Материалдар / Ашық сабақ Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.“Ереуіл атқа ер салмай...” 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.“Ереуіл атқа ер салмай...” 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Махамбет Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, ақынның романтикалық шығармасына талдау жасау, өлеңнің тақырыбы мен идеясын және ерекшелігін түсіндіру. Ақынның патриоттық, реалистік, романтикалық тақырыптағы өлеңдерінің тарихпен байланысын ашу. Дамытушылық мақсаты: ақын поэзиясындағы өр рухты оқушы бойына қалыптастыру, шығармашылық ізденіске бағыттау және сөйлеу мәнерін, есте сақтауын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Шілде 2018
1183
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 10а

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.

Ереуіл атқа ер салмай...”

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Махамбет Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, ақынның романтикалық шығармасына талдау жасау, өлеңнің тақырыбы мен идеясын және ерекшелігін түсіндіру. Ақынның патриоттық, реалистік, романтикалық тақырыптағы өлеңдерінің тарихпен байланысын ашу.

Дамытушылық мақсаты: ақын поэзиясындағы өр рухты оқушы бойына қалыптастыру, шығармашылық ізденіске бағыттау және сөйлеу мәнерін, есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: компьютерлік технология арқылы өткізілген кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, шығармашылық тапсырмалар.

Пайдаланылатын көрнекіліктер: Махамбет Өтемісұлының өміріне қатысты суреттер, ақын-жазушылардың Махамбеттің шығармашылық жұмыстарына берген анықтамалары, бейнефильмдер, таспада жазылғын Махамбеттің өлеңдері, күйлері, Махамбет термелерін орындаушылар жайында дайындалған слайд материалдары.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, саз өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге не берілді, балалар?

-Қайталау

ІІ Жаңа сабақ.

1. Қызығушылықты ояту

Балалар, "С Ә Т Т І Л І К!" деген сөзде неше әріп бар?

Осы әрбір әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын-ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.
1 2 3 4 5 6 7 8
1.Сыйластық, сенім. 2.Әдептілік. 3.Тапқырлық. 4.Төзімділік,табандылық. 5.Ізеттілік. 6.Лайық. 7.Іскерлік. 8.Күштілік,
көмек.

-Ендеше мен сіздерге бүгінгі сабақта бір-біріне сыйластық танытып, ізеттілік көрсетіп, тапқырлы жауап қайтарып, бір-біріне көмектесуге шақыра отырып, сәттілік тілеймін.

Мына өлең жолдарына назар аударыңдар.

Жасырмай ойымды айттым талай, талай

Қайтейін кетті бәрі қарайламай.

... Айтарын ашып айтқан абайламай,

Дариға-ай Махамбеттер, Абайлар –ай! ...

М.Мақатаев жырлағандай

бүгінгі сабағымызда Асқақ рухты ақын жыры-көтеріліс айнасына айналған Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы және «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің шығу тарихы, құрылысына тоқталмақшымыз.

Сабағымыздың эпиграфы: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Махамбет – ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаматтық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп кеңірек дәріптеу керек” деген пікірін алып отырмыз.

Қазақ  халқы  талай  қиын  кезеңді талай басынан   кешірді. Елін, жерін көзінің  қарашығындай  қорғаған ,  оның  мүддесін ұшін  қабырғасы  қайысып , қасық  қаны  қалғанша  қорғауды мақсат  еткен  дара –тұлға  батырлары   болған.

Міне  осындай  көрнекі  өкілдердің  бірі-Махамбет  Өтемісұлы. Енді Махамбет  Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы жайында бейнероликке назар аударыңдар.

1.М. Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы жайында бейнеролик

Мұғалім: Махамбет еркіндікті, теңдікті аңсаған және жырлаған патриот ақын. Махамбет жырларын оқығанда тебіреніп, ақынмен бірге айқасқа кіргендей, жеңіс қуанышын, жеңіліс күйінішін бірге кешкендей боласың. Ақынның құдіретті сөзі күні бүгінге дейін сыры да, сыны да кеткен жоқ.

Махамбет –өлеңдерінде ұлт-азаттық идеяларын көтереді. Оның «Мұнар күн» , «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларынан көруге болады.

Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. «Мұнар күн» өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипаттайды. Исатай Махамбеттің жан жолдасы, серіктесі болды.

Махамбеттің  өлеңдерін, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылған. Ендеше ақынның "Мұнар күн" толғауы тыңдайық.

2. Бейнеролик "Мұнар күн"

М. Өтемісұлы ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушылардың бірі ғана емес, сонымен қатар ақын, , күйші композитор. Оның күйлері:(слайд)

3. Бейнеролик. Қазір "Жұмыр қылыш" күйін тыңдаймыз.

«Жұмыр-Қылыш» күйінің шығуы:

Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш  жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Ол  жақта Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырлармен кездесіп, жолдас  болады. Жасырынып жүрген, жанына екі батырды ерткен Махамбет Байбақты ауылда төрелерімен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Баймағамбет сұлтан  Махамбетті  ұстауға  әрекет жасайды. Сол кезде  Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан аман алып  кетеді. Махамбет осы  оқиғаға байланысты «Жұмыр – Қылыш» күйін екі батырға арнаған.

М.Өтемісұлының "Ереуіл атқа ер салмай" толғауына тоқталмақшымыз.

Ереуіл атқа ер салмай” өлеңі –ақынның патша әскерімен кезекті шайқаста кейін сарбаздарына рух беріп, намысын қайрау, ұлы мақсаттан айнымауға шақырған әйгілі туындысы. Ел үшін еңіреген ердің сипаты қандай болу керек, теңдік жолында қандай қиындықтарға төзу қажет, міне, осы жағдайларды ақын барынша өткір, шымбайға батыра толғаған.

4. Бейнеролик. "Ереуіл атқа ер салмай"

«Ереуіл атқа ер салмай» толғаулары көтерілістің алғашқы өрлеу тұстарын бейнелейді.1837 жылы қарашаның12-сінен 13-іне қараған күні Исатай мен Махамбет Жайықты жарыпөтіп, далаға қонады. Сол күні күн суық боран екен. Далаға қонған сарбаздардың көбі жылы үй, жұмсақ төсек, қызыл шайды аңсаған кезде Махамбет жолдастарын жұбату үшін осы өлеңін шығарған екен.

5. сөз тіркестеріне назар аударыңдар.

ереуіл ат ұзақ жортуға төзімді де шыдамды, мықты ат (скакун)

егеулі найза өткірленген, қайралған, егелген найза (острое копье)

еңку-еңку кедір-бұдыр, ойлы-қырлы жер- (неровная земля)

қу толағай түгі жоқ, тап-тақыр, жалаңаш жер -

темір қазық жастанбай қауіп-қатерге басын тігіп қиыншылық көрмей (опасность)

6. Мәтінмен жұмыс.

І топ. Қазақшасын оқиды.

ІІ топ. Орысшасын оқиды.

Балалар, өлеңнің құрылымы өте қысқа жазылған. Өлең мұңды да қайғылы, елін-жерін ойлаған ақынның ащы зары естіледі. Ақын шұбыртпалы ұйқаспен, мағыналы  ойлар бере отырып, сөз тіркестері арқылы,ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітпейтінін ашық айтады.

Өлең жолдарында ереуіл ат,егеулі найза,тебінгі жер,терлі май,алты малта ас, ат үстінде, өзегі талып,түн қатып, темір қазық, қу толағай сияқты сөз тіркестері бар.

Өлең 21 жолдан тұратын көп бағыныңқы бір-ақ сөйлемнен тұрады. Бір деммен оқылады.

Ереуіл атқа ер салмай, деген өлең жолында ұзақ жортуға арналған төзімді атсыз ерлердің ісі бітпейтіндігі жайлы көрсетеді. .

Еңку-еңку жер шалмай деген жолдарында «еңку-еңку»деген сөз барар жолдың алыстығын әрі ауырлығын жеткізеді.

Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ірімей

Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатынын , ал терлігінің майдай іріп, яғни, үгітіліп таусылатындай шаққа жету үшін қанша жаз бен қыс өтетінін айтады.

Өзіңнен туған жас бала, Сақалы шығып жат болмай- деген өлең жолында Баланың өзі шал болуы азаттық үшін күрестінің яғни бір ұрпақты қартайтатындай уақыттың өтетіні , алайда сенің оған шыдауың керек екенін баса айтады. Бұл- бостандыққа кететін уақыт.

Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық, шөл көрмей, Ер төсектен безінбей, Ұлы түске ұрынбайдеген жолдарда Көтерліске шығар болса, көретін азабын шынайы екендігі жырлап тұр.

Ерлердің ісі бітер ме?! — деген сөзді бір ауыз сөзбен айтқанда, елің егемен, халқың азат болмайынша «ерлердің ісі бітпейді» дейді ақын.

7. Постер қорғау

І топ. Намыстан от алған азамат, ақын

М.Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында туған. Шыққан тегі Беріш руынан. Әкесі Өтеміс Құлманиязұлы ауқатты, беделді би болған. Махамбет Қосуан есімді екінші әйелінен туылған.

Махамбеттін Нұрсұлтан, Сауғабай, Мырзағали, Шәкір деген балалары бар. Қазір ұрпақтары Башқұртстанда тұрады. М.Өтемісұлы өз туындыларының көпшілігін жан серігі Исататйға да арнап отырған. 1908 жылы  ең алғаш рет Махамбеттің өлеңдері Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымырқазы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген. Ақынның 80-ге жуық өлеңі бар. Мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген.

1846 жылы 20 қазанда Махамбет Баймағамбет сұлтанның тапсырмасымен алыс туысы, жолдасы қанішер Ықыластың қолынан қаза табады. Ақынның зираты Атырау облысының Махамбет ауданындағы Қараой өңіріне жерленді. Батырға 12 қабырғалы, ішінде 11 шумақты өлеңі жазылған мазар салды. Мазарды К.Демесін салды. Батырдың 200 жылдығын 2003жылы Юнеско көлемінде атап өтілді. Осы шараға орай кітап көрмесі ашылып, бірнеше күйлері оркестрге қосылды.Интернеттен Махамбет сайты ашылды.

ІІ топ. Ақынға құрмет

Махамбет Өтемісұлы –күрескер ақын, жаужүрек батыр, балкөмей жырау, шебер күйші. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, өз қоғамының идеялық күрескері.

Он бір күйі 1982 жылы «Шашақты Найза, Шалқар күй» деген атпен жарық көрген. Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қайтыс болған Атырау облысы, Индер ауылынан 40 шақырым жерде  кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Нотэль Шаяхметов ақынның  бет- бейнесін жасап шығарды. Махамбет өлеңдерін алғаш орыс тілінде сөйлеткен Анна Никольская. Ақын туралы «Қызыл жусан» фильмі бар.

Ресейдің «Выборг» кеме жасау зауыты Қазақстанның тапсырысы  бойынша «Махамбет» атты мұнай  құю танкерін жасап шығарып,  суға түсірді.

Махамбетті ақын ретінде тұңғыш танытқан- Жәңгір ханның немересі Шәңгерей Бөкеев. Шәңгерейдің көмегімен Ғұмар Қараш 1908-1910 жылы ақынның  «Ереуіл атқа ер салмай», өлеңін алғаш рет «Шайыр» жинағына жариялайды. Он бір күйі 1982 жылы «Шашақты Найза, Шалқар күй» деген атпен жарық көрген.

Алматылық көрнекті суретші Мадияр Ысқақов Махамбет ақынның суретін салған.Халық мұрасының жанашыры Мұстафа Ысмағұлов Махамбеттің домбырасын 1979жылы тауып алып, 1985 жылы халық аспаптар мұражайына тапсырды.

Жазба жұмысы. "Зерделеу" стартегиясы

І топ. Топтастыру. Мәтінен Ел қамын жеген ердің бейнесі"теріп жазыңдар.

Ереуіл атқа ер салады, егеулі найза қолына алады, , еңку- еңку жер шалады, ат үстінде күн көреді, ашаршылық шөл көреді, арып-ашып жол жүреді, темірқазық жастанады т.б.

ІІ топ. Биопоэма құрастыру

Зат есім (1сөз) Ақын

Сын есім (2сөз) Айбатты, дауылпаз

Етістік ( 3сөз) Жырлады, жазды, ойлады

Сөйлем (4сөз) Ақын ашына, зарлана жырлады.

Түйін сөз (5сөз) Махамбет Өтемісұлы дауылпаз, жауынгер ақын.

Топтастыру. Ұжымдық.

Сонымен М.Өтемісұлы кім?

Жалынды жыршы, дауылпаз ақын, жаужүрек батыр, шебер күйші.

Балкөмей жырау, күрескер ақын, шебер ұйымдастырушы, көтеріліс көсемі

Shape1 Shape2 Shape3

Махамбет Өтемісұлы

Shape4 Shape5

Shape6 Shape7

Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді.
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме,сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? деп, сабағымды аяқтағым кледі.

ІV. "Басбармақ" стратегиясы

V Бағалау

Үйге тапсырма

І топ. Намыстан от алған азамат, ақын

Әкесі Өтеміс Құлманиязұлы ауқатты, беделді би болған. Махамбет Қосуан есімді екінші әйелінен туылған.

Махамбеттін Нұрсұлтан, Сауғабай, Мырзағали, Шәкір деген балалары бар. Қазір ұрпақтары Башқұртстанда тұрады. М.Өтемісұлы өз туындыларының көпшілігін жан серігі Исататйға да арнап отырған. 1908 жылы  ең алғашқы өлеңдер жинағы Қазан қаласында жарық көрген. Ақынның 80-ге жуық өлеңі бар. Мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген.

1846 жылы 20 қазанда Махамбет Баймағамбет сұлтанның тапсырмасымен туысы әрі жолдасы Ықыластың қолынан қаза табады. Ақынның зираты Атырау облысының Махамбет ауданындағы Қараой өңіріне жерленді. Батырға 12 қабырғалы, ішінде 11 шумақты өлеңі жазылған мазар салды.

ІІ топ. Ақынға құрмет

Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілген. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Махамбет өлеңдерін алғаш орыс тілінде сөйлеткен Анна Никольская. Ақын туралы «Қызыл жусан» фильмі бар.

Махамбетті ақын ретінде тұңғыш танытқан- Жәңгір ханның немересі Шәңгерей Бөкеев. Шәңгерейдің көмегімен 1908-1910 жылы ақынның  «Ереуіл атқа ер салмай», өлеңін алғаш рет «Шайыр» жинағы болып шықты.

Он бір күйі 1982 жылы «Шашақты Найза, Шалқар күй» деген атпен жарық көрген.
Алматылық көрнекті суретші Мадияр Ысқақов Махамбет ақынның суретін салған
. Мұстафа Ысмағұлов Махамбеттің домбырасын 1979жылы тауып алып, 1985 жылы халық аспаптар мұражайына тапсырды.

Батырдың 200 жылдығы 2003жылы Юнеско көлемінде атап өтілді. Интернеттен Махамбет сайты ашылды.

І топ. Топтастыру. Мәтінен Ел қамын жеген ердің бейнесі"теріп жазыңдар.

Ереуіл атқа ер салады, егеулі найза қолына алады, , еңку- еңку жер шалады, ат үстінде күн көреді, ашаршылық шөл көреді, арып-ашып жол жүреді, темірқазық жастанады т.б.

ІІ топ. Биопоэма құрастыру

Зат есім (1сөз) Ақын

Сын есім (2сөз) Айбатты, дауылпаз

Етістік ( 3сөз) Жырлады, жазды, ойлады

Сөйлем (4сөз) Ақын ашына, зарлана жырлады.

Түйін сөз (5сөз) Махамбет Өтемісұлы дауылпаз, жауынгер ақын.

І топ. Топтастыру. Мәтінен Ел қамын жеген ердің бейнесі"теріп жазыңдар.

Ереуіл атқа ер салады, егеулі найза қолына алады, , еңку- еңку жер шалады, ат үстінде күн көреді, ашаршылық шөл көреді, арып-ашып жол жүреді, темірқазық жастанады т.б.

ІІ топ. Биопоэма құрастыру

Зат есім (1сөз) Ақын

Сын есім (2сөз) Айбатты, дауылпаз

Етістік ( 3сөз) Жырлады, жазды, ойлады

Сөйлем (4сөз) Ақын ашына, зарлана жырлады.

Түйін сөз (5сөз) Махамбет Өтемісұлы дауылпаз, жауынгер ақын.

І топ. Топтастыру. Мәтінен Ел қамын жеген ердің бейнесі"теріп жазыңдар.

Ереуіл атқа ер салады, егеулі найза қолына алады, , еңку- еңку жер шалады, ат үстінде күн көреді, ашаршылық шөл көреді, арып-ашып жол жүреді, темірқазық жастанады т.б.

ІІ топ. Биопоэма құрастыру

Зат есім (1сөз) Ақын

Сын есім (2сөз) Айбатты, дауылпаз

Етістік ( 3сөз) Жырлады, жазды, ойлады

Сөйлем (4сөз) Ақын ашына, зарлана жырлады.

Түйін сөз (5сөз) Махамбет Өтемісұлы дауылпаз, жауынгер ақын.

І топ. Топтастыру. Мәтінен Ел қамын жеген ердің бейнесі"теріп жазыңдар.

Ереуіл атқа ер салады, егеулі найза қолына алады, , еңку- еңку жер шалады, ат үстінде күн көреді, ашаршылық шөл көреді, арып-ашып жол жүреді, темірқазық жастанады т.б.

ІІ топ. Биопоэма құрастыру

Зат есім (1сөз) Ақын

Сын есім (2сөз) Айбатты, дауылпаз

Етістік ( 3сөз) Жырлады, жазды, ойлады

Сөйлем (4сөз) Ақын ашына, зарлана жырлады.

Түйін сөз (5сөз) Махамбет Өтемісұлы дауылпаз, жауынгер ақын.

І топ. Топтастыру. Мәтінен Ел қамын жеген ердің бейнесі"теріп жазыңдар.

Ереуіл атқа ер салады, егеулі найза қолына алады, , еңку- еңку жер шалады, ат үстінде күн көреді, ашаршылық шөл көреді, арып-ашып жол жүреді, темірқазық жастанады т.б.

ІІ топ. Биопоэма құрастыру

Зат есім (1сөз) Ақын

Сын есім (2сөз) Айбатты, дауылпаз

Етістік ( 3сөз) Жырлады, жазды, ойлады

Сөйлем (4сөз) Ақын ашына, зарлана жырлады.

Түйін сөз (5сөз) Махамбет Өтемісұлы дауылпаз, жауынгер ақын.

І топ. Топтастыру. Мәтінен Ел қамын жеген ердің бейнесі"теріп жазыңдар.

Ереуіл атқа ер салады, егеулі найза қолына алады, , еңку- еңку жер шалады, ат үстінде күн көреді, ашаршылық шөл көреді, арып-ашып жол жүреді, темірқазық жастанады т.б.

ІІ топ. Биопоэма құрастыру

Зат есім (1сөз) Ақын

Сын есім (2сөз) Айбатты, дауылпаз

Етістік ( 3сөз) Жырлады, жазды, ойлады

Сөйлем (4сөз) Ақын ашына, зарлана жырлады.

Түйін сөз (5сөз) Махамбет Өтемісұлы дауылпаз, жауынгер ақын.

Сонымен М.Өтемісұлы кім?

І топ. Жалынды жыршы, дауылпаз ақын, жаужүрек батыр, шебер күйші.

ІІ топ. Балкөмей жырау, күрескер ақын, шебер ұйымдастырушы, көтеріліс көсемі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!