Материалдар / Ашық сабақ Лира Қоныс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Лира Қоныс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ беретін мұғалімдерге арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
854
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ:

Қазақ әдебиеті

12.04.2021 ж

Оқу орны:

Жаңатас көпсалалы колледжі

Күні: 19.04.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Оразалиева А.

Топ: 03 – 20

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Лира Қоныс

«Тиын» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

  • көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау.

Сабақтың мақсаты

Барлық білімгер орындай алады: Лира Қоныстың шығармашылығы, «Тиын» әңгімесінің мазмұнын біледі.

Білімгерлердің көпшілігі орындай алады: Әдеби шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады.

Кейбір білімгерлер орындай алады: Шығарманы талдау барысында өзіндік сыни көзқарасын өмірмен байланысты білдіре алады.

Бағалау критерийі

  • Мәтінді оқи отырып, идеясын табады.

  • Шығарманың сюжетін анықтайды.

  • Композициялық құрылымын талдайды.

Тілдік мақсат

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«Менің ойымша,.. Менің байқағаным.... Мен ойлаймын...»

Талқылауға арналған сұрақтар: «Бала тағдырына кім кінәлі?», «Мейірімсіздік дегеніміз не?», «Қазіргі замандағы отбасы проблемасы».

Құндылықтарға баулу

Мейірімділік, отбасы тұтастығы, заман тыныштығы

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі. Көркем әдебиет

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Б.Мұқай «Өмірзая» романы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы









Сабақтың ортасы












І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу

ІІ. Үй тапсырмасы

«Зымыран сұрақтар» арқылы бекіту

Өзінің ойын көркемдеп, керекті мәліметтермен толықтыра сөйлеген оқушыларға «ЖАРАЙСЫҢ», «КЕРЕМЕТ» деген марапат сөздер тағылады.

ІІІ.Жаңа сабақ

«Миға шабуыл» әдісі

Жас қаламгер, прозаик, журналист Лира Қоныс Бөкейханқызы 1981 жылы Ордабасы өңірінде дүниеге келген.

Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінің Шығыстану факультетін бітірген.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы.

Тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" стипендиясының иегері. Республикалық «Дала мен Қала» газетінде қызмет атқарған.

«Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты прозалық жинақтардың авторы.

Л.Қоныс шығармашылығы әдеби ортада көп пікір тудырып келеді, туындыларының философиялық астары бар Жазу стилі ерекше Лираның әңгімелерін жапон жазушыларының будда ағымымен жазу сарынын еске түсіреді деуге болады.. Кербез, махаббатқа адал, қиялдары жүйрік, сезімдері сұлу келген кейіпкерлері кез-келгеннің көңілінен шыға бермейді.

Оқиғаның өрбуі де, шарықтау шегі де өз деңгейінде жазылған қысқа әрі тартымды новеллалар жазған. Новеллалары бірде түсініксіз аяқталса, бірде қызық аяқталады. Бірде күлкілі аяқталса, бірде оқырманын ойға батырып аяқталады. Қыз сезімінен сыр шертетін: «Менің Аяным», «Мумуния кафесінде», «Қоштасу», «Сәтсіздіктегі сезімдер» новеллаларын оқыған жанның жүрегіне жол табатын соны туындылар деуге болады.

Мистикалық таным желісімен жазылып шыққан «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты роман кітаптың авторы.Бұл шығарма жайлы оқырмандар әр түрлі пікір білдіруде. Жалпы тілі жеңіл, оралымы оңай, оқиғасы ойға жетелейтін кітап «Келіншектал», «Алма ағашының құдайы», «Әже», «Құлпынай қосылған балмұздақ», «Жаңбырлы күні», «Ажал екінші рет қашан қайта айналып соғар екен?..», «Қош, Күнекей!», «Құлпынай қосылған балмұздақ 2», «Уақыт», «Уақыт 2», «Су перісінің зираты», «Махаббат туралы роман», «Сәкө, су және Андерсеннің ертегісі», «Отыз үш тал раушан», «Мамыр айының тоғызы» деген бірнеше шағын тақырыптардан тұрады.

Жас қаламгердің «Ізгілікті іздеу теориясы» атты кітабын Әкім Ысқақ шығармашылығына арналған әдеби зерттеуге жатқызуға болады. Ә.Ысқақтың Ата Заңымыздың аяғынан тік тұруына, қазақы жолмен қадам басуына жасаған ықпалдарына, психологиялық-пәлсапалық саладағы туындылары мен балалар әдебиетіне қатысты дүниелеріне жеке-жеке тоқталып, талдау жасалған. Оған ғылыми тұрғыдан баға беріп, әдеби зерттеу жүргізген. Әкім Ысқақтың пәлсапалық-психологиялық туындыларына талдау жасалып, жазушының сатирасы сарапталған. «Жусан иісті жыр» деген тарауда қаламгердің ақындық қырын шебер суреттеп, биік баға берген. Сондай-ақ «Гүл қауызындағы тамшы», «Жан жаңбыры» сияқты кітаптарына талдау жасалған.

Шығармалары:

Қоныс Л. Бала ғашық: әңгіме / Л.Қоныс // Жас толқын. Жинақ. Проза. 1-кітап / құраст. Н.Байсақалова. – Алматы, 2005. - 170-179 б.

Қоныс Л. Құрқылтайдың ұясы: проза / Л.Қоныс // Жалын. – 2004. - №10. – 111-117 б.

Қоныс Л. №11 бөлме...:[әңгіме] / Л.Қоныс // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 27 қаңтар (№4). – 8 б. – (Жас қалам,№1).

Қоныс Л. Тиын: әңгіме / Л.Қоныс // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 13 қаңтар (№2) – 9б.

Қоныс, Л. Мәңгілік сағыныш [Мәтін] / Л. Қоныс. - Алматы : Жалын, 2009. - 157 б. - (Жас толқын).

Қоныс, Л. Ізгілікті іздеу теориясы [Мәтін] : әдеби зерттеу / Л. Қоныс. - Астана : Фолиант, 2010. - 174 б. –

Қоныс, Л. Б. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ балалар лирикасы (1991-2005) [Мәтін] : автореферат / Л. Б. Қоныс. - 2010. - 29 б.

Қоныс, Л. №11-бөлме... [Мәтін] : [әңгіме] / Л. Қоныс // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 27 қаңтар(№4). - 8  б.

Қоныс, Л. Тиын [Мәтін] : әңгіме / Л. Қоныс // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 13 қаңтар(№2). - 9  б.


ІҮ. Бекіту

Әңгіменің аудионұсқасын тыңдайық

https://adebiportal.kz/kz/multimedia/audio/lira_konis_tiin__293#menu

Топтық жұмыс

1-топ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясы

2-топ. Композициялық жоспар құру

3-топ. Кейіпкерлер жүйесіне талдау

Жұптық жұмыс

Әңгімедегі кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

Жеке жұмыс

Баланың ішкі ой-сезімдері арқылы баланың психологиялық портретін жаса

Ү. Қорытынды

Пікірталас

Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау

Баланың өліміне кім кінәлі?

«Каhoot» арқылы

шағын тест тапсыру

Сәлемдесу



Тексеру, сұрау, бағалау.








Жаңа сабақ түсіндіру




















































































Автордың шығармаларымен таныстыру






































Терминдерге анықтама беру








Дескриптор:

  • Әңгімені көз жүгіртіп оқып шығады;

  • Автор бейнесін кейіпкерлер қарым – қатынасының тілдік көрінісін талдау арқылы ашады;

  • Ерекше тілдік қолданыстарды анықтайды


Дескриптор:

  • Көркем шығарманы талдай алады;

  • Қазіргі заманмен салыстырып, бағалай алады




































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!