Материалдар / Ашық сабақ күй аңызы 8- сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ күй аңызы 8- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Тахауи Ақтанов, күй аңызы әңгімесі Қазақ әдебиеті пәні 8- сынып бұл әңгіме күйші Естемес пен жас жігіт Оразымбеттың жолдағы әңгімесі мен бастан кешкен оқиғасы Естемістің жас қызға ғашық болып, оған соңына дейін тырмысып өзіне алғысы келгені, бірақ қыздың ондай ойы болмағанын біліп, көңілі түскені туралы болатын. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер (күйдің)құдыреті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2022
328
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: IV

Мектеп: БИЛ (Өскемен қаласы).

Күні: 19.05.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Кадырбек А

Сынып: 8

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Т.Ахтановтың «күй аңызы» әңгімесі. 2- сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясын ұлттық мүдде мен құндылық тұрғысынан ашу.

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: автордың көзқарасын түсіну арқылы көркем шығармадан алған үзінділерді орынды қолдану. Көпшілік оқушылар: мәтінді түсіне отырып, үзіндіде көтерілген мәселе мен идеяны анықтау.

Кейбір оқушылар: үзінділердегі кейіпкерлердің сөзін сәйкестендіре отырып, өз көзқарасын айтуда дәлелді орынды қолданып, қоршаған ортамен байланыстыру.

Бағалау критерийлері

1.Мәтіннен алынған үзіндіні түсінеді.

2.Өз көзқарасын дәлелдей алады.

3.Үзінділерде дәлелдеуді қолданады.

Тілдік мақсаттар


Кие қасіреті, халық ырымы, күй аңызы тіркестерін талдауда, өз пікірлерін білдіргенде қолданады.

Құндылықтарды дарыту






Ұлттық құндылықтарымызды, әдет-ғұрыптарымызды дәріптеу. Музыкамыздың шығу тарихына зер салу.ұлттық танымымызды кеңейту.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, музыка, қазақ тілі


АКТ қолдану

дағдылары

Интерактивті тақта, маркерлер, А3

Бастапқы білім


Т.Ахтанов өмірі мен шығармашылығы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сыныппен амандасып, оқушларды түгендеп, алдыңғы сабақтан қарапайым сұрақтар қою. слайдта көрсетілген сұрақтарға жауап беру. Жауап берген балаға баға қою.

жауап алған соң сыныптағы оқушыларды орындарынан тұрғызып «Айна» сергіту ойнын жасатау. Яғни бір-біріне қимылдарын айна тәрізді қайталайды. (5 минут).

Сабақтың ортасы


























Оқушылардың назарына тақтада үш сурет шығады, біреуі Нар, домбра және аттың басын ұстаған қыз суреты. Осы суреттер әр түрлі қиқымдарға бөлінген, сол қиқымдарды әр оқушы бірден алады да белгіленген уақытта пазл құрастырып сурет шығару керек.( бозіңген күйі ойналып біткенше).Оқушылар 3 топқа бөлінді. (5 минут)

шығарманы алдыңғы сағатта оқып келу тапсырылған. Тақтаға таймер көрсетіліп тұрады. (10 минут) төменде әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.

І- топқа тұжырым кестесі 1)шығарманы оқып, эпилог пен пролог, көркемшығарма туындысының құрылым, қазақы салт-дәстұр, ғұрп-әдеттен қайсылары кез болғанын А3 ке кесте жазып дайындайды.

ІІ- топқа Кубизм әдісі 1)шығарманың ішінен сұрақтарға жауап береді. Ол сұрақтарды басқа екі топқа қойып бөліседі.және шығармада кездескен көне сөздерді(ең азы үшеу) теріп жазып, мағынасын ашады.

ІІІ- топқа Балық қаңқасы әдісі арқылы Шығарманың оқулықта берілген үзіндісін талдау.

шығармадағы мәселе( проблемалық сұрақ)

себептері

дәлелдері

қортындысы

Бағалау. Топ іші бағалау (топтарды ауызша бағалау). (3 минут)

Аты-жөні:

Мәтіннен алынған үзіндіні түсінеді

Өз көзқарасын дәлелдей алады

Үзінділерде дәлелдеуді қолданады







Үш топқа бірдей тапсырма «жүгіру диктанты» 5 минут алдын ала шығарып дайындалған ,сыныптың төрт бұрышына жапсырылған парақтағы текст белгіленген уақыт жазып үлгергенше жазады.(оқушылар кезектесіп жазады, бірінен соң бірі барып оқып келіп, партада отырған оқушыға айту керек)

Топтық жұмыстарға 10 минут уақыт беріледі. және оны басқа топтың алдында шығып қорғайды

Бекіту бөлімінде барылқ топтарға бірдей

І-тапсырма. «Әдебиет лотосы» әдісі арқылы шығарма кейіпкерлеріне талдау жасаңдар.Талдау барысында нақты дәлел келтіріп, кейіпкерлердің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ашыңдар.(5 минут)

Әңгімеден үзінді

Қай кейіпкердің сөзі

менің кейіпкерге көзқарасым

«Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»



«Eкі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар»



«Cөзім-сөз.Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым»



«Aпырым-ай, осы мал жарықтық күйге елтитіні болады деуші еді...»



Кім біледі... бұйыртқаны осы болар»



Аһ, сабазың, шыңыраудан суырып шығарды-ау!





ІІ- тапсырма«Төрт жолды өлең» әдісі (5 минут)

зат есім қыз

сын есім (екеу)

етістік (үшеу)

тақырыптың мағынасын ашатын төрт сөзден тұратын сөйлем.



рефлекция «Байланыс шеңбері» (3 минут)

сабақ бойынша мына сұрақтар бойынша

жауап жазып дайындаған стикерлерін слайдтағы шеңбер ішіне жапсырады.

Кері байланыс. Ашық микрофон (2 минут)

Оқушы сабақ туралы болсын, тілек болсын сыныптастарымен бөліседі.







Сабақтың соңы

үйге тапсырма басқа бір күйдың яғни «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихын іздеп,оны осы оқыған «күй аңызы» күйінің шығу тарихымен дәптерге жазып келіңдер.(2 минут)



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Мұғалімнің кері байланысы арқылы бағалау. Оқушылар критерийлер арқылы бір-бірін бағалайды.

Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану. Интерактивті тақтаны мөлшерлі пайдалану.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ барысында жүзеге асырылған ОМ нақты ашылды. Оқушылардың ой-өрісі пікірлерін кері байланыс арқылы сабақтағы қол жетімді тапсырмалардың орындалғанын және келесі сабақ жоспарын түзгенде мәтінмен дереккөздердің көп беруге оны талдау арқылы сыныптық жұмыстардың деңгейін бақылауды жоспарлап алдым. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек.



Ауытқулар олар тек білгендерін ұзақ мәлімдеуі. Себебі тұжырым жасауы ұзақ, және оқушыны айтылым үстінде үзіп тастау мүмкін емес.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!