Материалдар / Ашық сабақ М. Мағауиннің "Шақан шері" романы. Сары құмның шапқыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ М. Мағауиннің "Шақан шері" романы. Сары құмның шапқыны

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып мұғалімдеріне арналған, ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2020
25879
67 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: М. Мәметова ЖОМ

Күні: 28.01.2020 ж

Мұғалімнің аты-жөні:Ж. Бейсебаева

Сынып: 10 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Аңызбен өрілген көркем сөз

Сабақтың тақырыбы

М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Сары құмның шапқыны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 

10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Көркем шығармадағы кейіпкерлер образын таба отырып, шығарманың идеясын өмірмен байланыстырады

Оқушылардың басым бөлігі: Шығармадағы Шақан-шері образын жинақтай отырып, даралайды. Авторлық идеяның өмірмен байланысын айқындайды

Оқушылардың кейбірі: Романдағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап, даралап, образдарды ашуға дәйексөздер қолданады, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындай отырып, мысалдар келтіреді. Өз ойын еркін жеткізеді

Бағалау критерийлері

1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 

2. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің білетінім...

Менің ойымша...

Екінші жағынан...

Мен ол мәселені мына жағынан қарастырғанды дұрыс көремін...

Менің пайымдауым бойынша...

Осыған дейін меңгерілген білім

Өз сөздік қорларын дамытады және грамматика мен пунктуация аспектілерін жақсартады. Оқушылар бұл бөлімге өздерінің шынайы өмірдегі, мәдениет және өркениет жөніндегі мағлұматтарын ортаға салады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы


Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сыныптың тазалығын, реттілігін қадағалау. Оқу құралдарын тексеру.

Топқа бөлу: «Жалғасын тап» әдісі. Қима қағаздағы мақал-мәтелдерді құрастырып, жалғастырады. Құралдар мақалды оқып, мағынасын түсіндіреді.

Қызығушылықты ояту

«Буриме» әдісі арқылы 3 топқа аяқталмаған өлең жолдары беріледі. Оқушылар өлеңдерді құрастырып, жалғастырады.

Өткен сабаққа шолу жасау:

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

«Алты неліктен?» әдісі арқылы жеке жұмыс жасау

  1. Неліктен шығарма «Шақан-шері» деп аталады?

  2. Неліктен Шақан жолбарыспен шайқасады?

  3. Неліктен Шақан қарапайымнан жауызға айналды?

  4. Неліктен Атабек Меңсұлуды Шақанға бергісі келді?

  5. Неліктен романды «Көксерек» әңгімесімен мазмұндас дейміз?

  6. Неліктен Шақанды «Шерлі Шақан» деп атады?

Дескриптор:

1 . Сұрақтарға толық жауап береді

2. Өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізеді

Қалыптастырушы бағалау: «Смайлик» әдісі





Қима қағаздар



А4 формат, фломастер



Сабақтың ортасы


Ойлау дағдыларының деңгейі: Талдау

Топтық жұмыс. Графикалық органайзер

«Кейіпкер портреті» әдісі

1-топ: Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.

Кейіпкер

Тура мінездеу

Жанама мінездеу

Шақан



Ажар



Меңсұлу



2-топ: «Венн диаграммасы». Шақан мен Құрмаш образын салыстырады

Шақан

Ортақ қасиеті

Құрмаш




3-топ: «FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F (дерек) – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I (пікір) – кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;

L (сұрақ) – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;

A (іс-әрекет) – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет








Дескриптор:

  • шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинақтайды;

  • кейіпкер туралы өзінің ой-пікірін айтады;

  • кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды;

автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілін табады.

Қалыптастырушы бағалау: «Отшашу» әдісі

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жинақтау

«1 минуттағы ой» стратегиясы.

(Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады немесе бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түссе соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды соны түсіндіреді. Егер де оқушылардың сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа не қатысы бар екенін дәлелдеп береді) Осы стратегия арқылы сабақтан алған білімдерін қорытындылайды

Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер» әдісі




Плакат

Фломастер



















































Қима қағаз

қалам

Сабақтың соңы



Бағалау





Кері байланыс

Кері байланыс: «Ойды аяқта» әдісі

Плакат

Стикер

Қосымша ақпарат

Саралау – «1 минуттағы ой» стратегиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін саралаймын. Шығарманы толық меңгерген бала тақырыпқа сәйкес өз ойын жазып, жеке жұмыс жасайды

Бағалау – смайликтер мен ауызша марапаттап отырамын

Пəнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы.

АКТ-мен байланыс: РРТ Құндылықтармен байланыс: білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды

ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Тексерілді:




«ШАҚАН ШЕРІ» немесе аңшылық әдебиет бізге қаншалықты қажет

 Әдеби әлем 02.10.2017 0 2,378 рет оқылды

«Жолбарыс аулау – қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері. Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген үйде найза ұстар ұл тумайды деген бабаларымыз. Ол заманда ұзын аққан Сыр-Дария, қамысы қалың Шу бойы қаптаған жыртқыш екен. Ал Іленің етегінде жапырлап жүрсе керек. Жолбарыс – ерекше киелі мақұлық. Бағзы бір кезде тәуіптер сүйегін ұнтап дәрі жасайтын, етін қақтап, өтін кептіріп, майын шыжғырып, ұма безі мен қамшысына дейін кәдеге асыратын. Бұл шеріде диюдің күші, жынның жылдамдығы бар…»

Бұл үзінді қазақтың ұлы жазушыларының бірегейі Мұхтар Мағауиннің «Шақан Шері» романынан алынған. Иә, қазақ даласында бұрында жолбарыс та, аң патшасы арыстан да мол болған деседі. Жолбарыстар арыстанның айбатына қарамай, оларды жерімізден айдап тастаған. Жолбарыстың пысы өте күшті, ақырған даусын естігенде адамның төбе құйқасы шымырлайды екен.

Шығармада ең алдымен, жолбарыс, адам жейтін сойқан ретінде көрсетіледі. Ал бұдан кейін оқиға тұла бойын кек пен ыза кернеген адам баласының жолбарыс тұқымын құрту мақсатын алға қоюымен өрби түседі. Шығармада қазақы аңшылық дәстүрдің сан қыры мен жолбарыс тектілігі анық баяндалады. Адамға өздігінен тиіспейтін жыртқыштың неліктен кішкене бала мен жас әйелді жегеніне жауап іздегенде, алдымыздан адамның қастығы шығады.

Қазақ аңшысы жануарда түйсік қана, ал адамда ақыл-ой бар, қандай жыртқыш болса да, адамзат баласынан ықпайтын, қаймықпайтын аң болмайды деген қағиданы ұстанған. Романда қазақтардың аң аулауда түрлі айла-тәсілді қолдана білгені ерекше айтылады. Ауға шыққанда киіз үй, күрке пішінінде керегелі тұзақ құрған немесе уланған жемтікті тастайтын болған, алайда жолбарыстың бір ерекшелігі, тек жолбарыс қапқан жемтік болмаса – өлекселерді жемейтіндігі. Қазақ аңшыларының тағы бір керемет қасиеті – аңдардың орналасу орнын, табиғат құбылыстарын алдын ала болжап, жел бағытының аңдарға қалай әсер ететінін, ауыл-аймақтың географиялық ортасын өте жақсы білуі. Және де жолбарыс аулауға шыққанда қаншыры мен арланын бірден ажыратып, жолбарыс дауысымен шақырып, алдап қолға түсірген. Басқа аңдар сияқты адам ізін басудан именуді білмейтін жолбарыс қана екендігін біздің қазақ ертеден-ақ білген.

Ал енді бұл әдеби шығармадағы аңшы психологиясына тоқталайық. Жан дегенде жалғыздарын өлтірген жолбарыс қайта келген түні ол әлі де қорқатын, тарғылмен бетпе-бет жеке айқасқа түсіп көрмепті. Ал сол түні, өз шаңырағында өзі атқан қорғасын оқ жыртқыштың сол жақ көзіне тиіп, құлақ шекесін қақырата тесіп өтті. Содан соң ақ балтамен жуан мойнынан басын шауып түсірді. Сосын артқы аяғын шапқанда, балтасы бірдеңеге тиіп кеткендей болып еді, қараса кәдімгі мылтық оғы екен. Артқы аяғында екі аяқтылар салған таңба қанша уақыт бойы жүрген? Бұрын ұсақ аңдарды аулап, азық қып жүрген Шақан әйелі мен баласының кегін арқалап, жолбарыс тұқымын құртуға деген ниеті туындаған осы күннен бастап, қу, әккі аңшыға айналады. Бұдан кейін Шақанның өшпенділік кернеген жүрегі мұздай қатып, кішкене әлсіз шөнжіктерді де қырып салып жүрді. Аңшы психологиясы орманда, түзде жүргенде жануарлар түйсігімен астасып, тығыз қарым-қатынас орнатты. Мысалы, әр жануардың дем алысынан, жүрісінен, ізінен қандай жағдайда болғанын, алда не болатынын болжап, біліп тұрады. Мысалы, қояндар әрлі-берлі қамсыз шапқылап жүрсе, жолбарыстың жақын маңда болмағаны, тарғыл шері жүрген жерге қасқырдың жақындамайтыны, қабандардың бейқам тірлігі жолбарыстың алыста екендігінен хабар беретіні, сауысқанның саңқылының қай жақтан шыққанына қарап, жыртқыштың қай тұста екенін білуге болатынын дәл бағамдай алатын. Және жолбарыстың от жағылған жерге келмейтінін де жақсы білген. Қақ алдынан төніп тұрған үлкен қатерден тайсалмай, жыртқыштың кеудесіне қанжар сұғуы Шақанның жолбарыс аулауда шыңдала түскендігін көрсетеді. Аңшы психологиясының аңшылыққа берілгені сонша, бірнеше жыл бойы адамдар көзінен тасаланып, адами ортадан оқшаулануы, түр-сипатының да жолбарысқа келіңкіреп, киген киімі де, кейде төрт аяқтап жүруі де, жыртқыштан аумай кетуі, жабайылануы – Шақанның әйелі мен баласының аруақтары алдында берген сертіне деген адалдығы болатын.

Кейінірек, басты кейіпкер аңшы Шақан кішкентай шөнжіктерді атпай, құйрығын шолақ етіп кесіп тастап кетіп жүрді. Алайда, олардың көбісі үлкен аңдарға жем болып немесе аштан қырылып қалды. Бір күні қыңсылап, жер бауырлап, аштықтан әлсіреген шөнжікті өзі аулаған құрмен әлдендіріп алды. Кейін мойнына қарғы салып, жанына ертіп жүрді. Біршама уақыт асырағаннан кейін, түз тағысы, есейгенде азуы ақсиған жолбарыс болады деп, бір жағынан атуға қимай, үлкен қабанмен алдап, адастырып кетеді. Бірнеше жылдан соң, Шақанның алдынан кезіккенде оны танып, оған еш тиіспестен өз жөніне кетуі – жолбарыстың аса текті жыртқыш екенін көрсетеді. Енесін өлтіріп, құйрығының жартысын кесіп тастап кеткен адамның жамандығын емес, жасаған азғана жақсылығын ұмытпаған хайуанды текті деуіміздің де жөні бар. Тағы бір айта кететіні, жолбарыстың қайсарлығы, табандылығы хақында. Ұрғашысының жалғызсырап, ақырғанын естіп келген жас арлан мен кәрі арлан арасындағы айқаста, жолбарыстың кері қайтпайтын ер мінезі, өліспей, беріспейтіндігі көрінеді. Қаншыр үшін айқаста, бірі өліп, бірі жеңіске жететінін біле тұра, қызыл ала қанға бөккенше алысады. Ақыры, біреуі сұлқ түсіп, мерт болады. Осыны тамашалап тұрған аңшының өзі, табиғаттың заңына таңдай қағып, жолбарыстарды шағылысқан уақытында өлтіруді обал санап, кейін шегінеді.

Шақан ғылым-білім үйренбеген, оқу оқымаған болғанымен, аталардың айтқанын, ел аузындағы аңыздарды жадында мұқият сақтаған. Шу, Іле бойын түгел кезіп шығып, Сырдарияның алқабындағы шөлмен жүріп өткен жолында солардың бәрін есіне түсіріп, бағытынан жаңылмады. Себебі, автор атап өтетіндей: «аңыздың айтқаны – ақиқат, ғылымның айтқаны – шындық». Мұнда тарихи ақиқат, уақыт шындығы жатыр. Аңыздарда келтірілген жер-су атаулары, суреттелетін тау, өзен, қырат, шөлейт жердің барлығы да шын кезігеді. Сондықтан аңшылық өнер жайы айтылатын романнан бірнеше аймақтың табиғаты, сол жерде тұрақтаған халық тұрмысы, дәл сол өңірде болған тарихи оқиғалар туралы ақпараттарға қанығамыз.

Жолбарыс тұқымын құрту жолында көп қиындық көрген соң, Шақан табиғат пен адамның арасындағы тепе-теңдікті бұзып, табиғи заңдылыққа қарсы келгендігін түсінеді. Әуелгіде оны ел-жұртынан айырып, ен далаға қуған жолбарыс емес, адам екенін ұғып, бір кектің артында түз тағысының тағдыры жатқандығына көзі жетеді. Оны романдағы мына бір үзіндіден көруге болады:

«Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді. Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болып байланған қорғасын оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді». Құба-мерген айтқан. Қара-батыр айтқан. Атабек Ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда, жалмауыз кек қуғаны ма?! Бір кісіден көрген жапасын бір адамға артқан. Жүрген ізін қанды соқпаққа айналдырған. Бұл да қазаға ұшырады. Қорғасын оқ емес, тас қайғы –

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!