Материалдар / Ашық сабақ "Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны" өлеңінің композициясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны" өлеңінің композициясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
2400
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп № 24 лицей

Сабақ тақырыбы «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінің композициясы

Күні: 02.12.2020 ж

Мұғалімнің есімі Курбанбаева Б.Х.

Сынып: 9 б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ мақсаттары:

9.2.1.1. эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау

Бағалау критерийлері:


Барлық оқушылар: Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдетіп, эпикалық, шығармалармен салыстыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі: өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын түсініп, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдай алады.

Кейбір оқушылар: шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдай алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым

Арнайы пәндік лексика мен терминология: қиянат-зорлық, зомбылық, әділетсіздік, дауылпаз ақын, азаттық,бостандықтың жаршысы

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер мен фразалар: «Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі» қашан болды? Баймағамбет сұлтан қандай адам? Өлеңнің композиялық құрылымы қандай?

Талқылауға арналған сұрақтар: көтерілістің негізгі қозғаушы күші не? Ресей халқының қазақ даласына қоныстануының пайдасы болды ма? Махамбет шығармашылығы? т.б

Құндылықтарды дамыту

Оқушылар сабақ барысында Махамбет Өтемісұлы туралы тапсырмаларды орындау арқылы кейіпкер бойындағы тапқырлық, әділдік, қайсарлық, батырлық, Отанға деген сүйіспеншілік, сөз құдіретін түсіну сияқты қасиеттерді бойларына сіңіреді.

Пәнаралық байланыстар

Математика, тарих ,география, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламатордан іздеп,тапқан қосымша ақпараттарымен бөліседі

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

«Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны» өлеңінің стилі

Сабақтың түрі

Қорытынды сабақ

Бағалау:

Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін, қосымша сұрақтар қойып бағаны өзім қоямын.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған тапсырмалар


Ресурстар


Басталуы

5 мин























Ортасы

20 мин

Сабақтың эпиграфы

Махамбет сөзінің қайталанбас құдіреті дейтініміз – оның өлеңінің әр буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ. Онын өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан. Махамбет мұндай теңдесі жоқ тарлан талант, көркем сөздің хас шебері болмауы мүмкін емес еді.

Зейнолла Қабдолов

Өткен сабақтардан білгеніміз

  • 1904 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

  • Қазақтың әйгілі жырауы, күйші, батыры

  • Әкесі Өтеміс шешен адам болған.

  • Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы.

  • Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы- Исатай Тайманұлы.

  • Толғауларында ерлікті, адамгершілікті, адалдықты жырларды.

  • Махамбет Жәңгір ханның тұсында өмір сүрген

  • Махамбеттің шығармасындағы жағымсыз кейіпкер- Баймағамбет сұлтан

  • Махамбет зілді сөздерін Баймағамбет сұлтанға арнаған


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын,эпиграфын және өткен сабақтарға шолу жасап болған соң, оқушыларды тізім бойынша топқа бөлемін.

( 4 топқа бөлінеді)


Жаңа сабақ

Махамбет Өтемісұлының «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінің халық аузынан жинақталып, әр жылы (1925, 1962, 1974, 1979 1985) түрлі басылымдарда жариялануына байланысты кей тараулар қосылып, кей тараулар алынып тасталған. 1989 жылы жарық көрген басылымда өлең ХІV тараудан тұрады. Соңғы екі тарауда «Мен, мен едім, мен едім» өлеңі ұсынылған. Әрбір тарауда автор күрескерлік мақсатын, хан-сұлтандар мінін, елді сатқан басқарушылар опасыздығын жазып отырған.

Өлеңде қайталау, күшейту сияқты композициялық амалдар қолданылған.

Өлеңнің 2-тарауында «Бір енеден» тіркесі мен «едік» көмекші етістігінің қайталануы Махамбеттің жақтастары көп болғандығын, олар бірлесе шапқанда, «қайысқан қолға», яғни кез келген жауға қарсы тұрар күшке айналатындығын көрсету мақсатында жазылған:

Біз бір енеден бір едік,

Бір енеден екі едік,

Екеуіміз жүргенде,

Бір-бірімізге ес едік.

Бір енеден үш едік,

Үшеуіміз жүргенде,

Толып жатқан күш едік.

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінің 6-тарауында автор «-ай» демеулік шылауын 5, 11, 15-тармақтарда қайталап қолданады:

...Былғанған басым ласқа-ай.

...Өз еркіммен бетіңді-ай.

...Мынау Махамбет сынды «жетімді-ай»?! – бұл арқылы ақынның Исатаймен бірге еркіндік үшін күрескен кезеңін аңсайтынын, енді Баймағамбет сұлтанның алдына еріксіз келіп тұрған жағдайына наразылығын, өкінішін аңғаруға болады.

Өлеңнің 8-тарауында автор «-ау» демеулік шылауын «еді» көмекші етістігімен қатарынан 1, 3, 7-тармақтарда қолданады:

Еділ мен Жайық жер еді-ау,

...Жағасы қорған жай еді-ау.

...Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау?!

Бұл қайталаудың қолданылу мақсаты 6-тараудағы демеулікпен үндес келеді: автор қазақтың ешкімге тәуелді болмай, азаттықта кешкен бұрынғы заманын сағынады, сұлтан алдында келуге міндетті болған өз жайына разы еместігін көрсетеді. Сондай-ақ осы тарауда ақын «...емей немене» тіркесі мен «жоқ» сөзін қайталайды:

Қаңғырған емей немене,

Қара таста сенім жоқ.

Қаттылық емей немене

Ханның бетін көру жоқ.

Кәрің қатты, хан ие,

Қанша қаттылық етсең де,

Ажалдан бұрын өлім жоқ.

Автордың хан ісіне ескерте айтқан сөзін, дүниенің тұрақсыздығын, қазақтардың жерден айрылып, қайғы кешкен халін суреттейді.

9-тараудағы:

Бөліне көшкен елдерді

Бөріккен қойдай қылармын.

Жарыла көшкен елдерді,

Жаралы қойдай қылармын, – үзіндісінде «көшкен елдер» мен «қойдай қылармын» тіркестерінің қайталануын аңғаруға болады. Автор ел ішіне іріткі салып, опасыздық жасаған жауларына көрсетер күшін аңғартады. Ел бірлігін сақтау сол аласапыран заманның, Исатай мен Махамбеттің басты мақсаты еді, себебі біріккен ел ғана жауына мықтап төтеп бере алады, сондықтан ақын қарсыласқан жауын «қой» сияқты момын жануардай бағынышты ететіндігін көрсетеді. Осы шумақтан «бөліне», «бөріккен» және «жарыла», «жаралы» тіркестерінен күшейту композициялық амалын аңғаруға болады. Автор алғашқы тіркестен кейінгі тіркесті дамытып көрсету арқылы өзінің күші мен сесін аңғартады, жауына аяуcыз болатындығын ескертеді.

Күшейту – шығармада жай қайталап қою жеткіліксіз болғанда, бірыңғай детальдардың немесе образдардың әсерін күшейту мақсатында қолдану.

10, 12-тарауларда автор «Ай, тақсыр-ау, ай, тақсыр!» тармағын қайталау арқылы сөзін арнап отырған кейіпкерге мән-жайды ескерте сөйлейтінін байқауға болады. Баймағамбет сұлтанның теріс іс-әрекеттерін сынап, түзу жолға түсуін ескертеді.

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңіндегі қайталау мен күшейту сияқты композициялық амалдар автор ойына оқырман назарын аудартып, жеткізгісі келген ойын әсірелей түседі.


1-тапсырма.Топтық тапсырма


Ізденіс шеберлігі. Ой талқысы.


1-топтың тапсырмасы

Махамбеттің балалық, жастық шағы

М.Өтемісұлы (1804-1846) ж

Махамбет қашан, қай жерде дүние салды?

Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Өзінің алыс тумасы, әрі дос сымағы Төлейдің Ықыласы 20 жігітті ертіп апарып, солардың қолынан Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Қарай деген жерде дүние салады. Махамбет зираты сол Қараойда.


2-топтың тапсырмасы

Көтеріліске шығу себептері

Шаруалар көтерілісінің шығу себептері мыналар: Отаршыл патша өкіметі кедейлердің жерін күшпен тартып алып, сұлтан – билерге таратып берді. Оның үстіне шаруаларға алым – салықты да көбейтті. Ел еркінен айрылып, күйзелген үстіне күйзеле берді. Халық ереуіл атқа ер салды. Ол көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарды. Махамбет поэзиясы ереуілге шыққан халықтың құдіретті үні болды. Исатай мен Махамбеттің ойлағаны өздерінің қара басының қамы емес, «қара қазан, сары бала қамы» үшін қылыш сермеді. Олар ел үшін «әділ жаннан түңіліп», қанды жорыққа аттанды.


3-топтың тапсырмасы

Шығармалары, күйлері

Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды жырлары негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерінің бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның көп өлендерінің басты қаһарманы болды. «Тайманның ұлы-Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. «Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе», т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 жж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жж. арасында 8 рет жеке кітап болып шығып, оқулықтар мен жинақтарға енді.

Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев Махамбет күйлері жайында: Махамбет күйінің бір бояудан тұрмайтынын қапысыз тани алатын шығармалардың санатына “Жұмыр қылыш” пен “Қайран Нарынды” жатқызуға болады», - дей келіп, “Махамбеттің аты өлуші ме еді, сөзі өлуші ме еді, тегі өлуші ме еді. Ендеше, осындай сұңғыла азаматтың сезімінен сергек дірілінің өз үні, өз тынысымен жеткізгісі келген жүрекжарды сырларының құймасы – күйлері неге ұмытылсын!”, - деп түйіндейді.

Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым.


4-топтың тапсырмасы

Баймағамбет сұлтанға айтқан өлеңінің композициясы:

1) Тарихта Баймағамбет қандай адам болған?

2) Махамбеттің оған қарсы жазған неше өлеңі бар? /106 өлеңі бар/.

3) Ақын Баймағамбет адамдарынан қалай қаза табады? /1000 сом беріп, арнайы адам жіберіп, өлтіртеді/.

4) Қандай көркемдегіш құралдар бар? /Асаумын, болатпын/.

Өлеңнен Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан ақынның бітіспес өшпенділігін білдіретін батыл пікірлерін тауып оқиды.

Байеке, сұлтан ақсертек,

Қыларың болса қылып қал.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!