Материалдар / Ашық сабақ "М әріпі мен дыбысы " даярлық сыныбы

Ашық сабақ "М әріпі мен дыбысы " даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды "М әріпімен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
885
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін:

Білім беру саласы: ҚатынасСыныбы: 0 «а»Тәрбиеші:М.Н.ДияроваБөлімі: Сауат ашуТақырыбы: «Мм» дыбысы мен әріпіМақсаты: М дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайты. Дидактикалық ойындарды ойнатып, баланың ойлау қабілетін, қиялдарын, зейіндерін дамыту. Әдемі - көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауапКөрнекіліктер: Слайд, кеспе әріптер, таяқшалар, суреттер, дыбыстық талдауға арналған дөңгелектер.Билингвалдық компонент: Мысық - кошка, май - масло, маса - комар

Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық



Қане, шеңбер бойына тұрып, бүгінгі күнмен сәлемдесейік.Мен қандаймын, қандаймынШұғылалы таңдаймынКүлімдеген таңдаймынРенжуді білмеймінҚуанасың сенде Қуанамын менде Қуанайық достарымАрайлап атқан күнге

Балалар шеңберге тұрып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасап айтады
Ұйымдастырушы-ізденушілік

- Балалар, біз өткен оқу іс - әрекетінде қандай дыбыспен таныстық?- Ол қандай дыбыспен таныстық?- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді?- Қандай сөздермен таныстық?- Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табамыз ба?





Қ дыбысыменДауыссыз дыбыс











Көк түспен-Қобыз, қоян, сырмақ, қасық т.б



























































































































































Рефлексивті коррекциялаушы
- Олай болса мұқият тыңдаңдар.Мұртын сипап тіліменБетін сусыз жуадыТышқанды аңдып түніменКөзі оттай жанады. (Мысық)- Дұрыс балалар, мысық.Мысық сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?Олай болса, бүгін біз «М» дыбысымен танысамыз.Ғажайып сәт: (балалар таңдана қарайды)Ой балалар, бір жылаған дауыс естіледі. Ол ненің дауысы? Қай жақтан шығады?- Қане, көрейікші, ол кім екен?Ой балалар, мынау мысық қой.- Мысық саған не болды, неге жылайсың?Мысық:- Мақта қыз менің құйрығымды жұлып алды, бер десем бермейді.Осы кезде «Мақта қыз» кіріп келеді.- Мақта қыз мысықтың құйрығын неге бермейсің? Әне көрмейсің бе мысық жылап тұр ғой.Мақта қыз:- Мысық менің қатығымды төгіп тастады,сондықтан мен оның құйрығын жұлып алдым.- Балалар, мен сендерге бірнеше тапсырмалар алып келдім, осы тапсырмаларды жақсы орындасаңдар, мен мысықтың құйрығын қайтарып беремін.- Балалар, Мақта қыздың тапсырмаларын орындайсыңдар ма?- Тапсырмаларды орындау арқылы Мақта қыз бен мысықты татуластырайық.Мақта қыз, Мысық бізбен бірге отырып, біздің балалардың білімдерін тамашалаңдар.- Балалар, мына слайдқа назар аударайықшы.- Балалар слайдтан не көрдіңдер?- Кәне Мысықтың дауысын салайық?-«Мияу» деген сөзде «М» дыбысы сөздің қай жағында келіп тұр?- «М» дыбысы қандай дыбыс?- «М» дыбысын атайықшы, қалай айтылып тұр?- М..., М..., М...- Дұрыс балалар, «М» дыбысынан келетін қандай сөздер бар ?- Жарайсыңдар балалар. Сергіту сәті: Бейнетаспа арқалы жасау.

«мысық» сөзін буынға бөлейік.- Неше буын бар?-Жарайсыңдар балалар.1 - тапсырма: «М» дыбысы неге ұқсайды?Түйе өркешіне қарайық,Ұқсайды оған қай әріп?Әткеншекке қарашы,Қай әріппе ұқсайды?- М дыбысы неге ұқсайды екен?



2 - тапсырма: «Сиқырлы сандық»Әрбір суреттің атауынан «М» дыбысын тап және оның қай сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты әрбір сөзді сандыққа сал. «М»дыбысы бар сөздің басында келсе, 1 - ші сандыққа саламыз. Сөздің ортасында келсе, 2 - ші сандыққа, сөздің соңында келсе, 3 - ші сандыққа саламыз.

Сөздер жазу: Енді балалар алдарыңдағы кеспе аріптермен мол, мал, мата деген сөздерді жазайық.- Дұрыс балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар.3 - тапсырма:«М»әріпін жазуды үйренейік»Олар бас әріп және кіші әріпке бөлінеді. Балаларға «М» әріпінің жазылу жолдарын бейнетаспадан көрсету. «М» әріпін ауада жазу. Дәптерді ашып, «М» әріпін жазуды ұсыну.(Балалар «М» әріпін дәптерге жазады)Дидак ойын: «Сөз ойла, тез ойла»Ойын шарты: Допты лақтыру арқылы бүгінгі танысқан «М» дыбысына байланысты сөздер тауып айту керек.(Допты лақтырып, «М» дыбысына байланысты сөздер айтады)4-тапсырма: - Ал, енді балалар, «М» әріпін мына таяқшалардан құрастырайықшы. -«М» әріпін тағы да неден жасауға болады?Мына алдарыңда тұрған қамырды пайдалана отырып, «М» әріпін мүсіндейік. Мүсіндеп болған соң көк түсті бояумен бояуды ұсыну. 5 - тапсырма:Суреттерді мұқият қарап, құрамында «М» дыбысы бар суреттерді көрсету. Мыс: мақта, моншақ, қоян, мата, лақ, гүл, қалам,машина.











- Жарайсыңдар балалар, сендер тапқыр екенсіңдер.Мақта қызды шығарып салу- Рахмет саған Мақта қыз, дайындап әкелген тапсырмаларың өте қызықты екен.Мақта қыз:- Балалар, сендер қандай кереметсіңдер, мен әкелген барлық тапсырмаларды орындай білдіңдер, тапқыр, білімді екенсіңдер. Сендерге көп - көп рахмет айтамын. Мен енді Мысықтың құйрығын қайтарып берейін. Сау болыңдар балалар.- Балалар, біз мысыққа көмектестік пе?- Қалай көмектестік?қандай дыбыспен таныстық?- «М» дыбысы қандай дыбыс?- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді? - Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.












М дыбысынан басталып тұр.





























Иә орындаймыз







































































































Күтілетін нәтиже:Білу керек: «М» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, дыбысты айту барысында тамақтарында діріл пайда болатынын, оның үні бар дыбыс екенін;Талаптанды: Қоршаған ортаның алуын түрлілігін, әдемілікті сақтай білуді;Жасай алады: «М» әрпін танып, көрсете білуді



































«Жаңақала мектеп-гимназия»

















Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті«М дыбысы және әріп»мектепалды даярлық тобы













Өткізген: М.Н.Диярова

















2016-2017ж





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ