Материалдар / Ашық сабақ "Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып оқушыларына арналған.Ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтылған.Сонымен қатар автор туралы оқулықтан тыс дереккөздерді пайдалану арқылы талдап түсіндіріледі.Әдебиет теориясы бойынша да мәлімет берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
1698
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сынып:10 , қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

1) БілімділікМәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмір жолы туралы түсінік бере отырып,шығармашылығын меңгерту,ақындық жолдағы жаңалығын және өлеңдерінің қоғаммен байланыстылығын ұғындыру;

2)Дамытушылық: Әр алуан тапсырмаларды жасату арқылыоқушылардың   танымдық қызығушылығын,шығармашылық қабілетін, өзіндік ізденісін дамытуқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3) ТәрбиелікЖас ұрпақ бойына ұлттық құндылықты сіңіру,көркем сөздің табиғатын,сөз өрнегінің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу .

Сабақтың түрі:Аралас

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісіСұрақ–жауап, лекция,баяндау,іздену,талдау,АКТ.

Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, үлестірмелі қағаздар, баламалы тест,»Әріптер сөйлейді».

Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, әдебиет теориясы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу,түгендеуқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен сабақта жазба жұмыс болуына байланысты  Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы зымыран сұрақтар арқылы сұраймын.1-слайд бойынша үй тапсырмасы жүзеге асырылады.

Shape1

Жаңа сабақ

2). 2-слайдта көрсетілген сызба арқылы жаңа сабақты бастаймын.

Бүгінгі жаңа сабағымыз Ш.Құдайбердіұлымен тағдырлас әрі замандас,сонымен қатар бір жылда туып, бір жылда дүниеден өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына арналады.

Shape2

3).Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы туралы бейнесюжет көрсету.(6 минут)

4).3 және 4-слайдтарды пайдалану арқылы ақын шығармашылығы туралы қосымша түсінік беремін.

Shape3 Shape4

5).»Даналар ізімен» бейнесюжетін пайдалану арқылы ақын өмірі мен шығармашылығының бұрын белгісіз қырларын танытамын.( 10 минут)

6лестірмелі парақтар арқылы оқушыларға тапсырма беремін. Берілген тапсырмалар ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігін табулылар шығармаларымен үндестігі туралы,тақырыбыдеби-теориялық талдау жасау жөнінде болады.

1

Сарыарқа сайран

Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?

Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз

Басыңа келген жоқ па талай қорлық?

Өлең шумағы қай ақынмен үндес?Ойыңды дәлелде.

2

Өтірік өрттей лаулап жанып жатыр,

Ессіз жұрт көбелектей барып жатыр.

Бірін-торғай,бірін-бөдене қып

Өзі мен өзін жаулап алып жатыр.

Өлең шумағындағы көркемдегіш тәсілдерге анықтама бер.

3

Жасымда қойылған ат Адам Жүсіп,

Жұрт еткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп.

Қолыма қағаз,қалам алған шақта,

Кетемін қара сөзге желдей есіп.

Өлең шумағындағы көркемдегіш тәсілдерге сипаттама бер.

4

Өзінің малын күтіп баға алмайды,

Бір тиын қолдан келсе таба алмайды.

Бір саңылау оймен іздеп табары жоқ,

Біреудің айтқан тілін тағы алмайды.

Үзіндідегі ақынның айтар ойын қалай түсінесің?

5

Қиындық мұндай патша көрмеген-ді,

Қылышын,қысылған соң сермеген-ді.

Ажалды өліп қалды қылыш тиіп,

Ажалсыз патша мұңлық өлмеген-ді.

Өлең шумағына әдеби-теориялық талдау жаса.

6

Гүлшат сынды қара көз,

Қалам қасты,нұрлы жүз.

Ақ бетіне пар келмес

Сарт тоқыған аппақ бөз.

Ұзын бойлы ,қыпша бел,

Түзу,таза бір мін жоқ,

Шыны айнаның көзіндей...

Өлең шумағындағы әдеби-теориялық ұғымдарға түсінік бер.

7

Бұлттай жауатұғын менің өзім,

Көкірегім-қан,жаспен толған көзім.

Жаңбырдың рақмет тамшысындай,

Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім.

Өлең шумағындағы көркемдегіш құралдарды тап.

8



Өлең атауы

«Шайтанның саудасы»

Әдебиет тегі


Жанр түрі


Бунақ,буын


Ұйқас


Көтерілген мәселесі


Идеясы



 

Өлеңнің тәрбиелік мәні




Сөз қылып жаза бердім жоқтан-бардан,

Далаға от жақтырдым,қалап қардан.

Бір нақыл,жұртқа таңсық,жәдігер сөз,

Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан.





9 







Өлең атауы






«Ғибратнама»

Әдебиет тегі


Жанр түрі


Бунақ,буын


Ұйқас


Көтерілген мәселесі


Идеясы




Өлеңнің тәрбиелік мәні




Болдым ғой өнерімді тауысқандай,

Мерт болдым айға шауып арыстандай.

Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,

Шықылдап көзге түстім сауысқандай.

Сабақты бекіту.

Баламалы тест .5-слайд.

«Иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы орындалады.Оқушылар «иә» деген жауапқа көк, ал «жоқ « деген жауапқа сары парақты көтереді.

1.Мәшһүр Жүсіп Павлодар облысында дүниеге келді ме?

2.Ол Ахмет Риза медресесінде білім алды ма?

3.Дастандарын шығыс қисса-дастандар үлгісінде жазды ма?

4.Жинақтарын Қазан қаласында бастырды ма?

5.Қазақ ауыз әдебиетін қағазға түсірді ме?

6.Мәшһүр Жүсіп жазба ақын ба?

 2.»Әріптер сөйлейді»

Ш- шыншыл ақын А-ағартушы

Ә- әйгілі ойшыл Д-дала данасы

К- кемеңгер А-айтыс ақыны

Ә- әділдікті жырлаушы М-мәшһүр ақын

Р- реалист ақын Ж-жыраулар мұрасын зерттеуші

І- ілім таратушы Ү-үлгілі өсиет өлеңдер жазған ақын

М- мақтауға лайық жан С-саяхатшы

І-ілімге толы жырлар жазушы

П-парасат пен ізгілік жаршысы

Үйге тапсырма: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығын оқу.

Бағалау.Бағалау парақтары бойынша жүзеге асырылады.Оқушылар сабақ басында өздеріне таратылып берілген бағалау парақтары бойынша өз-өздерін бағалайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!