Материалдар / Ашық сабақ Мамандықтар әлемі балабақша ересек топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Мамандықтар әлемі балабақша ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша ересек топ қазақ тілінен сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
1493
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Қазақ тілі

Өтпелі тақырып: «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл»

Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі»

Мақсаттары:

Тәрбиелік:еңбекке құштарлықтарын оятып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.

Оқыту:Мамандық түрлері туралытүсініктерін кеңейту. Мамандық иелері және олардың құралдарымын таныстыру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, Воскобович технологиясы, АКТ.

Ресурстармен қамтамасыз ету: интерективтік тақта,үйлестірме материалдар, дидактикалық ойын, игровизор, мнемокесте, слайд, дайын ашытылған қамыр, тақтайша, пышақ, майлық.

Көптілділік:мамандық-профессия-profession, дәрігер-врач- doktor


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

- Балалар бізге қонақтар келді қане амандасайықшы!

- Сәлеметсіздер ме!

- Здравствуйте!

- Good morning!

Үнтаспадан иттің дауысы шығады. (Топқа қорап кіргізу.)

- Балалар, бізге не жіберді екен? Қане ашып қарайықшы?

- Балалар, мында хат бар, - оқимын

«Құрметті балалар! Біздің іздестіру бюросына заттар алып келді. Оларды біреулер автобуста қалдырып кетіпті. Осы заттардың кімдікі екенін бізге табуға көмектесіңіздерші» Іздестіру бюросы.

- Қане, балалар көмектесеміз бе?


2. Негізгі бөлім

- Ол қандай заттар екен көрейікші?

(Фонендоскоп және Шприц алып шығу)

- Қалайойлайсыңдар осы заттарды кім ұмытуы мүмкін?(дәрігер)

- Ал келесі зат не екен?(тарақ, қайшы)

- Кім жоғалты екен? (шаштараз)

- Міне қызық мында осындай да заттар бар екен? Ол не қараңдаршы?

(Ине, жіп)

- Ине мен жіпті кім жоғалты деп ойлайсыңдар?( тігінші)

- Ал мынау не балалар?(таразы)

- Таразының иесі кім? (дүкенші)

- Осының барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады? (Мамандықтар)

- Балалар, қалай қарайсыңдар. Біз осы заттарды иелеріне апарып берсек қайтеді? Олай болса қане барайық? Ой балалар біз жолды білмейміз ғой? Қараңдар! Мында карта бар екен. Осы картаға қарап біз сендермен аялдамаларға барамыз.


1 аялдама: «Тігінші»

Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару.

Презентация «Большевичка»

- Біздің Қостанай қаласында тігін фабрикасы бар. Онда тігіншілер жұмыс істейді. Олар мектеп,дәрігер, өрт сөндіруші және киімдерін тігеді.

- Енді біз бәріміз тігіншілер болайық?

- Балалар мында не көріп тұрмыз? (маталар)

- Мынау қандай мата? (жібек)

- Ол қандай болады? (қатты, жұмсақ, сырғанақ)

- Түсі қандай? (балалар білетін түстерді атайды)

- Мата кімге керек? (тігіншіге)

- Тігіншіге мата не үшін керек? (киім тігу үшін)

- Осы аялдамада қандай заттарды қалдырамыз? (ине және жіп)

- Жарайсыңдар балалар?


2 аялдама: «Емхана»Игровизормен жұмыс

- Балалар сендер не көріп тұрсыңдар? емхана

- Емханада кім жұмыс істейді? дәрігер

- Ал қазір дәрігерге қандай құралдар керек екенін табайық?

Дид. ойын: «Дәрігерге не керек?»

Мақсаты: берілген құралдардан мамандық иесіне тек ғана керек құралын табу.

- Балалар қане бір сергіп алайық, сендермен бір ойын ойнайық!

Ойын: «Дұрыс, дұрыс емес?»

1. Дәрігер балаларды оқытады.

2. Тігінші киім тігеді.

3. Шаштараз тамақ пісіреді.

3. Құрылысшы адамдарды емдейді.

4. Аспазшы үй салады.

5. Жүргізуші машина жүргізеді.

6. Өрт сөндіруші өрт сөндіреді.


3 аялдама: «Шаштараз»

- Шаштаразда кім жұмыс істейді? (шаштараз)

- Ол не істейді?

- Қараңдар балалар мында сурет бар екен?

Мнемокестеменжұмыс.

«Әли шаштаразға қалай барды" әңгімесін сурет бойынша құрастырып айту.

- Суретте не көріп тұрсыңдар?

- Шаштаразға кім келді? Не үшін?

- Шаштаразшы не істейді?

- Қандай құралдарды қолданады?

- Шаштаразшы бізге керек пе?

- Сонымен балалар шаштаразға не қалдырамыз? (тарақ және қайшы)

- Жарайсыңдар балалар!


4 аялдама: «Дүкен»

- Балалар дүкенде кім жұмыс істейді?

- Ой дүкенде ештене жоқ екен?

- Біз дүкеншіге көмектесейік?

- Олай болса дүкеншіге дәмді тоқаштар жасайық. Сонда дүкені толып тұрады.

- Қане жасайық па балалар? Олай болса орындарына отырыңдар.

Тоқаштардың жасалу әдіс-тәсілдерін түсіндіру. Балалар өз бетімен жұмыс жасайды. Балалардың жұмыстарын бағалау.


3. Қорытынды:

Ойын: «Егер мен...» тақырыбына ой қозғау.

Мақсаты: балалар болашақта кім болатынын әңгімелей отырып, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады.

Балаларды мадақтау.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!