Материалдар / Ашық сабақ Көшпелі өркениет құндылықтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Көшпелі өркениет құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшпелілер өркениетінің құндылықтары туралы және көшпеліліктің шығу тегі, қалыптасуы туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2022
918
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мамандығы: 0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша)

Біліктілігі: 051803 3 экономист - бухгалтер

Топ: 3 Есеп А

Пәннің аты: Мәдениеттану

Бөлім: III бөлім. Отандық мәдениеттің теориясы мен тарихы

Сабақтың тақырыбы: Көшпелі өркениет құндылықтары

2. Сабақ жоспары

2.1 Сабаққа дейін

2.1.1 Сабақтың мақсаты: Студенттерге көшпелі өркениет құндылықтары туралы жалпы түсінік беру.

Әдістемелік мақсат: Тақырыпқа қатысты айтылған хабарламаларды қолдану арқылы көшпелілер туралы түсінік алады.

Білімділік: Көшпелілер өркениетінің құндылықтары туралы және көшпеліліктің шығу тегі, қалыптасуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Көшпеліліктің қалыптасу туралы оқыта отырып, студенттердің танымдық қабілетін, ой-өрісін, білімділігін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Студенттерді өз елінің тарихын, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

2.1.2 Сабақтың типі: Қабілет-дағды қалыптастыру

Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

2.1.3 Алдын ала білімді игеруге және жаңашылдыққа сілтеме:

Мәдениеттану

Сабақтың тақырыбы: Көшпелі өркениет құндылықтары

Оқушылардың игерілетін білімділігі:

  1. Тақырып бойынша өз ойын айтады, түсінеді

  2. Салт-дәстүрлердің шығу тарихын біледі

  3. Ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар туралы біледі

Оқушылардың игерілетін жаңаша көзқарастық білімділігі:

1. Алған білімін жүйелей алады

2. Студенттердің ізденіс нәтижесі анықталады

3. Тақырыпқа байланысты өз ойын ашық айта алады және өзіндік пікірін қорғай біледі

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет, география

Керекті материалдар:

Оқытылатын әдебиет: Шахман Нағымұлы «Мәдениеттану»

Техникалық құралдар:

* Компьютер;

* Мультимедиалық проектор;

* Интерактивті тақта

Сабақтың оқу-әдістемелікпен қамтамасыздандырылуы:

Презентация; бейнеролик, конспект; тапсырмалар.

2.1.7 Сабақтың негізгі кезеңі және оның ұзақтығы


Сабақтың сатылары

Білімділік міндеттері

Сабақтың мазмұны

Уақыты, мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттерді сабаққа психологиялық дайындау

Сәлемдесу, сабақтың жалпы мақсатын және өткізілу жоспарын ашу

2 мин

2. Маңыздандыру және ынталандыру

Жаңа білімді игеруге, алған білімді терендетуге қажетті тұғырлы білімді жоспарлау.

Алдында өтілген материалды қайталау.

Үй жұмысын тексеру:

Тақырыбы «Ортағасырлық кезеңдегі тарихи ескерткіштер».

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.

15 мин

3. Жаңа түсініктерді және әрекет әдістерін қалыптастыру.

Жаңа материалды студенттердің қабылдауын, түсінуін, есте сақтауын қамтамасыз ету. Студенттердің қарастырылған материалды қабылдау әдістерін игеруін қамтамасыз ету.

«Көшпелі өркениет құндылықтары» тақырыбы бойынша негізгі идеяларды хабарлау. Студенттерді үш топқа бөліп, тапсырмалар беру.

55 мин

4. Сабақты қорытындылау

Топтық және жеке сабаққа қатысулары бойынша өзара баға беру

Сабақтың қорытындысын жасау

5 мин

5. Рефлексия

Студенттердің өз іс әрекеттерін өзінің психоэмоциялық күйі бойынша рефлекциялауға мүмкіншілік беру

Топтық кері байланыс сұрақтары беріледі, сол сұрақтар бойынша өз еріктерімен жауаптарын таңдап оқып толықтырады.

10 мин

6. Үйге тапсырма беру

Студенттердің үй жұмысын орындау әдістерін, мақсатын түсінуін қамтамасыз ету

1. Ш.Нағымұлы 112-124-беттер оқу.

2. «Қазақтың ұлттық киім үлгілері» тақырыбына эссе жазу.


3 мин

Барлығы: 90 мин


2.1.8 Оқыту үшін топтарға бөлу:

Өз қалаулары бойынша 3 топқа бөліну. Стикер арқылы топ атауларын беру.

2.2 Сабақтың өтілуі:

2.2.1 Ұйымдастыру кезеңі:

* Сәлемдесу, назарларын сабаққа бағыттау, сабақтың басталғанын хабарлау.

* Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығына назар аудару;

* Үй тапсырмасын сұрау, оқушылардың білімін тексеру:

* Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою.

«Қызығушылықты ояту»

  • Өркениет дегеніміз не?

  • Құндылық дегенді қалай түсінесіздер?

Жаңа сабақ: Оқытушының сөзі презентация арқылы түсінік беру

Жоспары:

1. Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы және оның дамуы
2. Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері

3. Қоғамдық құрылыс 

ІІ. Үй тапсырмасы.

  • Қазақстандағы ортағасырлық тарихи және мәдени ескетркіштер

  • Ескерткіш тұрғызған адам болашағын ойлайды

  • Менің сүйікті ескерткішім

Топпен жұмыс:

Тапсырма №1

Әр топқа мәлімет жазылған парақтар үлестіріледі, сол мәліметтерді жазып және оқып түсініктерін баяндайды.

Бейнесабақ қарау.

Тапсырма №2

Кестені орындаңдар.

Көшпеліліктің пайда болуы

Көшпелілікке өту себебі

Көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығы









Сергіту сәтін орындау

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Кестені толтыру

Киіз үйдің құрылысы

Ұлттық киімдер

Қол өнер бұйымдары






ІҮ. Сабақты қорытындылау:

Оқытушы сөзі арқылы.

Y. Рефлексия:

Топтық кері байланыс сұрақтары:

1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?

  • Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;

  • Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;

  • Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді;

2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?

  • ақпарат алмасуда;

  • Өзара қарым-қатынаста;

  • Осы дәрежелердің бәрінде іске асты;

3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?

  • Бір адамға бағытталған стиль

  • Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.

4. Топтағы  орындау  барысында  топта  ауызбіршілік сақталды  ма?

  • Топта ауызбіршілік пен  серіктестік  қарым-қатынас сақталды;

  • Топтағы  бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;

ҮІ. Оқушыларды бағалау:

Әр топтың сабаққа қатысу белсенділігін, тапсырмаларды орындау сапасын ескере отырып, командалық және жеке оқушылардың көрсеткен нәтижелері бойынша білімдерін өзара бағалауға мүмкіндік беру, әр топқа аты-жөндері жазылған бағалау парағы үлестіріледі.

Білім алушыларға сабақта көрсетілген белсенділіктері үшін алғыс білдіру.

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Ш.Нағымұлы 112-124-беттер оқу.

2. «Қазақтың ұлттық киім үлгілері» тақырыбына эссе жазу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!