Ашық сабақ "Күй аңызы" әңгімесі 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Күй аңызы" әңгімесі 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға тәжірибе алмасу үшін, ҚМЖ -ды құра білу үшін, дескриптор, кері байланыстарды құрастыра білу түрлері, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер және қазақ тілінің ұлт мәдениетінің негізі, рухани өзегі екенін жете түсінуге жан - жақты бағдар беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚМЖ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Махаббат және абырой

«Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы

бар № 21 орта мектеп»КММ

Күні: 05.04.


Сынып: 8 «б»

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

«Күй аңызы» әңгімесі

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Заманауи тұрғыда баға береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Бағалау критерийі

* Берілген сұрақтарға жауап береді.

* Заманауи тұрғыда баға береді.

* көркемдік тілін ашады.

Тілдік мақсат

Пәндік лексика мен терминология:

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Ойымды қорыта келе:

Құндылықтарға баулу

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапты азаматтық позиция;

Өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, жартылыстану


АКТ қолдану

Интербелсенді тақта

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Т.Ахтанов кім?


Сабақтың барысы


Сабақтың жопарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

Көңіл күй ахуалы

3 минут

Топқа бөлу

2 минут

Оқушылардың сабаққа дайындығы.

Психологиялық ахуал тудыру. Бір партада отырған әр жұп келесі партадағы екі жұпқа «Көршің қандай?» деген сұрақ қою арқылы әркім өз көршісін мақтайды.Ал өз көршісіне жақсы тілектер айтады.

Слайд

интернет желісі




Сабақтың ортасы

15 минут












Оқушыларды топқа бөлу, берілген тапсырмаларды орындату.

1-топ. Сюжеттің басталуы – екі салт атты Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.

2-топ. Оқиғаның дамуы – Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.

3-топ. Оқиғаның шиеленісуі – Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы. үй иесінің өтініші.

4-топ. Оқиғаның шарықтау шегі – Жаңа күйдің пайда болуы. нардың иіп, сүт шығуы

5-топ. Оқиғаның шешімі - Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі. “Нар идірген” күйінің өмірге келуі.



Топтық жұмыс. Күй тыңдату.

«Суреттер сөйлейді» тәсілі

Берілген суреттердің шығарма идеясымен байланысы қандай?

шығарма идеясы берілетін жолдар

шығарма пафосы берілген жолдар

күй құдіреті суреттелетін жолдар




жеке пікірім

жеке пікірім

жеке пікірім




Дескриптор: берілген суреттердің шығарма идеясы мен пафосына байланысын анықтайды. Қазақ халқы өміріндегі күйдің алатын орнына талдау жасайды.

  1. Неліктен «қазақ пен күй егіз» делінеді?

  2. Күй мен қиялдың қандай байланысы бар?

  3. Адам жаны мен жануар сезімін оятатын күйде қандай күш бар?

Дескриптор.

* Берілген сұрақтарға жауап береді.

* Заманауи тұрғыда баға береді.

* көркемдік тілін ашады.

ҚБ Оқушы бір-бірінің жұмысына кері байланыс орнатады.

ҚБ. Бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.



Пролог – көркем шығарманың оқиға мазмұны мен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарманың идеясын дұрыс түсіндіру, мәнін ашу мақсатында қолданылады. Прологтың кіріспеден айырмашылығы онда сюжеттік құрылым, көркемдік нақыш басым болады.

Эпилог көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да, авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлерінің жайынан қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекетінің жалғасын көрсетеді.

Пафос грек тілінен аударғанда сезім, құмарлық, құлшыныс, құштарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Көркем шығарманың идеясы мен пафос тығыз байланысты ұғым, осы арқылы қаламгердің шабыты, сезімі, ерекше көңіл-күйлері танылады.







Үлестірме кеспе қағаздар



Оқулық



Саралау 15 мин

Саралау. Тақырып бойынша ақынның 1 өлеңін талдап береді.

Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме береді.

Берілген сұрақтарға жауап береді.



Сабақтың соңы

Рефлексия:5 минут

Рефлексия. «Баспалдақ» әдісі. 1-баспалдақ: Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? 2-баспалдақ. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза еттім? 3- баспалдақ. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Дәптерге жазу

Қосымша ақпарат





Саралау – оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасын сақтау

Оқушыға мейлінше қолдау көрсету- сабақ кезеңіндегі қалыптастырушы бағалауда көрініс табады.Оқушының жауабын жақсы жағынан мадақтап, «жарайсың», «өте дұрыс» сөздерімен қолдау көрсету арқылы ішкі уәжін өсіремін.Қабілетті балалар саралау әдісінде көрінеді.

Қалыптастырушы бағалау сабақтың басынан аяғына дейін жүзеге асып отырды.

Оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі, топтарды бағалады.

Оқушының сабақтағы жұмысын бағалау парағы:

Сабақтың басында оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтемін.




Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. Бір-бірін тыңдай білді, ойларымен бөлісті, жұптық, топтық, жеке жұмыс болды. Жоспарланған саралаудағы тапсырма ойымдағылай жүзеге асты.


Қорытынды бағалау



Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. Сабақ жоспарын құрғанда --------------- әдісі тиімді болды.

2. ҚБ т-да топтардың бір-бірін бағалауы.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Оқушының ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған күрделі тапсырмалар беру.

2.


Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу

Мінездеу - кейіпкердің мінез бітімі, көркем образдың өзегі, негізгі арқауы.

Тура мінездеу автордың суреттеуі,

жанама мінездеу басқа кейіпкердің көзқарасы, қатынасы, көңіл күйін суреттеу, монолог, диалогтарда т.б. мінез-сырлары ашылады.

Ж.

Оқушылар аудио кітаптан немес оқулықтан оқу арқылы берілген кестені толтырады.



Кейіп-керлер

тура мінездеу

жанама мінездеу

мен таныған кейіпкер- сипаты


автор

Кейіп-керлер монологі


Жаңыл




Естемес




Оразым-бет




Дескриптор:

- кейіпкерлерді автордың суреттеуін табады; кейіпкерлер монологі арқылы берілген мінездемелерді табады;

-осы мінездеулер арқылы кейіпкерлерді сипаттайды, бойларындағы асыл қасиеттерді анықтайды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2019
6743
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі