқан мысықтың қай жағында отыр?

Торғай ше?

Оқушылар оң бағытпен сол бағытты ажыратып алады. (Көрнекіліктер арқылы) Бұл көрнекіліктер тақырыпқа байланысты алдын-ала кейбір оқушыларға тапсырма беріп, қызығушылықтарын арттыру үшін дайындағандарын қолданамын.




Сын тұрғысынан ойлау үші түсін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету (3 мин)

СТО (кластер құру) түзу сөзін флипчартқа түсіреді де алдымен өз дәптерлеріне жеке жұмыс жасайды, сонан соң ойларын ортаға салып топ бір шешімге келеді. Болған топ жауап беріп жобаны қорғайды.

Ноутбук экранынан ережені қарап шығады. Слайд2 /5мин/


Теория:Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.

(слайд арқылы көрсетемін)

Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.





Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру


Оқулықпен жұмыс №306 (ауызша) 71 бет (14 мин)

307, №308 ,№310(процент атауы)

312 (рөлдерге бөлу арқылы тақтаға шығарамын)

Дарынды оқушы тапсырмасы:Интернеттен координаталық түзу туралы ақпарттар іздеп табады. Ойын ортамен бөліседі.

Үлгерімі орташа:қосымша тапсырма беріледі.

Үлгерімі төмен:параққа оң және теріс сандарды жазып, координаталық түзуде орналастыруын тексеремін.

Құс қанатының бір бөлігі шығатындай етіп бос орынды әріппен толтыр

СТО «Логикалық шатастырылған баулар» (8 мин)

Орындарын ауыстырып байырғы қазақ есебін шатастыру арқылы жазып қоямын.(парақтар таратылады)

1-топ

1 пайыз...................................................1 процент

1 жыл.....................................................12 ай 4 маусым

1 апта....................................................7 күн

1 тәулік.................................................24 сағат

50 жыл...................................................қазан

100 жыл.................................................1 ғасыр

Қорғаған оқушы төмендегі сұраққа жауап береді. Және 3 тілде айтады.

Жоқ өзінде бас та , қас та мойын да ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш, линейка, а рулер)

2- топ

1 мүшел..................................................13 жас

4 мүшел..................................................49 жас-дана адам

Қарға адым............................................Қаңтардағы күннің ұзаруы

Қыркүйектің басынан........................... күзем басталады

Зекет беру............................................табыстың 40 тан бір бөлігін беру

Тарақан......................................... ...тік бұрышты сынық бойымен қозғалады

Қабат-қабат қаттама ақылың болса аттама (кітап , книга, бук)

3-топ

Түйе.................................................... оңнан солға қарай айналып жайылады

1 қадам................................................1 градус

1 рубль.................................................100 тиын

1 ширек шай.......................................250 гр

3 мүшел...............................................37 жас (ақылы толысқан адам)

Екіден бір.............................................жарты

Жиырма төрт батыр бірін-бірі жеп жптыр (дойбы, шашки, е стрип)

4-топ

Төрттен бір.......................................ширек

Тоқсан.................................................үш айлық уақыт

Ат........................................................5 жастан асқан жылқы

1 жер....................................................1000 шаршы метр

1 теңге..................................................1 монета

1 жыл....................................................365 күн

Нәрселерді санағанда

керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай (натурал сан, натуралные числа, рил)

Қосымша логикалық есеп: өз өмірінде 40 т тамақ жейді

Дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш

Қуаты орта есеппен 2,2 Вт (адам)



ІІІ. Ой қорытынды (5мин)

Оқушылар қорғап жатқан кезде

Сонда біз бүгін не туралы өттік? Қандай түйінді пікірге келдік? Көкейлеріңе не түйдіңдер? Өз ойларыңды жазыңдар.(Эссе жазу) (3 және 4 топ)

(1 және 2 топ бүгінгі өткен координаталық түзу тақырыбына) (5 жолды өлең құрастырады) жеке оқушылар өз ойларын айтып эссені жазып шығады


Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Бағалау: /3мин/ Өзін-өзі бағалау парағы

  1. Сөзжұмбақ шешу

  2. Үй тапсырмасы

  3. Деңгейлік тапсырмалар

  4. Сәйкесін тап! тапсырмалары (3 тілде айтуы)

  5. 5 жолды өлең құрастыруы

  6. Эссе жазу

Осы айтылған критерий лер бойынша топ өзара баға береді. Сол бағалармен салыстыра келе нақты баға қойылады.

Үйге тапсырма: №316, №317, №319 (үлгерімі жақсы оқушыларға №326) (Координаталық түзудің қажеттілігі туралы эссе жазып келу)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!