Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ: Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы 10-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия |
Күні: 27.09.2018 Сыныбы: 10 «А» Пәні: қазақ әдебиеті Пән мұғалімі: Дүйсенбаева Айнұр Мирғалиқызы |
||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы |
||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша бұрын алған білімдерін жүйелеу, тереңдету, өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктерін ұғындыру |
||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар өз ойларын еркін айтады, өткенін саралайды, болашағын болжайды. Махамбет өлеңдеріндегі негізгі идея арқылы оқушылардың бойында отансүйгіштік, азаматтық парызды сезіну қасиеттері пайда болады. |
||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Қолдану, талдау. |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
|||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
||||||||||||||
Құндылықтарға баулу: |
Оқушы бойында асыл мұраны оқушылар бойына сіңіріп, ұлттық рухта тәрбиелеу, батырлықты, ерлікті дәріптеу. |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі және тарих |
||||||||||||||
Алдыңғы оқу: |
Эссе. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізу. |
||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||
Сабақ барысы |
|
|
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
|
|
|||||||||||||
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Топқа бөлу: Махамбет өлеңдері арқылы топқа бөлемін. 1-топ: Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде Еңіреп жүрген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Ерегіскен дұшпанға Қызыл сырлы жебе едім... 2-топ: Хан емессің, қасқырсың, Хас албасты басқырсың, Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын. Хан емессің, ылаңсың, Кара шұбар жылансың... 3-топ: Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қас болып, Қара ұлымен дос болып, Хан үстіне барғанда, Шабайық ханды деген де, Шапқандай ханды амал бар... 4-топ: Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қалға алмай, Еңку-еңку жер шалмай… Коңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терілігі майдай ерімей... Қызығушылығын ояту сатысы: «Махамбет пен Исатайдың – екеуінің де аңсаған арман, мұраты – елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі, бірлігі мен ынтымағы болатын. Бүгін соған мына біздер, Исатай мен Махамбеттің ұрпақтары жетіп отырмыз. Олай болса, Махамбет пен Исатайдың аруақтары алдында бас ие отырып, солар көрмей кеткен Тәуелсіздік туын тік ұстау – бабаларымыздың алдындағы парызымыз, бабаларымыздың алдындағы қарызымыз». Н.Ә. Назарбаев Елбасының Махамбет жайлы айтқан сөзін тірек ете отырып, жаңа сабақ тақырыбын анықтаймыз. |
|
|||||||||||||
Сабақтың ортасы: |
Үй тапсырмасын пысықтау: 4 топ бір-бірлеріне өткен тақырып бойынша ауызша сұрақтар қояды. Инсерт әдісі:
“Мені
түсін”
Тақырыпты ашу, постерге түсіру. 1-топ: Махамбет – ерлік пен елдіктің өшпес рухы (өмірінің өзі өнеге). 2-топ: Исатай – басшы, мен – қосшы... (көтеріліс жайлы қозғасақ) 3-топ: Өрбіттің өлең өнерін... (өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік ерекшелігі) 4-топ: Әдебиетте бейнең қалды ел сомдаған... (Махамбет әдеби және ғылыми еңбектерде) (Әр топқа қосымша материал беріледі, шығармашылық жұмысқа 10 минут)
Ақын шығармалары: 1-топ: Ел мен жер туралы өлеңдері «Нарын»,«Нарында», «Адыра қалған Нарынның», «Ұлы арман», «Абайламай айрылдым», «Мен Нарыннан кеткенмін», «Қызғыш құс», «Еділ үшін егестік», «Жайықтық бойы енді су», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны». 2-топ: Ерлік жырлары «Ереуіл атқа ер салмай» «Орай да борай қар жауса» «Тар қамау» , «Ұл туса», «Еділ үшін егестік», «Жайықтың бойы енді су», «Соғыс», «Атадан туған аруақты ер», «Беркініп садақ асынбай», «Біз ер едік», «Күмісті мылтық қолға алып», «Туған ұлдан не пайда», «Бағаналы терек жарылса» 3-топ: Исатай туралы өлеңдері «Мінгені Исатайдың Ақтабан -ай», «Исатай деген ағам бар», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Әй, Махамбет жолдасым», «Мұнар күн». 4-топ: Ақынның өз бейнесі жасалған өлеңдері «Менің атым Махамбет», «Мен тауда ойнаған қарт марал», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Сөйлесем даңқым аңқыған», «Қарағай шаптым шандоздап», «Еңселігі екі елі», «Жалғыздық» Күйлері «Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Ақтабан», «Шілтерлі терезе», «Тарлан» - барлығы 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза , шалқар күй» деген атпен күйтабаққа жазылған.
1803ж Дүниеге келді 1829ж Махамбет Ішкі Ордаға
Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Жәңгір ханның
үстемдігімен Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай
қамалды. ІІІ.Поэзия минуты («Мұнар күн» өлеңі экраннан тыңдалады.) Махамбеттің өлеңдерін оқушылар жатқа айтады. - Махамбетке қалам тартқан ақын-жазушылардың шығармаларымен де танысқан боларсыңдар. Сол жайында не айтар едіңдер? 1. Фариза Оңғарсынова «Алмас қылыш» 2.М.Шаханов «Нарынқұм трагедиясы» 3.Ығылман Шөреков «Исатай-Махамбет» Салыстыру:
VI. Қорытынды Махамбет - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы.Өзін есес, өзге жайын, ел қамын ғана ойлаған.Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп ылғи ғана «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі дәлірек айтқанда, біздің бүгінгі күніміз, азат қазақ мемлекетінің егемендігі. Олай болса, сабақты Махамбеттің мына өлең жолдарымен қорытындылағым келеді. Махамбеттің соңғы сөзі Керуен тірлік бөктерді де бойға азап, Бұлың-бұлың белдер асып шаршаған Бұл жалғаннан кетіп жатты қанша адам. Қазанына қожа болған жай қазақ, Екеуміз де “Егіз бе?” деп тамсанған. Үй тапсырмасын беру: «Жалынды ақын - Махамбет» тақырыбында эссе жазу. Дескриптор: - өз ойларын еркін жеткізеді;
Бағалау критерийі.
|
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Сабақтың соңында оқушылар:
3 негізгі ақпарат 2 маңызды факті 1 қорытынды
|
|
|||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
|